Этиотропты терапия- аурудың себептерін жоюға бағытталған ем.
Патогенетикалықтерапия- аурудың өршімей, асқынбай тұруынабағытталған ем. Мысалы: АГ ауруында қан қысымын төмендететін дәрілерді үнемі пайдалану.
Симптоматикалық терапия- аурудың жеке белгісін жоюға бағытталған ем. Мысалы: ауырсыну болса оныңң себебін анықтамай ауырсынуды басатын дәріні пайдалану.
Орын басу терапиясы- ағзада биологиялық белсенді заттардың (гормонды, ферментті дәрілерді, дәрумендерді) жетіспеушілігінде орнына қолданылатын ем.
Профилактикалықтерапия- аурудың алдын–алу үшін қолданылатын ем. Мысалы: сары сулар, вакциналарды, т.б. қолдану.
Консервативті ем– операциясыз, дәрілік ем.
№24Фармакодинамика. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсеріне қарай топтастырылуы.Фармакодинамика - (pharmacon-дәрі, dynamis- күш) – дәрілік заттардың әсерінің түрін, орнығуын, тиімділігін қарастырады