1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер



бет27/59
Дата05.02.2022
өлшемі4,25 Mb.
#130778
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Байланысты:
Syllabus менеджмент ҚТӘ 3 курс 2021 каз.

Бекіту сұрақтары
Қақтығыс – әлеуметтік-қоғамдық құбылыс деп неге қарастырылады?
Педагогикалық және теориялық қақтығыс туралы түсінік қандай?
Педагогикалық ұжымдағы қақтығыстарды басқару ерекшеліктері қандай?
Әдебиет:
1.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.
2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с.


Тақырыбы: Педагог менеджері іс-әрекетінің психологиялық -педагогикалық сипаты
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
14.1. Педагог менеджері.
14.2. Басқару этикасы.
14.3.Білім беру мекеме басшысының ұжыммен қарым-қатынас этикасы.
14.4. Қарым-қатынаста кедергі жасайтын факторлар.
14. 5. Тиімді коммуникация ережелері.
Дәріс тезис: Білім беру саласындағы адамдардың басқару мәдениеті олардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің бөлшегі болып табылады. Кәсіби-педагогикалық мәдениет, әдетте, дәстүрлі түсінік бойынша нормаларды көрсету, педагогикалық әрекеттің ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланысты. Соңғы жылдары педагогикалық мәдениетті психолого-педагогикалық тұрғыдан зерттеу мәселесі бұл құбылысты педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технологиялар және педагогикалық шығармашылық категориялары арқылы аша түседі. Профессор В.Г.Афанасьевтің пайымдауынша: «Басқару қоғамның, оның кез келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады» деп келтіреді. «Адамдық қарым-қатынас теорияларының» орнына, басқарудың жүйелік теориялары, жағдаяттық теориялар, басқарудың рационалистік (ақыл-ой талабына негізделген) және мінез құлықтың жағымды жақтарын біріктіруге ұмтылған, ұйымдастырушылық даму теориялары келді. Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы, жеке тұлғаның қоғамдық болмысы, еңбек пен мәдениет құндылықтары туралы білімдерді саналы түрде ұғынып, меңгеруімен анықталады. Ал бұл процесс адамның санасына, зейініне тікелей байланысты.
Бекіту сұрақтары
Педагог менеджерінің қызметі қандай?
Басқару этикасы дегеніміз не?
Білім беру мекеме басшысының ұжыммен қарым-қатынас этикасы қандай болу керек?
Қарым-қатынаста кедергі жасайтын факторлар қандай?
Тиімді коммуникация ережелері қандай?
Әдебиет:
1.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.
2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-


Тақырыбы: Педагогикалық менеджердің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеті.
Сағат саны:2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
15.1. Көшбасшылық түсінігінің туындауы және анықтамасы
15.2. Білім беру үдерісін басқарудағы көшбасшылық түсінігінің мазмұны.
Дәріс тезисі: Көшбасшылық мәселесі педагогикалық менеджменттің маңызды мәселесінің бірі ретінде. Білім беру үдерісін басқарудағы көшбасшылық түсінігінің мазмұны. Көшбасшылық түсінігінің туындауына талдау жасау. Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе болып табылады. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді. Басшы дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес шешім қабылдауы тиіс. Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді. «Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б., ал екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді. Басқару шешімінің ең маңызды белгісі: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады. Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа-райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді. Тиімді көшбасшылық және көшбасшылық қасиет. Көшбасшылық басқарудың мәнері ретінде. Көшбасшылықтың гендерлік мәселелері. Мінез-құлық факторына талдау жасау және оның көшбасшылықты жетілдірудегі рөлі.
Бекіту сұрақтары:
Көшбасшылық ұғымы қалай пайджа болды?
Көшбасшы анықтамасы қандай?
Білімбер усаласындағңы көшбасшы қандай болуы тиіс?
Әдебиет:
1.Есполов Т.И., Сулейменов Ж.Ж. Менеджмент. – Алматы, 2003.
2 .Борытко, Н. М. Управление образовательными системами: Учебник для студентов педагогических вузов Волгоград: Изд-во ВГИПК РО, 2006г
3. Шамова Т.И. Управление образовательными системами: учеб.пособие для студентов вузов, обучающихся спец. "Педагогика и психология", "Педагогика" М.: AcademiA, 2007. – 385 с.
4. Симонов В.П. Педагогический менеджмент: учеб.пособие М.: Высшее образование: Юрайт, 2009. – 357 с.
5.Солнцева Н.В Управление в педагогической деятельности: учебное пособие.- М.: Флинта, 2012.-115 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет