Тиазидті және шумақты диуретиктер. Бүйрек арнасы эпителиіне әсер етеді. Нефрон түтікшелерінің дистальды және проксимальды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді.
Дәрілері: Дихлотиазид (Dichlothiazidum, Гипотиазид-Hypothiazid) 25/100мг таб., Фуросемид (Furosemidum, Лазикс-Lasix) 40мг таб.; 1% - 1/2мл амп,Этакрин қышқылы (Acidum etacrynicum, Урегит-Uregit) 0,05 таб., Индапамид. Калийсақтаушы диуретик (Альдостерон антогонисті). Әсері: гипокалиемияны және метаболиттік алкалозды басады. Альдостерон бүйрек үсті безінде түзілетін гормон.
Дәрілері: Спиронолактон (Spironolactonum) (Верошпирон) 0,025/0,05/0,1таб, Триамтерон (Triamteronum) 50мг капсулада.
Достарыңызбен бөлісу: |