Жұмыс барысы: 1. Өлшеулер мен есептеулерді енгізу үшін дәптерге кесте сызыңдар.
2. Линза (суы бар колба) көмегімен экранда терзенің кескінің алыңдар. Линзаның центрінен кескінге дейін арақашақтақты өлшеңдер. Осы арқашықтық F фокустық қашықтық болады.
3. Колбаның енді жерінің l ұзындығын жәппен өлшеп l = 2πR формуласынан R колбаның қисықтық радиусын есептеңдер.
4. Формула (1) арқылы судық сыну көрсеткішін және (2) формула көмегімен ортадағы жарық жылдамдығын есептеңдер.
5. Тәжірибені глицерин (май) үшін қайталаңыз.
6. Кестелік мәндермен тәжірибе жүзінде алған мәндерді салыстырып, өлшеулердің қателігін есептеңдер.
7. Жарық жылдамдығының ортаның оптикалық тығыздығынан тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.
Зат
F,м
L,м
R,м
n
V, м/с2
Су
Глицерин (май)
Бақылау сұрақтары: Линза деген не? Линзаның қандай түрлері болады?
Жинағыш линзаның 3 F нүктесіне орналасқан дененің кескінің салыңдар.
Жинағыш линзаның 2 F нүктесіне орналасқан дененің кескінің салыңдар.