Гипофиздің артқы бөлігінде түзілетін гормондар: Окситоцин, Вазопрессин (антидиурездік гормон). Вазорессин жетіспегенде несеп шығу күшейеді. Препараттары: Окситоцин, Питуитрин, Адиурекрин, Гифотоцин
Қалқаншабезі гормондары: Тироксин, Трийодтиронин, Кальцитонин.
Қалғанша безі қызметінің бұзылуында дамитын аурулар:
Кретинизм - туа біткен қалқаншабезі гормон жетіспеушілігі.
Микседема - жүре біткен қалқаншабезі гормоны жетіспеушілігі.
Эндемиялық зоб - қалқаншабезі гормондарының түзілуіне қажетті йодтың жетіспеушілігінен пайда болатын ауру.
Қалқаншабезі гормоны жетіспеушілігінде Тиреоидин, Трийодтиронин, калий йодиді, L-тироксин, кальцитонин препараттары қолданылады.
Зобта: Калий йодиді, Йодомарин, Йодбаланс, Антиструмин қолданылады.
Қалқанша безі гормон түзілуін төмендетуге: мерказолил қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |