9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
Тақырыбы: Менеджмент басқару туралы ғылым
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.1. «Білім берудегі менеджменті» пәні: мақсаты және міндеттері.
1.2. Білім берудегі менеджмент және маркетинг.
1.3. Жоғары білімнің қоғам үшін экономикалық маңызы.
1.4. Менеджмент туралы жалпы түсінік.
Дәріс тезисі
Экономикалық саладағы мемлекеттік-саяси құрылымдағы, қоғамдық санадағы, құндылықтар мен мәдени бағыттардағы өзгерістерге сай әлеуметтік басқарудың жаңа философиясы екі жағдайды ескергенде ғана жүзеге асады, олар: өзіміздің басқару тәжірибемізді ой елегінен қайта өткізіп, қайта бағалау; әлемдік басқару тәжірибесін зерттеп талдау және бағалау. Осыған сәйкес, «Менеджмент» ұғымы (ағылшын сөзі «management» - ұйымдастыру, басқару, меңгеру) – өндірісті, әлеуметтік, саяси және рухани процестерді басқарудың жалпы ұстанымдарының, нысандары мен әдістерінің жинақтамасы. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында: «Басқару – 1. Ел билеу, басшылық ету, жетекші болу, нұсқау беру т.б.; 2. Бір нәрсені ұйымдастыру, жөнге салу, игеру» деп сипаттама берілген. Демек ХХІ ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке ұмтылған өрлеу ғасыры болып табылады. Ол алдымызда отырған келешек қоғам иегері, жас ұрпақты өсіріп жетілдіруге тікелей байланысты. Осы ілгерлеп алға басу дәуірінде өмір сүру үшін, ең алдымен білім мекемелерін көркейтіп оқу-тәрбие ісін дұрыс жолға қою керек. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер білім мекемелеріндегі педагогтардың шығармашылық еркіндігіне мүмкіндік береді. Әсіресе, мектептің дамуы үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі жаңа тәсілдер қажет. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру түбегейлі өзгертуді талап етеді. Мұнда ұстаздардың кәсіптік деңгейі, олардың жан-жақтылығы, біліктілігі, оқушылардың танымдық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай білуі, әр оқушыны қалай оқыту керектігі туралы мәселені шешетін оқу жүйесін құру қажеттілігі тұр. Сондықтан бүгінде әкімшілік – бағыныштылық басқару түрін менеджменттік басқару түріне ауыстыру қажет. Менеджмент бойынша, басшы – негізгі қуат көзі және оны өзгелерге жеткізуші, дем беруші, сонымен қатар олардың қызметін ұйымдастырушы, үйлестіруші, өз қызметкерлерінің шығармашылығын, іс тәжрибесін дамытуға ынталандырушы қызметтерімен сипатталады. «Ғылыми менеджмент» мектебінің бастауында Ф.Тейлор, ерлі зайыпты Ф. Гилбертта және Л. Гилбертта, Г.Гант тұрды. Менеджментті басқару ғылымы деп танып, зерттеуде алғашқы қадам жасаған американдық инженер Ф.Тейлор (1856-1915) болды. Ол ғылыми басқару қозғалысының басшысы ретінде мекемелердегі еңбек өнімділігін арттыру мәселесін кәсіби қызығушылық саласында күн тәртібіне қойды. Ф.Тейлордың негізгі еңбектері: «Фабриканы басқару» (1903 жылы), «Ғылыми менеджмент принциптері», (1911 жылы) аталған еңбектерде менеджментті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру әдістері берілді. Бұл әдістер жұмыс уақыты мен жұмыс қозғалыстарына, еңбек құралдары мен әдістерін стандарттауға негізделген. Жұмысты автономдыққа, толығымен бағдарламаланған элементтерге бөлу, одан кейін тұтастыққа тиімді түрде біріктіру – мекеменің өнімділігін жоғары деңгейге көтеретін міндетті шарттар болып табылады. Аталған операциялар реті ғылыми басқару мектебінің концепциясына сәйкес жобаланады.
Ф. Тейлордың ғылыми басқару мектебіне, А.Файолдің әкімшілік басқару мектебіне, Э.Мэйо, А. Маслоудың адами қарым-қатынас мектебіне, Ф.Герцбергтің екіфакторлы модель мектебіне қысқаша сипаттама беру. Врумның күту теориясы. Портера-Лоулердің сандық тәсілі. Д.Мак Клелландтің теориясы. Д.Мак-Грегордің адами қарым-қатынас теориясы. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты. Менеджменттің американдық, жапондық және батыс еуропалық типтеріне ортақ және өзіндік ерекше белгілері.
Бекіту сұрақтары
Менеджмент дегеніміз не?
Менеджмент бойынша қандай мектептер ажыратылады?
Тейлордың менеджмент туралы негізгі еңбектері қандай?
Әдебиет:
1.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.
2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с.
6. Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері: Оқу құралы. Ақтау. 2010. 87 бет.
7. Паньшина Т. В.Айтпаева Ж.Ж.Педагогикалықменеджмент. Оқулық -Алматы,2012.
Тақырыбы: Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
2.1. Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі әдіснамалық қағидалары.
2.2.Педагогикалық іс-әрекеттегі құндылықтар жүйесі.
2.3.Педагогикалық менеджменттің принциптері.
2.4.Педагогикалық менеджменттің функциялары.
Дәріс тезисі: Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері. Педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері. Педагогикалық менеджмент әдістері. Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары. Мектепті басқарудағы әдіснамалық тәсілдер (жүйелі, гуманитарлы, құзыретті, адамға бағытталған т.б.). Педагогикалық менеджмент сапасының талаптары. Білім сапасы ғылыми басқарудың мақсаты мен нәтижесі ретінде. Жүйені басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі (БСБҰЖ) Қазақстан Республикасының Президентінің «Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы 2000 жылғы 30 қыркүйек айындағы №448 Жарлығына сәйкес даярланады. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі білім беру сапасының білім берудің міндетті стандарттарының талаптарына сәйкестігін анықтауға және оған сыртқы және ішкі бағалау арқылы қол жеткізу шарттарын анықтауға бағытталған әдістердің, құралдардың және ұйымдастыру құрылымдарының жиынтығы болып табылады. Білім сапасының бағалаудың ұлттық жүйесінің мақсаты – білім жүйесінің және Қазақстан Республикасының азаматтарының халықаралық білім кеңістігінде және еңбек рыногындағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне қол жеткізумен сипатталады. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің негізгі міндеттері:
- барлық деңгейдегі білім беру сапасын институтционалдық бағалауды іске асыру;
- білім берудің барлық деңгейдегі білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай -бағалауды іске асыру;
- мұғалімдер мен оқытушылардың қызметтерін бағалауды өткізу, оқыту мен сабақ беру процесін жетілдіру;
- білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің сапасына жүйелі және салыстырмалы талдау жасау, білім жүйесінің тұрақты дамуын қолдау;
- білім берудің үздіксіз жүйесінің сатыларының арасында бағалау нәтижелерін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттармен салыстыру үшін халықаралық зерттеу шеберінде білім алушылардың оқу жетістіктеріне салыстырмалы мониторинг жүргізу;
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі объектілеріне:
- меншік түріне және ведомостволық бағыныштылығына қарамастан білім ұйымдарының қызметі;
- білім беру ұйымдары жүргізетін тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу және ұйымды басқару процестері;
- білім алушылардың оқыту процесі кезінде жеткен оқу жетістіктерінің нәтижесі;
Жалпы айтқанда, білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің негізгі принциптері объективтілік, кәсіпқойлық, жариялық, ашықтық, әділдік, периодтылық, сабақтастық, есептілік, үздіксіз даму болып табылады. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізгі рәсімдері білім беру қызметін лицензиялау, ұлттық біріңғай тестілеу, мамандарды даярлау сапасын арттыру, мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік аккредитациялау, білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау және білім беру ұйымдарының рейтингі болып табылады. Сонымен қатар, ұлттық біріңғай тестілеу, оқушылардың аралық қорытынды емтиханы, лицензиялау, қорытынды аттестация, аккредитациялау рәсімдері, білім беру ұйымдарының рейтингісін анықтау Қазақстан Республикасының білім беру сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және олардың негізінде жүргізіледі. Білім берудегі басқару түсінігі. Педагогикалық менеджменттің басқару қызметінің айрықша түрі ретіндегі мәні мен ерекшеліктері.
Бекіту сұрақтары
Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі әдіснамалық қағидалары қандай?
Педагогикалық іс-әрекеттегі құндылықтар жүйесіне сипаттама ьберіңіз.
Педагогикалық менеджемнттің принциптерін атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |