Айнымалы сыйымдылығы бар ауа конденсаторының максималды сыйымдылығын анықтау Мақсаты: «Электросыйымдылық» тақырыбы бойынша алғанн білімдерін практикада қолдануды үйрету.
Құралдар : айнымалы сыйымдылықты ауа конденсаторы, штангенциркуль.
Мазмұны мен орындау тәсілі: Айнымалы сыйымдылығы бар ауа конденсаторының максималды сыйымдылығын анықталады.
Конденсатор -бірі-бірінен диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш жүйесінен тұрады. Мысалы, ауа қабатымен бөлінген жазық екі металл пластиналар жазық конденсаторды құрайды.
Пластиналар санынан бірлікке кем параллель қосылған конденсаторлар жүйесін айнымалы сыйымдылығы бар ауа конденсаторы деп санаймыз. Осы жүйенің электрсыйымдылығын: формуласымен есептеледі.
С — конденсатордың электрсыйымдылығы (Ф);
S — бір пластинаның ауданы (м2);
е — 8,65 / 10-12 Ф/м — электрлік тұрақты;
n — пластиналар саны;
d — пластиналар расындағы қашықтық (м).
Жұмыс барысы: 1. Өлшеулер мен есептеулерді енгізу үшін дәптерге кесте сызыңдар.
№
тәжірибе реті.
Д, м
S
п
d, м
dcp, м
С, Ф
2. Айнымалы сыйымдылығы бар ауа конденсаторының құрылысымен мұқият танысыңдар. Пластиналар толық бекітілген кезде электросыйымдылығы максималды болатынына көз жеткізіңдер.
3. Штангенциркульмен бір пластинаның Д диаметрін өлшеп, оның ауданын есептеңдер.
4. Пластиналар санын n есептеңдер.
5. штангенциркульмен кі көршілес пластиналар d1арасын өлшеңдер. Содан кейін тағы төрт d2, d3, d4, d5арақашығтықты өлшеңдер.
Есептеңдер
6. Электросыйымдылығын есптеңдер:
7. Жүргізілген өлшеулердің қателіктерін есептеп, қорытынды жасаңдар.