1. Оқу пәнінің паспорты Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы


Жоспар: Өндірістік емес сала географиясы Бейөндірістік сала географиясы Өндірістік емес сала



бет15/29
Дата05.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#180259
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
Каз экон геог кыскаша лекция

Жоспар:

  1. Өндірістік емес сала географиясы

  2. Бейөндірістік сала географиясы

Өндірістік емес сала, бейөндірістік сала – материалдық игіліктерді тікелей өндірмейтін салалар кешені; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушы көлігі, байланыс (өндірістік емес ұйымдар мен халыққа қызмет көрсету жөніндегі), денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, көркемөнер, ғылым мен ғылымдық қызмет ету, басқару және т.б, қарекет түрлері.
Көбінесе ол адамның бейматериалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты салалар. Оларға өндірілу үдерісі уақыт жағынан тұтынылуымен сәйкес келетін қызметтер көрсету (кино, театр, монша, саябақ, аттракцион, шаштараз, т.б.), әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсету (әлеуметтік қызметтер), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, халық пен бейөндірістік салаға арналған көлік пен байланыс, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, ағарту, мәдениет, өнер, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, баспасөз, басқару саласы, қоғамдық ұйымдар, т.б. жатады.
Бейөндірістік саланың жұмыспен қамтылу аясындағы үлес салмағы елдің дамуы деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Кеңестік дәуірде бейөндірістік салалар тұтыну қорының тек шығыс бөлігінде ғана көрсетілді; бұл салалар табыс әкелмейді деп есептеліп, мемлекеттік жәрдем қаражатқа сүйенді, өйткені олардың көбісі тегін немесе оны төмен бағамен қызмет көрсетті. Қазіргі кезде бұл салалар өндірісінің көлемі елдің жалпы ішкі өнімі мен жалпы ұлттық өнімнің жалпы құнына кіреді
Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
№ 12 Тақырып Экономиканың ғаламдану жағдайындағы сыртқы экономикалық байланыстар географиясы
Жоспар:

  1. Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық

  2. Ресей Федерациясымен ынтымақтастық

  3. Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық

  4. Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық

  5. Мұсылман елдерімен ынтымақтастық

  6. Еуропа Одағымен ынтымақтастық

  7. ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері

  8. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет