Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Қашықтық бойынша жүгiруге үйрету 2. Түзу жолмен, бұрылыстан, мәрелiк жылдамдыққа, жылдамдықты өзгертуге. 3. Жоғарғы сөреден, төменгi сөреден шығуға үйрету. 4. Жасқа, морфологиялық ерекшелiктерге, жылдамдыққа байланысты жүгiру тактикасын құру. 5. Арнайы жаттығуларға үйрету. 6. Эстафеталық жүгiрудiң ерекшелiктерi (4х100м, 4х400м), эстафеталық таяқшаны беру техникасына үйрету, жұптық және командалық жаттығу.
Әдістемелік нұсқау. Жүгірумен айналысуда спортшының жаттығатын жаттығулары.
- Түрегеп тұрып алдыға қарай құлап жүгіру; - Бірін-бірі иығына ұстап итеріп жүгіру; - 20-30 м қашықтық жеңіл жүгіру – 20-30 м қашықтықты жоғары қарқынмен жүгіру – 20-30 қашықтықты тез жүгіріп өту немесе баяу қарқынмен жүгіру; - Шалқадан жатып, «велосипед тебу»; - Етпеттен жатып, екі тізені кезекпен бүгіп – жазу; - Ағаш бағаннан немесе қандайда бір тіреуден ұстап екі тізені кезекпен аса қиналыссыз кеудеге тигізуге тырысу; - Ағаш бағаннан немесе қандайда бір тіреуден ұстап тұрып, екі аяқтың табанына кезекпен бөксеге тигізуге тырысу; - Белгілі бір қашықтықты (400,800,1000 м) бір темппен жүгіріп өту. - 20-30м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту; - Аяқтың өкшесімен ғана жүгіріп өту; - Аяқтың ұшымен жүгіру; - Жүрерден отырып тұру; - Сыңар аяқтап секіру, жүгіру; - Қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпен жүгіру; - Белгілі бір қашықтықты аяқты сілтеп жүгіру; - 30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру; - 30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту; - 30-40 м қашықтықты жүреден отырып өту;
Осы жаттығулардағы іс-әрекеттері арқылы дағдылары жүзеге асырылады. Практикалық сабақ жаттығуларын zoom платформасы арқылы көрсету және мәнжазба жасзып универ жүйесіне жүктеу.
Тақырыбы: Ұзындыққа секiрудiң жаттығу әдiстемесi.
Достарыңызбен бөлісу: |