1. Оқу пәнінің паспорты Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы



бет12/29
Дата05.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#180259
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
Каз экон геог кыскаша лекция

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
10 Тақырып Көлік жүйесі: құрылымы, негізгі көрсеткіштері, даму динамикасы
Жоспар:
1 Көлік - экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі
2 Құрлық көлігі
3 Су көліктері
4 Әуе көлігі
5 Көлікті аумақтық ұйымдастыру
6 Байланыс
Көлік- экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол ендіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет керсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.
Көлік 4 қурамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік құралдары (автомобильдер, кемелер, ұшактар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуе, теңіз), ірйымдар (авиациялық теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-тусіру пункттері (теңіз және «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардың әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, әуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты жеке салаларға немесе көлік турлеріне бөлінеді.
Қазақстанның ірі көлік кешені бар. Қатынас жолдары жеткіліксіз. Олардың сапасы да жоғарғы дәрежеде емес (әсіресе, автомобиль жолдары). Бұнымен қозғалыс жылдамдығының темен болуы, яғни көлік «артерияларының» өткізу қабілетіне де байланысты. Ескірген келік құралдары әлі қолданылады. Осыған байланысты жылдам дамып келе жатқан экономика мен оған «үлгіре алмай» келе жатқан көлік кешенінің арасында диспропорция (сәйкессіздік) пайда болды.
Оның жұмысын жақсарту үшін, жасалған қатынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк кетергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру қажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ықпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын қысқартып, тауар жеткізуді жылдамдатады.
Келікте өзіндік еңбек бөлінісі қалыптасқан. Мысалы, авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жұмыс істейді. Кешеннің әр саласының еңбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет