1. Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті тәрбие әдісінің


Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті тәрбие әдісінің



бет5/20
Дата16.05.2020
өлшемі289,5 Kb.
#68974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
doc1544434474 (1)
doc1544434474 (1)
1. Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті тәрбие әдісінің теориялық негіздері

1.1 Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті тәрбие әдісінің бір түрі
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек теу, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеру, оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу деген сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастардың жетіспеушілігін азайтады. Диалектикалық қарама –қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылықтар пайда болады, олай дамытудың қозғалушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық. Бүгінгі таңдағы өркениетті елу қатарына қосылуды мұрат тұтқвн тәуелсіз Қазақсан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігіне оқу-білімдену жүйесіне жаңа да курделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығы қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мектепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы кезеңнен қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет