1 раздел Основные понятия информатики


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы



бет60/72
Дата11.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#174148
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Емтихан билеті №20


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
Барлық білім беру бағдарламалары үшін

1. Бұлтты есептеулер қағидаттары.


Cloud computing. Бұлттық есептеулерді (cloud computing) қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты веб–браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі.
Сloud computing–ті жүзеге асыратын серверлерді «есептегіш бұлттар» деп атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы – тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет–қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында.
2–ші суретте көрсетілгендей бұл жүйе үлкен есептеулерді қатар жүргізіп, әр түрлі құрылғыларға бір уақытта қызмет ете алады. Әрі қызмет көрсету үшін қажетті құрылғыларды таңдаудың да әр түрлі нұсқалары бар.
Қолданушы мәліметтерін сақтау компанияға тәуелді болуы негізгі кемшіліктерінің бірі болып табылады.
Cloud computing. Бұлттық есептеулерді (cloud computing) қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты веб–браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі.
Сloud computing–ті жүзеге асыратын серверлерді «есептегіш бұлттар» деп атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы – тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет–қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында.
2–ші суретте көрсетілгендей бұл жүйе үлкен есептеулерді қатар жүргізіп, әр түрлі құрылғыларға бір уақытта қызмет ете алады. Әрі қызмет көрсету үшін қажетті құрылғыларды таңдаудың да әр түрлі нұсқалары бар.
Қолданушы мәліметтерін сақтау компанияға тәуелді болуы негізгі кемшіліктерінің бірі болып табылады.
Бұлттық есептеулер негізгі 5 сипаттамаға ие болуы қажет:
1) талап бойынша өз өзіне қызмет көрсету;
2) кеңжолақты желілік ену;
3) ресурстар пулы;
4) кеңейту не қайта құру мүмкіндіктері жоғары;
5) өлшенген қызмет көрсету.
Бұлттық есептеудің негізгі сипаттамалары:
1) масштабтылығы;
2) икемділігі;
3) ресурстар;
4) өзіне өзі қызмет көрсету;
5) әртүрлі қолданушылардың тобы, түрлі ұйымдарға қызмет көрсету үшін ресурстарды максималды пайдалану есебінде шығындарды азайту тәсілі.
Тұтынушыларға қызмет көрсету моделі мақсаты мен құрамына байланысты мынадай негізгі үш түрге бөлінеді (IaaS, PaaS, SaaS).
Бағдарламалар сервис ретінде (Software as a Service, қысқаша SaaS) дегеніміз – тұтынушы “бұлттарда орналасқан” бұлт иелерінің меншігіндегі бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын бизнес–модельдің бір түрі. Тұтынушы кез–келген жерден интернетке қосылған кез–келген компьютерлік құралғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады.
Бағдарламаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, және оған кететін шығындарды толығымен бұлт иелері өз мойнына алады да, ал тұтынушы (егер сервис ақылы болса) тек сол бұлтты сервисті қолданғаны үшін ғана айлық жарнақы төлеп тұрады. Осылайша, тұтынушы өзіне керекті бағдарламаның лицензиясын сатып алуға бірден көп ақша шығармайды да, ал бағдарлама құрастырушылар өз өнімдерінің заңсыз таралуынан және заңсыз пайдалануынан сақтандырылады.
Тұғырнама сервис ретінде (Platform–as–a–Service, қысқаша PaaS) дегеніміз – тұтынушы өзінің негізгі бағдарламалары мен жаңадан жасалатын, немесе сатып алатын бағдарламаларын бұлттарға қою мүмкіншілігіне ие болатын бизнес–модельдің екінші бір түрі. Мұндай тұғырнамаға көбінесе бағдарлама жасауға, оны сынауға, орындауға арналған құрал–жабдықтар, дерек көздерін басқаратын жүйелер, бағдарлама жазатын орта мен құралғылар кіреді. Қазіргі кезде көптеген бағдарламалар бір ортада жазылып, екінші ортада сынақтан өтіп, үшінші ортада іске қосылып жататыны жасырын емес. PaaS моделінің арқасында жоғарыда аталған құрастыру, сынау, іске қосу операцияларын интеграциаланған бір ортада өткізуге болады. Соның арқасында жаңағы айтылған әрбір ортаға, тұғырнамаға, сервер сатып алуға кететін шығындарды үнемдеуге болады. Осы модельдің жарқын мысалы ретінде веб–сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады. 3- суреттен бұлардың айқын бағдарлама түрлерін көре аласыз. Инфрақұрылым сервис ретінде (Infrastructura–as–a–Service, қысқаша IaaS) – моделін тек ірі кәсіпорындар пайдалануы мүмкін. Сонымен IaaS моделі дегеніміз – тұтынушы өзіне керекті әртүрлі компьютерлік инфраортаны пайдалана алу мүмкіншілігіне ие бола алатын бизнес–модельдің үшінші бір түрі.
Мұндай компьютерлік инфраортаға серверлер, мәлімет сақтау жүйелері, желілік құралғылар, осы ресурстарды басқаруға арналған бағдарламалар, операциалық жүйелер және т.с.с кіреді. Бұл сервисті пайдаланған кәсіпорындар қымбат құралғылар мен бағдарламаларды сатып алу қажеттілігінен құтылады да, тек пайдаланған инфраортаның құрамы мен пайдаланған уақытына ғана сәйкес қаражат төлейді.
Мұндай модельді ұйымдастыру кезінде бұлт иелері виртуалдау технологиясын қолданады, яғни белгілі бір құралғылар мен бағдарламаларды виртуалды бөліктерге бөліп, бірнеше тұтынушыларға пайдалануға бөліп беруі мүмкін. IaaS моделін пайдаланудың мысалы ретінде онлайнды MS Office бағдарламасын, «1С: Кәсіпорын» және кейбір антивирусты шешімдерді айтуға болады.
SaaS моделінің тағы бір логикалық жалғасы ретінде соңғы кезде (Desktop as a Service, қысқаша DaaS) моделі шығып жүр. DaaS моделін пайдаланғанда тұтынушылар өз қызметіне қажетті толығымен дайындалған стандартталған “виртуалды жұмыс орнын” ала алады. Әр тұтынушы осы ұсынылған “виртуалды жұмыс орнын” өз қажетіне ыңғайлы етіп өзгерте алады. SaaS моделінен өзгешелігі – тұтынушы белгілі бір бағдарлама ғана емес, бағдарламалар жиынтығымен жұмыс істеуіне мүмкіншілік ала алады.
Осыған ұқсас тағы бір (Workspace as a Service, қысқаша WaaS) деген де модель де кездесіп қалып жүр. Оның DaaS моделінен өзгешелігі – тұтынушы тек бағдарламамен жұмыс істеуге ғана мүмкіншілік алады да, ал барлық есептеулер тұтынушының өз компьютерінде жүргізіледі.

2. Электрондық төлемдер мен логистикада қажетті инфрақұрылымды дамыту.


Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шоттарына акшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.
Электрондық төлемдердің басты ерекшелігі сатып алынған тауарға төлем жасау процесі тапсырыс берушінің компьютері және тауар сатушысының Web-сервері арқылы жүргізіледі.
Электрондық төлемдер жүйесінің схемасы:
Қосымша А
Тауар сатып алушысы броузер арқылы, яғни программалық жабдық арқылы сатушы серверіне тапсырысты және тауар төлемін жасауға қабілеті туралы ақпаратты(электрондық чек, банктік карта) орналастырады.
Броузерден ақпарат сатушы серверіне беріледі, онда ол өңделіп және мәліметтер қорына қосылады.
Ақпарат сатушы серверіне түскеннен кейін осы сервердің программалық жабдығы тапсырыстың дұрыстығын тексереді, аутентификацияны жүргізеді және банктен ақшаны аударуға рұқсат алады. Ақшаны аударуға рұқсат алу
Интернет арқылы банкпен байланысқан шлюз арқылы іске асырылады. Шлюз әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын екі желіні біріктіруге арналған программа. Бір желіден басқа желіге мәліметтерді беру үшін хаттамалардың үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін осы мәліметтерді түрлендіреді.
Электрондық төлемдер жүйесінің соңғы этапы тауарға есеп-айырысу және авторизация(яғни сатып алушы шотынан сатушы шотына ақша аудару) болып табылады. [15]
Электрондық төлемдер жүйесіне келесідей талаптар қойылады:
1. Конфиденциальдығы - сенімділікті, яғни мәліметтерді жариялауға жатпайтындығын білдіреді. Транзакцияның құпиялылығы сатушыға хабарланатын банктік карта номері немесе шот номері құпия болып табылатындығын және тек заңды құқығы бар тұлғаларға ғана, мысалы банктік картаның эмитент-банкіне белгілі болуы қажет екендігінен көрінеді.
2. Ақпараттың бүтіндігі. Келісім туралы ақпарат бүтіндей сақталуы қажет, яғни ешкімге сатып алынған тауар және сауда сомасы туралы белгілі болмауы қажет.
3. Аутентификация(грек. аuthentios – түп нұсқа). Төлемге қатысушы басқа жақтың тұлғасын куәландыруды білдіреді. Бұл қолма қол емес ақшалармен есептесу кезінде, мысалы банктік картамен, сатушы сатып алушыдан фотосуреті бар жеке куәлігін көрсетуді сұрайтындығын немесе сатып алушының бар қол қою үлгісін салыстыратындығын білдіреді.
4. Авторизация – сатып алушының банктегі шотын тексеру. Авторизация сатушыға сатып алушының есептесуге қажетті сома мөлшері бар-жоқтығын тексеруге мүмкіндік береді.
5. Төлемдер бойынша операциялардың қорғалуы. Бұл Интернет желісіне ұрылардың(хакерлердің) ену жолына кедергілер жасауды және ақпараттардың құпиялылығы мен бүтіндігін сақтау тәсілдерін білдіреді.
Электрондық төлемдер жүйесі келесідей есеп-айырысу формаларын қамтиды:
1. Банктік карталар.
2. Электрондық чектер.
3. Цифрлық ақшалар.
4. Электрондық ақшалар.
Банктік карталар ірі және орта төлемдер кезінде қолданылады. Электрондық чектер мен цифрлық ақшалар шұғыл ұсақ төлемдер кезінде пайдаланылады. Ақша құралдарын электрондық аударуды білдіретін электрондық ақшалар көбіне ірі төлемдер үшін қолданылады.
Электрондық чек – төлемшінің өз банкіне ақшаны аудару туралы нұсқауы жазылған құжат( коммерциялық бағалы қағаз түрі). Электрондық есептік чек қарапайым қағаз түріндегі есептік чектің қасиеттеріне ие. Электрондық чекті сатып алушы әдетте электрондық пошта арқылы ақшалай төлемді алушы болып табылатын сатушыға береді.
Сатушы чекті банкке көрсетіп және сол бойынша ақшаны алады. Содан соң чек сатып алушыға қайтарылады және төлем жасалғандығының дәлелі Цифрлық ақшалар(digital cash) қағаз қолма қол ақшалардың электрондық аналогы. Олардың ақшалай белгілік түрі болады. Цифрлық ақшалар комплект, яғни купондар жиыны болып беретін цифрлар тізбегі. Бұл купондарды шығарған банк әр купонды цифрлық қолмен бекітеді. Цифрлық қол электрондық корреспонденцияны жіберушінің жеке кілтімен хабарды шифрлау жолымен арнайы қол қоюы.ретінде қалады. Сатушы сатып алушыға тауарды жеткізіп береді. Ақшаны алушының компьютеріне купонды бермес бұрын, банк оны өз цифрлық мөрімен куәландырады. Тауар сатып алушысы цифрлық қолма-қол ақша сақтаулы банкке қарамастан оның қайсыбір санын дүкенде жұмсағысы келсе, ол сатушыға қажетті купон санын жай ғана беруіне болады. Сатушы өз кезегінде бұл купондарды банкке тексеру және төлем үшін береді.
Электрондық ақшалар – бұл ақша қаражаттарын шоттан шотқа аудару, салымдар бойынша проценттерді есептеу және қағаз тасушылардың қатысуынсыз электр сигналдарын беру жолымен басқа да аударымдар. Электрондық ақшаларды төлемшіден ақша қаражаттарын аударуға рұқсат алуға мүмкіндігі бар және ақшаны алушымен төлем шарттары туралы келісім жасаған банктер мен ірі фирмалар қолданады. Банктер арасында ақшаны аудару қарапайым банктік желілерді пайдалану арқылы жүргізіледі.
Электрондық ақшаларды аударудың стандартты схемасы: қосымша В [19]
Интернеттегі электрондық төлемдер жүйесін 4 түрге бөлуге болады:
• Анонимді және анонимді емес жүйелер;
• Банктік карталарды және желілік өнімдерді пайдалану;
Ақшаны электрондық тасушыда тікелей сақтауды қамтамасыз ететін төлемдер жүйесі;
Банктік шотқа қашықтан енуді қамтамасыз ететін төлемдер жүйесі
Электрондық төлем жүйелерінің Еуропалық мәліметтері базасының бағалуы бойынша , 2002 жыл басында дүниежүзінде интернет - төлем жүйелерінің саны 150-ден асқан.
Интернеттің онлайндық және офлайндық режимінде төлемдерді жүзеге асыруда жаңа және дәстүрлі электрондық төлем жүйелеріне деген сұраныс пен қызығушылықтың артуының бірқатар себептері бар. Осындай себетерге келесілер жатады:
1)жаһандану. Әлемнің түкпір –түкпіріндегі өзара саудада қажет іскер адамдар мен клиенттердің саны өсуде.
2)Ақша нарығындағы бәсекелестіктің өсуі. Бәсекелестіктің өсуі ақша нарығына кірудегі реттеуші кедергілердің төмендеуімен, банкілік емес институттардағы төлем қызметінің белсенділігімен түсіндіріледі. Сондықтан банкілік емес институттар өздерінің қаржылық қызметінің аясын кеңейтіп, шығындарды азайтудың жолдарын іздестіруді жалғастырады. Нәтижесінде банкілер және басқа да қаржылық институттар төмендетпелі маржа жағдайында бұдан шығар жолды тапты.
3)Онлайндық сауданың елеулі өсімі. Фирмалық көтерме сауда секторында, клиенттің бөлшек сауда секторында да электрондық коммерцияның дамуы қауіпсіз әрі ыңғайлы онлайндық төлем әдістеріне деген сұранысты арттырады.
Бір магнитгі карта 2-3 жылға, ал чиптік 5 жылға дейін жарамды, елде салық органдарының жиі есеп беретін заңды тұлғалардың саны — 2,4 млн. Олардың әрқайсысының жоқ дегенде бір ағымдағы есепшоты бар. Әрбір заңды тұлға 2-3 жылда бір рет жаңа есепшот аша алады. [14]
Төлем жүйелерін жасап шығару мен оларды дамытуда коммерциялық банкілер негізгі рөлді атқарады. Коммерциялық банкілер бағдарламамен қамтамасыз етуге тапсырыс беріп, оны жасап шығаруды қаржыландырады. Қазіргі кезде SWIҒТ жүйесі бағдарламамен қамтамасыз етудің тәуелсіз жасап шығарушыларын ынталандырып, банк тарапынан бағдарламамен қамтамасыз етуді таңдауға ерік береді. Интернет-трейдинг бағдарламасымен қамтамасыз етуге сервистік қолдау көрсетіп, оны енгізіп, қолдануды үйреткені, электрондық поштаны бекіткені, қарапайым форма бойынша автоматты есептің электрондық стандартты үлгісі мен төлем жүйесінің қосымша қызметтері үшін коммерциялық банкілер комиссиялық пайыз ұстап қалады.
Коммерциялық банкілердегі төлем қызметінің бағасын орнатудың жаңа қағидаларын модельдеу 3-4-бөлімдерде сарапталған шешімдерге негізделеді. Ол жерде эмиссия мен карталық қызмет көрсетудегі карталық жүйенің комиссиясы бір жағынан ресейлік клиенттердің барлығына тиімді болса, екінші жағынан банк шығындарын жасырып тұрады.

3. а) 1110101110110(2)(8)= Х (16); б) 423 (8)= Х (2); в) 2ВВ (16)= Х (2);


Кафедра меңгерушісі _________________М.М. Коккоз


Әзірлеген ____________________ Жаркимбекова А.Т.
Әзірлеген ____________________ Кадирова Ж.Б.

Бекітілген: 12.11.2019 ж. № 7 хаттама


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет