1. Пән туралы ақпарат


Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі



бет32/33
Дата28.12.2022
өлшемі104,66 Kb.
#164763
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:

- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;
- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.
Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;
- Білім алушының үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.
Білім алушы шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;
- Білім алушының төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
12. Бақылауға арналған тақырыптар мен сұрақтар
Берілген тақырыптар негізінде 500 тест базасы құрастырылған. Емтихан өткізу формасы: компьютерлік тест
1. Қазіргі əлемдегі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру саясаты. Білім беру саясатының қағидалары.
3. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі.
4. Қазіргі заманғы мектептегі инновациялық үрдістің мəні мен құрылымы. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық орта білім моделі.
5. Педагогикалық кəсіптің өзіндік ерекшелігі.
6. Педагогикалық іс-əрекет: оның мəні мен құнды сипаттамасы.
7. Көрнекті ғалымдар, олардың педагогикалық идеялары, теориялары.
8. Педагогтың қазіргі орта білім міндеттерін шешудегі жəне тұлғаны қалыптастырудағы рөлі.
9. Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық бағытылығы.
10. Қарым-қатынас – педагогикалық іс-əрекеттің негізі.
11. Педагогикалық этика жəне мұғалім əдебі – педагогикалық үдеріс субъектілері арасындағы өзара қатынастың негізі.
12.Педагогтың жалпы жəне кəсіби мəдениеті.
13. Мұғалімнің сөзіне қойылатын этикалық талаптар.
14. Педагогтың кəсіби құзыреттілігі жəне оның құрылымы.
15. Үздіксіз білім беру – педагогтың кəсіби қажетілігінің факторы.
16. Білім алу жəне өздігінен білім алудың өзара байланысы, олардың өзара тəуелділігі. Өз бетімен білім алу мəселесі.
17.Педагогтың өз бетімен білім алу іс-əрекетінің мəні.
18.Педагогикалық ғылымдар жүйесі.
19.Педагогика ғылымы жəне педагогикалық практика.
20.Қазіргі педагогиканың ұғымдық-терминологиялық аппараты.
21.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жəне оның құрылымы.
22. Педагогикалық зерттеулердің əдіснамалық негіздері мен əдістері.
23. Тұлғаның дамуына, қалыптасуына жəне əлеуметтенуіне əсер ететін факторлар.
24.Тұлғаның дамуына ортаның əсері.
25.Іс-əрекет – тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторы.
26.Тұлғаның дамуының жастық ерекшеліктері.
27.Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мəні мен құрылымы.
28. Тəрбие үрдісінің мəні.
29. Тəрбие үрдісінің негізгі қарама-қайшылықтары, логикасы.
30. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары.
31. Қазіргі оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мəселесі.
32. Оқушы жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мəселесі.
33. Тəрбиенің əдістері, тəсілдері мен құралдары ұғымдарының арақатынасы.
34.Тұлғаның санасын қалыптастыру əдістері.
35. Жағымды тəжірибе мен мінез-құлық мəдениетін қалыптастыру əдістері.
36. Мінез-құлық пен іс-əрекетті ынталандыру əдістері.
37.Бақылау мен өзіндік бақылаудың əдістері.
38.Өзін-өзі тəрбиелеу əдістері.
39.Білім алушылардың тəрбиелік деңгейін анықтау өлшемдері.
40.Отбасы – бала тұлғасын əлеуметтендірудің факторы жəне белсенді субъектісі.
41. Оқыту үрдісінің білім парадигмасы мен қазіргі тəсілдері.
42. Оқыту үрдісіндегі сыртқы жəне ішкі заңдылықтар, олардың ерекшеліктері мен əрекеті.
43. Негізгі дидактикалық негізгі қағидалар жəне оларға сипаттама.
44. Білім мазмұны – педагогикалық бейімделген əлеуметтік тəжірибе жəне тұтас педагогикалық үдерістің компоненті.
45. Білім мазмұнының негізгі компоненттері.
46. Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама.
47. ТПҮ-тегі оқыту құралдары.
48. Оқыту əдістерінің жіктемесі жəне сипаттамасы.
49. Оқытудың сөздік əдістері.
50.Оқытудың көрнекілік əдістері.
51.Оқытудың практикалық əдістері.
52.Оқытудың инновациялық интербелсенді əдістері.
53.Оқыту əдістерін таңдау мəселесі.
54.Функционалдық сауаттылық – тұлғаның білім нəтижесі жəне өмірдің əр түрлі саласындағы міндетерді шешуінің негізі
55. Қазіргі мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары.
56.Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сипаттама.
57.Сабақ – тұтас жүйе жəне педагогикалық үрдістің логикалық аяқталған бөлігі.
58.Сабақтың типологиясы мен құрылымы.
59.Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі.
60.Сабақты талдау жəне өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы туралы жаңа білімді меңгеру əдісі
61. Ұғымдар: оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау, бағалау, белгілеу.
62. Үлгерім – оқушының оқу жетістігінің сипаттамасы.
63. Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау жəне бағалау мақсаты мен қағидалары.
64.Оқу əрекетінің нəтижесін бақылау жəне бағалау қызметтері.
65.Бақылаудың түрлері.
66.Оқу жұмысының нəтижесін бақылау жəне бағалау əдістерінің жүйесі.
67.Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау жəне бағалаудың қазіргі формалары.
68.Оқушылардың белсенді танымдық іс-əрекетін мұғалімнің ұйымдастыруының шарттары мен құралдары.
69.Жаңашыл-педагогтар тəжірибесіндегі белсенді танымдық іс-əрекет идеясы мен технологиясы.
70.Оқушылардың танымдық іс-əрекетін белсендірудің дəстүрлі жəне қазіргі тəсілдері.
71.Педагогикалық технологиялардың түрлері.
72.Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы – педагогикалық технологияларды пайдалнудың əдіснамалық негізі.
73.Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиясы.
74.Ұжымдық-танымдық іс-əрекет технологиясы.
75.Проблемалық оқыту технологиясы.
76. Оқытудың жобалау технологиясы.
77.Оқушылардың сыни ойлауын дамыту технологиясы.
78.Оқытудың белгі-контекст технологиясы.
79.Шығармашылық қабілеттерді дамытудың эвристикалық технологиясы (Арттехнология, ТРИЗ – технология, педагогикалық шеберлік технологиясы).

_____________________________________________ пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет