Психотропты дәрілер психика мен эмоцияға, көңіл- күйге ,мінез- құлыққа, ойлау қабілетіне әсер етеді. Жіктелуі:
1Нейролептиктер: Дроперидол, галоперидол, аминазин. Психоздарда қолданады. Дроперидол наркотикалық анальгетик фентанилмен бір шприцке алынып миокард инфарктісінде нейролептанальгезияға қолданылады.
2Транквилизаторлар (анксиолитиктер): Диазепам (Сибазон, седуксен, реланиум, валиум, брюзепам), нозепам, феназепам, элениум(хлозепид). Жүйке тозуында, тынышсыздықта, тырысуларда қолданылады.
3Тыныштандыратын дәрілер(седативные): натрий бромді, калий бромиді, валериана, корвалол(валокордин), ново- пассит. Орталық жүйке жүйесін тыныштандырады. Жеңіл невроздарда, гипертониялық ауруларда, ұйқысыздықта қолданылады.
4Антидепресссанттар: амитриптилин,флуоксетин, имизин, ниаламид.
Күйзеліс кезінде қолданылады (көңіл- күйдің төмен болуы, тұнжырау, жабырқау болуы). Депрессия көңіл-күйдің төмен болуымен немесе үреймен, қозумен жүретін түрлері болады. Соған байланысты астениялық жағдайда қуаттандырғыш әсерлі антидепрессант(имизин, ниаламид), үреймен жүретін депрессияда тыныштандырғыш әсерлі антидепрессант тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |