1 практикалық жұмыс Математикалық маятник көмегімен бөлменің ауданын табу Құралдар



бет8/11
Дата30.04.2023
өлшемі119,84 Kb.
#175746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Физикалық практикум 11 сынып

Бақылау сұрақтары:



  1. Ө ткізгіштер мен жартылай өткізгіштердің өткізгіштігіндегі айырмашылыө қандай?

  2. Қыздыру кезінде жартылай өткізгіштердің кедергісі неге азаяды?

  3. Суретте диодтың вольт-амперлік сипаттамасы көрсетілген.. U=0,2 В кезінде диодтың ішкі кедергісін анықтаңдар. Тежегіш кернеу U= - 400 В?

8 практикалық жұмыс


Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтау.


Мақсаты: Мыс купоросының ертіндісінің электрохимиялық эквивалентін анықтап, ол неге тәуелді екенің білу.
Құралдар: таразы, амперметр, сағат, электроплита, аккумулятор, реостат, кілт, мыс пластиналары (2 шт.), жалғағыш сымдар, мыс купоросы бар электролиттік ванна.
Теория:
Электролиттік диссоциация – суға ерткен кезде тұздар, қышқылдар және сілтілердің иондарға жіктелу процессі. Осы кезде оң және теріс иондары бар ерітінді электролит деп аталады.
Электролиті бар ыдысқа электрод салса, онда ток көзіне қосу кезінде ерітінді арқылы ток өтеді. Осы кезде оң иондар катодқа, ал терім иондар анодқа қарай қозғалады. Электродтарда таза күйде электролит құрамына енетін бір зат бөлінеді.
Электролиз үшін фарадей заңы:
m=k∙I∙t,
осында k – заттың электрохимиялық эквивалент.
Әр зат үшін k-ның мәні тұрақты.
Егер тізбектегі ток күші мен уақытта өлшесе, k-ныі мәнін табуға болады:
k = m/I∙t.

Жұмыс барысы:



  1. Наждачка қағазымен мыс пластиналарын мұқият тазалап, таразыда массасын өлшеп алу.

  2. Сұлба бойынша тізбек құрастыру:



  1. Уақытты белгілеп, тізбекті қосу. Реостатпен ток күшін 0,8 – 1,2 А деп реттеп алыңдар. Реостатты қолданып бүкіл тәжірибе бойы ток күшін тұрақты мәнде ұстау керек.

  2. 5 – 10 мин кейін тізбекті ажырату, катодты алып шығу, абайлап сумен шаю, кептіріп өайта өлшеу.

  3. Тәжірибе нәтижесі бойынша мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтау.

  4. Алынған мәндерді кестелік мәндермен салыстыру. Абсолюттік және салыстырмалы қателіктерді есептеу.

  5. Өлшеулер мен есептеулер мәндерін кестеге енгізу.

  6. Қорытынды жасау.


m1, г

m2, г

m, кг

I, А

t, с

k, кг/Кл

kтабл., кг/Кл

k, кг/Кл

k,
%
































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет