1. Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті тәрбие әдісінің


Әлия:(Күн) Сәулесі мол күнмін. Балым



бет14/20
Дата16.05.2020
өлшемі289,5 Kb.
#68974
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
doc1544434474 (1)
doc1544434474 (1)
Әлия:(Күн) Сәулесі мол күнмін.

Балым (Түн): Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер,

Теңелеміз бүгін.



Балым Түн: Ал ертең күн ұзақ.

Әлия Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап.

Қызыр баба: Балапандарым, ата салтын ұмытпай ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал маған айтатындарың бар ма? Күтіп отырған жалпақ ел бар, асығыспын.

2-жүргізуші: Ата, мына жиылған көпшілікке бір тілегіңізді айтып кетсеңіз.

Қызыр баба: Жарайды, онда тілегімді айтып аттанайын.

Жарқыра, жайна, Наурызым,

Қабағы жаудың қиылсын,

Береке, байлық, дәм-тұзың

Халқыма мәңгі бұйырсын.

1-жүргізуші: Ата, «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген халқымыз, ауыл тұрғындарына ақ батаңызды берсеңіз.
Қызыр баба: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ала бие құлындап

Алатауға сыймасын!

Қара бие құлындап,

Қаратауға сыймасын!

Айың тусын оңыңнан,

Күнің тусын солыңнан.

Мал қосылсын малыңа,

Бас қосылсын басыңа,

Кетпесін дәулет қасыңнан!

Әумин!

Сау болыңыздар! Келесі кездескенше!



2-жүргізуші: Мың бұралып билейді қыздарымыз,

Қолдары майысқанда таңғалмаңыз.

Қазақтың «Қазақ биін» билейтұғын

«Балдырған» би тобын қарсы алыңыз!



1-жүргізуші: Наурыз айының 22-сі күні тауық жылы кіреді.

2-жүргізуші: Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, ол туралы деректер VІІІ ғасырдағы Орхон ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұд Қашқаридың еңбектерінде кездеседі.

1-жүргізуші: Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесінде бірінен соң бірі келеді: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

2-жүргізуші: Жыл басы қазақтарда тышқаннан және Наурыз айының 22-сінен басталып, ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жасты құрайды. Алайда адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Кейінгілерге 12 жылды қосып отырады.

1-жүргізуші: Ендеше ортаға мүшел жас иелерін шақырайық.

Арыстан : 13 жас – жақсы мен жаманды, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең.

Бейбарыс: Ал 25 нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез.

Адия: 37 жас – өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып қырыққа жақындаған кез.

Б.Мансур:49 жас – бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті әлі мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген жас.

Жандос: 61 жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кезең.

Алибек: 73 жас. Бұл мүшелде кәрілікті мойындап бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып жүріп тұру қиындайды.

Аяжан:Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста дам жүріп тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі.

2-жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет