1. Орта Азияның ортағасырлық қалалары және қала мәдениеті. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мәдениет


Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мәдениет 3 кезеңге бөлінеді



бет2/5
Дата30.12.2021
өлшемі0,57 Mb.
#106776
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәдениеттану 4. 1.1
11 соч 2, Во время этого упражнения команда стоит в кругу на равном расстоянии друг от друга, English essay, Презентация (4), мәдениет10, ans-engl-9-11-pism-mun-irk-20-21
2. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мәдениет 3 кезеңге бөлінеді:

1. Моңғол шапқыншылығына дейінгі

2. Моңғол империясы кезеңіндегі.

3. Моңғол кезеңінен кейінгі мәдениет.



Орта ғасырдың басында құдіреті түркі қағанаты құрылуы шамамен 603-жылы Шығыс пен Батыс бөліктерге бөлінуі. VII-VIII ғасырда Екінші Ұлы Түркі қағанаты өмір сүрді. Түркі қағанаты 1-ден өзара ішінара,2-ден қытайлармен, 3-ден арабтармен соғыс жүргізді. Арабтар – Ислам дінін қазақтар аумағына VIII ғасырда бастап тарата бастауы.Қазақстан аумағы бойынша Жібек Жолы Қазақстан даласы мен Қара теңізге, одан гректкер мен этрустерге шетнен(б.з.д IIғасырдың орта – XIVғасыр ортасы).VI-VIIIғасырда сауда керуендері Жетісу,Оңтүстік Қазақстан аумағынан өткен. Осы қозғалысты Түркі қағанаты қадағалап отырған. Қазіргі Қаскелең, Ұзынағаш, Талғар, Шелек, Есік, Жаркент елді мекендерде шағын орта ғасыр қалалары болған. Ең ірі қалалар: Суяб, Тараз, (568м шамамен) Испиджаб, Шаш (Ташкент) Шелъдші, Сус, Куль, Телабиет, Атлах, Адахниет, Яиги және т.б. Испиджаб (Ақ өзеніндегі қала) ең ірі қала орталығы Тараз қаласы “көпестер қаласы”деп аталды. VIII ғасырдың 30-жылдары алғаш рет Отырар (Фараб) қаласының аты берілді. Сауда мен қатар рухани мәдениеттің қайнар көзі болды. Орта ғасырдағы Қазақстан жерінде халық ауыз әдебиеті жақсы дамып, жазу өнеріде болған. Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. "Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі - Түркістан шекарасындағы Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар". Сондай-ақ Талас алқабында ірі қалалардың бірі Тараз қаласы да пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан II-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды «Саудагерлер қаласы» деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды. ХІ-ғ бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы – Тараз және Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі тауар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70-жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен. Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары және Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады. VII-XIII ғасырларда қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болды. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.),  Айша–бибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Орта ғасырда Қазақстан аумағында отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет дамыды. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай  қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлықтай көздің жауын алды. Мәселен Тараз қазбалары кезінде арыстан бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды. VІ-ХІІ-ғасырларда оңтүстік және оңтүстік шығыста Қазақстанның қалалық мәдениеті - жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала орындарымен толықтырылды. VI-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты, ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында VIII-V-ғасырларда Газгирд болған. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қаласы болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты VIII-IX-ғасырлардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде аттас орталығы болған. Шауғар қаласы (соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған. Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. VIII-ғасырдың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы Жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Көптеген қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бау-бақша, өсірген. IX-X-ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өзені бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды. IX-X-ғас.1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Қазақстанның оңтүстігіндегі қала құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын бөліктерден тұрды. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлары орналасты. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы үш километрден ондаған километрге дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас аңғарында олар бір-бірінен 15 – 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын – он үш қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15–35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік жақтағы ішкі тізбекті құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар – Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңтүстік-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа; Таластағы Ақтөбе қаласының жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус – Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол – Соқылық, Харранжуван – Беловодск бекінісі, Жақ-Сары, Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан – Луговое, “Түрік қағанының ауылы” – Шөміш, Кірмірау – Покровское қалалары. Шу-Талас өңірлерінде орналасқан шамамен 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Мұндағы негізгі қалалар Жікіл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қаласы жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарған. Ол X-XI ғасырларда хан ордасы ретінде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегі қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетеді. Солтүстік-шығыс Жетісуда IX-XIII ғасырдың басында қалалар саны артқан. Егер IX-X ғасырларда мұнда он ғана қала болса, XI-XIII ғасырлардың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. Х-ХІІ ғғ. Оңтүстік Қазақстан қалаларында монша пайда болған. Бұдан ертерек, моншаларды Орталық Азияда сала бастаған. Үлкен қалаларда он шақты монша болған. Қаланың қоғамдық құрылыстары ішінде монша өзіндік бір ерекше орын алған. Отырар рабадында ХІ-ХІІ ғғ. жататын екі монша табылған. Қала санының өсуі, олардың аумақтық кеңеюі, әрі қарай дамуға зор әсерін тигізді. ХІ-ХІІ ғғ. шағын кәсіптік орындар пайда болды. Қалалар сауда-саттық байланысы мен стратегиялық жағынан да қолайлы орында орналасты. Қалалардың дамуы мен қала мәдениетіне Ұлы Жібек жолы арқылы өтетін тасымал сауда қатынасы маңызды рөл атқарды. Сауда айналымы қала өмірінің дамуына ерекше әсер етті. Қалада негізгі үш бағыт болған: басқа елдермен, ауылдық жерлермен (қала және оның округі), қала және көшпенді жерлердегі тұрғындармен сауда айналымы. Бұл уақытқа дейін соғды және түріктердің дамуында ерекше орын алған халықаралық керуендік сауда-саттық белгілі болған. Ұлы Жібек жолы Жетісу арқылы Оңтүстік Қазақстаннан өткен. Оның жүріп өтетін жолында Суяб, Тараз, Испиджаб қалалары орналасқан. Испиджабтан Солтүстік Батысқа қарай – Фараб, Шавғар және әрі қарай Сырдарияның төменгі саласына дейін жеткен. Қытайдан жібек, лактық бұйымдар, қағаздар, айналар әкелінді. Қытайға Батыс елдерінен қас бояйтын бояулар, вавилондық кілемдер, бағалы асыл тастар мен меруерт тастар, әйнек пен маталар келіп жатты. Көшпенділермен тауар айырбасы Испиджаб, Отырар, Дех-Нуджикес сияқты үлкен және қала сыртындағы қалалардағы жәрмеңкелер де іске асты. Жетісудың Оңтүстік-Батыс ауданы маңызды тауар айналымының орталығы болып «көпестер қаласы» аталатын Тараз, «басқа елден келген саудагерлер мен көпестер аралас тұратын» Суяб (чуйская долина) қалалары ерекше қызмет атқарды. ІХ-ХІІ ғғ. Ұлы Жібек Жолы Батыс пен Шығысты байланыстыратын маңызды орынды иеленді. Ерекше үлкен тауар айналымының орталығы Оңтүстік Қазақстандағы Испиджаб, Кедер, Отырар және Янкигент; оңтүстік-батыста Тараз бен Баласағұн; Жетісудың Солтүстік-шығыс аймағында Талғар және Қаялық қалалары болып табылады. «Жібек Жолы» сауда керуені- Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты болып табылады. Атауды алманиялық ғалымдар Ф. фон Рихтһофен, А. Херман ХІХ-ғасырда ұсынған. Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның, Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады және жалпы ұзындығы 7000 км асады. VII ғасырдан кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ ХІІІ-ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. Ал ХІХ-ғасырдың басында, Иcпания елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп, Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады: «Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады».Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шин-жяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдалы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X-ғас. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды.



Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомали, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Банглдеш, Java-Индонезия және Вьетнам елдері арқылы, ақыры Қытайға келіп жетеді. Жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет