1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы



бет1/25
Дата26.12.2022
өлшемі66,42 Kb.
#164491
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Педпсих сессия (копия)
соөж1, 1 травм, Қала құрылысының мониторингі, История моей специальности

1. Педагогикалық психологияның пәні мен құрылымы.
Педагогикалық психология білімді, икемділікпен дағдыларды меңгеру заңдылықтарын зерттейді. Осы процестегі жеке айырмашылықтарды зерттейді. Оқушылардың өз бетінше шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді.
Педагогикалық психологияның құрылымы:
1. Оқыту психологиясы
2. Тәрбие беру психологиясы
3. Мұғалім психологиясы


2. Педагогикалық психология пәні, оның басқа ғылымдар арасындағы орны
Педагогикалық психология әр түрлі себептерге байланысты көптеген басқа ғылымдармен байланысты. Біріншіден, ол ғылыми білім ұшбұрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады. Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының себебі, білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып табылатынында және осындай мәдениетте бүкіл өркениеттік білімдердің таңбалық, тілдік формада шоғырландырылғанына байланысты. Үшіншіден, оның зерттеу пәні өзі танып білуші және танып білуге үйретілуші, басқа да көптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін -адам болып табылады. Педагогикалық психология, мысалға педагогика, физиология, философия, лингвистика, әлеуметтану және т.б. ғылымдармен үздіксіз байланыста екені анық. Соның өзінде, педагогикалық психология – жалпы психологиялық білімнің саласы деген тұжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни психикалық даму, оның қозғаушы күштері, адамның даралық және жыныстық-жас ерекшеліктері, оның тұлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде қалыптасатынын білдіреді. Сондықтан педагогикалық психология психологиялық білімдердің (әлеуметтік, дифференциалды психологиямен және т.б.) басқа салаларымен, ең алдымен жас ерекшелік психологиямен байланысты.


3. Педагогикалық психологияның ғылым ретінде қалыптасу кезеңдері
.Педагогикалық психологияның даму кезеңдері
Бірінші кезең – XVII ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың аяғына дейін – Песталоццидің айтуы бойынша «педагогиканы психологияландыруды сезіну қажеттілігіне» қарай жалпы дидактикалық деп атауға болады. Бұл кезең ең алдымен, Ян Амос Коменскийдің (1592- 1670), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841), Адольф Дистервег (1790-1866), К.Д. Ушинский (1824-1870), П.Ф. Каптерев (1849-1922) өзінің есімдерімен көрсетілуі мүмкін.
Екінші кезең XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін созылған. Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы жүзжылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизикалық эксперименталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағыттанып, дербес сала болып қалыптаса бастады. Педагогикалық психология эксперименталдық психологияның қарқынды дамуымен бірге дамып, қалыптаса бастады, нақты педагогикалық жүйелер құрып, жете зерттеумен болды, мысалы, М. Монтессори жүйесі. Педагогикалық психологияның осы кезеңінің басы П.Ф. Каптеревтың, Э. Торндайктың, Л.С. Выготскийдің кітаптарының атауларынан байқауға болады, сонымен қатар осы салада алғашқы эксперименталдық жұмыстардың пайда болуымен белгіленеді.
20-ғасырдың ортасы қазіргі күнге дейін дербес ғылым ретінде дамыды. Педагогикалық психологияның дамуының үшінші кезеңін айрықша атап өтуге оқытудың бірқатар психологиялық теорияларының құрылуы негіз бола алады, яғни педагогикалық психологияның теоретикалық негіздерін құру. Мысалы, 1954 жылы Б. Скиннер бағдарламаландырылған оқыту идеясын ұсынды, ал 60-шы жылдары Л.Н. Ланда оны алгоритмдеу теориясын ұсынды. Содан кейін В. Оконь мен М.И. Махмутов проблемалық оқытудың біртұтас жүйесін құрды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет