Антагонизм – бір дәрі екінші дәрінің әсерін әлсіретуі(улану-морфинге, антагонист налорфин)
Антидотизм -химиялық немесе физико –химиялық әсермен дәрінің әсерінің жойылуы немесе бейтараптануы *алмагин* қышқыл, сілті
№16Дәрілік зат. Дәрілік препарат. Дәрілік түр.
Дәрілік зат- аурулардың алдын алу диагностикасы емдеу үшін, жүктілік болдырмау үшін қолданылатын дәрілік қосылыстар.
Дәрілік препарат- белгілі бір дәрілік пішіндегі дәрілік зат
Дәрілік түр- дәрілік заттың қолайлы қолдануға және емдік әсер жету үшін келтірілетін белгілі бір жай күйі.
№17 Дәрілік қалып (пішін). Түрлері.
Қатты дәрілік түрлер: ұнтақ, таблетка, драже, гранула немесе түйіршіктер (домалақтар).
Сұйық дәрілік түрлер: ерітінді, эмульсия, суспензия, шырыш, тұнба тұндырма, қайнатпа, сығынды, экстракт, микстура, шәрбәт, шырын, линимент, май, спирт, т.б.
Жұмсақ дәрілік түрлер: жағылма, ембалауыз (суппозиторий), паста, крем, гель, жапсырма
Инекцияға арн түр- ампуладағы, флакон, стерилді ерітінділер және құрғақ стерилді, лияфилді ұнтақтар
Әр түрлі дәрілік түр-аэрозоль, спрей, көз қабықшалары, пластина
Ұнтақтар (Pulvis)- сусымалы қасиеті бар ішке және сыртқа қолдануға арналған дәрілік түр.
Таблетка (Tabulettae)- дәрілік зат, қосымша ұнтақтар мен басқа заттарды нығыздау арқылы алынған, мөлшерленген дәрілік түр.
Драже (Dragee)- қант гранулаларына дәрі мен қосымша заттарды қабаттау арқылы алынған дәрілік түр.
Капсула (Capsula)- арнайы қабықшаларға салынған мөлшерленген дәрі.
Жағылма (Unguentum)- консистенциясы тұтқыр сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрі.
Ембалауыз (Suppositorium)- қуыстарға енгізуге арналған дене температурасында еритін мөлшерленген жұмсақ дәрі.
Жапсырма (Emplastra)- теріге жабысатын қасиеті бар, жұқа қабатты жұмсақ дәрі.
Пасталар (Pastae) - құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар мөлшерге бөлінбеген жағылмалардың бір түрі
Ерітінді (Solutio)- дәріні еріткішпен араластыру арқылы алынатын сұйық дәрілік түр.
Шырыш (Mucilago)- жабысқақ әсерлі, тұтқыр жоғары молекулалы сұйық дәрі.
Суспензия (Suspensio)- қатты дәрілік заттардың бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр
Эмульсия (Emulsum)- бір- бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын дәрілік түр.
Тұнба (Infusum)- өсімдіктердің жұмсақ жер бетіндегі бөліктерінен(шөп, жапырақ, гүл ) сумен дайындалатын сұйық дәрілік түр
Қайнатпа (Decoctum)- қатты, тығыз өсімдік (тамырлары, қабықтары, жемістері т.б) бөліктерінен сумен қайнатылып дайындалатын сұйық дәрілік түр
Тұндырма (Tinctura)- дәрілік өсімдік шикізатынан дайындалатын спиртті сұйық дәрілік түр
Линимент(Linimentum) –дәріні сұйық майлармен араластыру арқылы алынатын сұйық дәрілік түр
Аэрозоль(Aerosolum) –дисперсті ортасы газ немесе газ қоспасы, ал дисперсті фазасы сұйықтық немесе майдаланған бөлшектер болып келетін дәрі
№18 Дәрілерді сақтау ережелері. Бұйрық №262 бекітілген 24.04.2015ж.
ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №262 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 мамырда №11191 тіркелді.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 78-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1 Қоса беріліп отырған дәрілік заттарды, мед мақсаттаығы бұйымдар мен мед техниканы сақтау мен тасымалдау қағидалары бекітілсін.
2 ҚР ДС және әлеуметтік даму министрлігінің мед және фармацевтикалық қызметі бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен;
Осы бұйрықтың ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін
Осы бұйрықтың ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және *Әділет* ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін
ҚР ДС және әлеуметтік даму министрлігінің интернет –ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін
3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР ДС және әлеуметтік даму вице-министрі А.В.Цойға жүктелсін
4 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі
Т.Дүйсенова
№19 Наркотикалық және психотропты дәрілерді сақтау ережелері. Бұйрық №32бекіткен 26.03.2015ж.
1 Денсаулық сақтау ұйымдарындағы сақтауға арналған орындарда және кезекші дәрігерлер мен мейіргерлердің постыларында есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жоғары бір реттік және тәуліктік дозаларының кестелері, сондай-ақ олармен уланған кездегі у қайтарғылар кестесі ілінеді.
2 Құрамында Тізім кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың рецептілері рецепт берілген сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жарамды.
3 Дәрілік заттарды қолдану тәсілі мемлекеттік немесе орыс тілінде дозасы, қабылдау жиілігі мен ұзақтығы көрсетіліп, белгіленеді. Жалпы нұсқаулармен шектелуге жол берілмейді.
4 Науқасқа құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды босату кезінде рецептінің орнына рецептіге және зауыттық таңбалануына (өндіруші зауыт, елі, серия нөмірі (партиясы)) толығымен сәйкес келетін мәліметтері бар, диагоналы бойынша (сол жақтан оң жаққа) сары жолағы бар осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда сигнатура беріледі. Сигнатура дәріні берген фармацевтика қызметкерінің қолымен куәландырылады, сондай-ақ дәріхана ұйымының мөрімен расталады.
5Денсаулық сақтау ұйымдарына Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі дәрілік заттарды беру алынатын заттардың атауын, дозасын, концентрациясын, дәрілік нысаны мен санын жазып көрсете отырып, жеке сенімхат бойынша жүргізіледі. Сенімхаттың қолданыс мерзімі 10 күннен аспауы тиіс.
6Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтайтын үй-жайға (бұдан әрі – сақтау үй-жайы) олармен жұмыс жасауға рұқсат берілген адамдар кіреді.
7 Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларының жоқ екенін, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен байланысты жұмыс істеуге жарамдылығы туралы психиатр мен нарколог дәрігерлердің қорытындылары және тиісті тексеру жүргізу жөніндегі ішкі істер органдарының қорытындысы бар адамдарға рұқсат етіледі. Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат етілген адамдардың тізімі денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен үш жылда бір рет бекітіледі.
Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың құрамы өзгерген жағдайда Адамдардың тізіміне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
8Денсаулық сақтау ұйымдарында, сақтауға арналған орындарда және кезекші дәрігерлер мен мейіргерлердің постыларындағы сейф, шкаф есігінің ішкі жағында құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік дозаларының кестелері, сондай-ақ олармен уланған кездегі у қайтарғылар кестесі көрсетілген тізбе ілінеді.
9 Сақтауға арналған үй-жай, сейфтер мен шкафтар жабық тұруы тиіс. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін олар мөрленеді және (немесе) пломба қойылады. Кілттері, мөрі және (немесе) пломбир жауапты адамда (бұдан әрі – жауапты адам) сақталады.
10 Құрамында Тізімнің II, III, IV кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы бойынша барлық құжаттар (шот-фактуралар, жүкқұжаттар, сенімхаттар, рецептілер, талаптар) айы мен жылы бойынша тігіліп, мөрленіп жауапты адамда, олардың сақталуын қамтамасыз ету шартымен сейфтерде немесе металл шкафтарда сақтауға арналған үй-жайларда сақталады.
11 Құрамында Тізімнің II кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар бес жыл бойы, құрамында Тізімнің III, IV кестелеріндегі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар ағымдағыны санамағанда бір жыл бойы сақталады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін, құжаттар, осы ұйымның басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қатысуымен өртеу арқылы жойылады.
12 Сақтау үй-жайынан құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды беруді жауапты адам ғана жүзеге асырады.
13 Дәріханалардағы ассистенттік бөлмеде Тізімнің II кестесіндегі есірткі, психотроптық заттарының қоры бес күндік қажеттіліктен, денсаулық сақтау ұйымдарының бөлімшелерінде (кабинеттерінде) – үш күндік қажеттіліктен, дәріханалардың сақтау үй-жайларында – мереке және демалыс күндерін қоспағанда, отыз күндік қажеттіліктен аспайды.
14 Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымында кешкі және түнгі уақытта шұғыл медициналық көмек көрсету үшін құрамында Тізімнің ІІ Кестесіндегі есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың бес күннен аспайтын қорының тізімі денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен айқындалады, оны жауапты кезекші дәрігердің рұқсатымен пайдаланады.
№20Дәрілердің Мемлекеттік (тізілімі) реестрі. Дәрілік формуляр.
Достарыңызбен бөлісу: |