1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер



бет22/41
Дата31.05.2022
өлшемі2,31 Mb.
#145641
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Syllabus менеджмент ҚТӘ 3 курс 2021 каз. 2 (копия)

Бекіту сұрақтары:

  1. Диагностика" ұғымының мәні не?

  2. Педагогикалық диагностика түсінігі дегеніміз не?

  3. Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы қалай жасалады?

  4. ТПҰ - ның жұмыс істеу әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат - диагностиканың негізін не құрайды?

  5. ТПҰ - ның әр түрлі кезеңдеріндегі жай-күйі туралы ақпарат түрлері қандай?

Әдебиет:
1. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
2. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
3.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с.
4. Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. Ақтау. 2010. 87 бет.
5. Паньшина Т. В.Айтпаева Ж.Ж.Педагогикалықменеджмент. Оқулық -Алматы,2012.
Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
8.1. Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы ретінде.
8.2.Перспективалық және жылдық жоспар.
8.3. Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлері
8.4. Мектеп құжаттары.
Дәріс тезисі: Жоспарлау - мектеп пен сыныптағы тәрбие процесінің әрекеттерін ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау. Жоспарлау - бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу - тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі - педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау - мақсатқа жетудің бірден - бір негізгі жолы. Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің (мектепішілік жоспар, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің, пәндік бірлестіктердің (кафедралардың) жұмыс жоспарлары, тақырыптық және сабақ жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары және т. б) орындалуын бақылау мазмұны мен түрлерінің бірлестігі. Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарынын рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Бұйрық кітаптары, сынып журналдарын және басқа да құжаттарды жүргізуге қойылатын талаптар.Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыптасып дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін, т.б. қасиетерін байқауға болады.
Бекіту сұрақтары
1.Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы ретінде қалай қарастырылады?
2.Перспективалық және жылдық жоспар дегеніміз не?
3. Мектептің жұмысын жоспарлаудың қандай түрлері бар?
4. Мектеп құжаттарының түрлері қандай?
Әдебиет:
1.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.
2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет