1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет19/41
Дата31.05.2022
өлшемі2,31 Mb.
#145641
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Syllabus менеджмент ҚТӘ 3 курс 2021 каз. 2 (копия)

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
2. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
3.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с.
4. Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. Ақтау. 2010. 87 бет.
5. Паньшина Т. В.Айтпаева Ж.Ж.Педагогикалықменеджмент. Оқулық -Алматы,2012.


Тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
4.1. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде.
4.2.Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымы.
4.3. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық.
Дәріс тезисі Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде. Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымы. Өкілеттіктерді табыстау. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық. Орталықтандыру мен жекеленуді саналы түрде үйлестіру. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі. Білім сапасының әр алуан түрлерін негізгі ала отырып, мынадай анықтама беруге болады. Білім сапасы – оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижесін сипаттайтын салыстырмалы тұрақты білім құрылымының біртұтас жиынтығы. Кейбір зерттеушілер білім сапасының мәнін айқындаудағы тиімділігін атап көрсеткен. Олардың пікірінше, бұл – біріншіден, іс жүзінде білім сапасы шартты түрде қарастырылмайды, сондықтан оны тек жүйеде ғана, қандай да бір қиын деңгейдегі тапсырманы орындауда ғана ескеру керек. Екіншіден, білімнің сипаты деңгейлері бойынша алынған ақпаратты меңгеру және қолдана білу заңдылықтарына, ойлау үрдісі заңдылықтарына жауап береді. Білім беру мекемелеріндегі практикаға педагогикалық менеджменттің идеялары ендірілгеннен кейінпринциптердің дәстүрлі жүйесі толықтырылды. Ю.А.Конаржевский бойынша басқарудың он үш принципі бар. Қазіргі кезеңде білім мен ғылым қоғам дамуы мен ондағы тұрақтылықтың қайнар көзі, шешуші факторы ретінде қарастырылады. Мәселенің экономикалық және саяси мәніне көз жүгіртсек, білімге жұмсалған қаржының ешқашан зая кетпейтініне кәміл сенуге болады. Халықтың тұрмысын жақсартуға тек әлеуметтік сала ғана емес, барлық саланың жауапты орындарының назар аударғаны дұрыс болар еді. Қазір көптеген елдер қабылдап, игілігін көріп отырған тұрақты дамудың жаңа моделі бойынша, адам сапасының, білім беру жүйесі сапасынң дамуы қашан да қоғам дамуынан алда болуға тиіс. Білім сапасы мен интеллектуалдық ресурстар сапасы әлемдегі басты геосаяси фактор болып отыр. Ағылшының атақты жазушысы Р.Кипилинг дәл тауып айтқандай: «Білім сапалы болса, онда ол – жер жүзіндегі игіліктердің ең асылы. Олай болмаған жағдайда оның қажетіде жоқ. Білім сапасы адам мен қоғам өмірінің сапасын да арттырады» деген. Өйткені ол жас ұрпақтың білім ауқымымен ғана емес, сондай-ақ оның жеке басының қасиеттерімен, дүниетанымдық, азаматтық дамуымен де айқындалады. Біз алдағы уақытта да ауыл жастарына мемлекеттік білім тапсырысынан квота беруді арқылы қолдау көрсетуді әлі де болсан көбейтуді қажет.
Бекіту сұрақтары:
Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі қандай?
Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымдары қандай?
Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет