1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері 1


Көрнекі анализатор. Көздің сынғыш құрылымдары. Торлы қабық



Pdf көрінісі
бет64/128
Дата14.04.2022
өлшемі1,44 Mb.
#139186
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128
Байланысты:
2 5375107474514778464
1.1 матрицалар, мадениет, Аудит түсінігі, Словарь этнол.терм.
17.Көрнекі анализатор. Көздің сынғыш құрылымдары. Торлы қабық 
фоторецепторлары.
Көру анализаторына
- перифериялық бөлік (көз алмасы), өткізгіш бөлім (көру 
нервтері, қыртыс асты көру орталықтары) және анализатордың қыртыстық бөлігі 
кіреді.
Көру мүшесі
- көз рецепторлық аппаратты (торлы қабықты) және жарық сәулелерін 
шоғырландыратын және торлы қабықтағы заттардың кішірейтілген және кері түрінде 
айқын бейнесін қамтамасыз ететін оптикалық жүйені қамтиды. 
Көздің жарық сындырғыш аппараттары. 
Диоптрикалық немесе жарықты 
сындырғыш, көздің бұл аппараттарына: 
қасаң қабық, көз бұршағы, шыны тәріздес 
дене, көздің алдыңғы және артқы камераларындағы сұйық
жатады.
 

Қасаң қабық 
көздің жарықты өткізіп, сындыратын қорғаныш қызмет атқаратын, 
фиброзды қабықтың 1/16 бөлігін құрайтын, өте жоғары оптикалық гомогенді 
қасиетке ие қабық.Қалыңдығы ортасында 0,8-0,9 мкм, ал шеткі бөлігінде 1,1 
мкм.Жарықты сындырғыш көрсеткіші 1,37, сындырғыш күші 40 
дптр.Микроскопиялық құрылысында бес қабатын ажыратуға болады.Оларға: 
алдыңғы көп қабатты жалпақ эпителиі, алдыңғы шектеушілік мембранасы 
немесе Бауменов қабығы, қасаң қабықтың меншікті заты, артқы шектеушілік 
мембранасы мен (десцемет қабығы) артқы эпителиі жатады.Ең негізгі және 
қалың - қасаң қабықтың меншікті заты, құрамында көптеген коллаген 
талшықтары мен өсінділі фибробласттар бар. Талшықтар мен фибробласттар 
аморфты затта орналасқан, гликозамингликандарға да бай. 


30 
Гликозамингликандар (кератинсульфат) қасаң қабықты мөлдір түске ие етеді, 
егер түсі өзгеріп кетсе «бельмо» ауруы байқалады (көзді ақ басады). 

Көз бұршағы
, екі бүйірі дөңес, мөлдір дене, пішіні құбылмалы.К өз 
аккомациялық кезеңінде алысты жақындатып немесе керісінше, көптеген 
жағдайларда пішіні өзгереді.Көз бұршағының радиусы 6-10 мм-дей, сыртқы 
қалыңдығы 11-18мкм, сырты мөлдір капсуламен қоршалған. Капсула астында 
(алдыңғы бөлігінде) бір қабатты көз бұршағының эпителиі орын алады. Көз 
бұршағының құрамында мөлдір (түссіз) белок—кристаллин болады. Көз 
бұршағының гистофизиологиясын білу клиникада өте маңызды. Себебі, жасанды 
көз бұршағын жасап, ауырған көзге жалғау кездері медицинада кеңінен 
қолданылады (катаракта). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет