ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ. НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ. Газдардың күй қалпының негізгі параметрлері болып: қысым, температура және үлесті (меншікті) көлем саналады. Газ күй қалпының параметрлері болып есептелінетін энтальпия h, энтропия sжәне ішкі энергия U калориялық күй қалпына жатады.
Қысым. Қысым деп жалпы дене беті ауданының өлшем бірлігіне оған перпендикуляр бағытпен әсер ететін күшке тең физикалық шаманы айтады. Газ қысымы деп, газ орналасқан ыдыстың ішкі жақтау бетіне үнемі қозғалыста болатын молекулалардың соққыларының орташа нәтижесін айтамыз. Ол мына теңдеу арқылы анықталады:
P= (1)
мұндағы -газдардың көлем бірлігіндегі молекулалардың саны;
-бір молекуланың массасы;
-молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы.
Халықаралық өлшемдер бірлігі бойынша қысым Паскальмен өлшенеді
Сонымен, 1 Па дегеніміз 1Н күштің 1 м2 ауданға нормаль бағытпен үлестірілуі. Қысымның бұл өлшем бірлігі шама жағынан өте аз болғандықтан, әдетте оның туынды өлшем бірліктері қолданылады
1кПа=103Па; 1МПа=106Па; 1ГПа=109Па. Температура. Газдардың молекулалы - кинетикалық теориясына сәйкес температура, жұмыстық денедегі бөлшектердің ілгерілемелік қозғалысының кинетикалық энергиясына пропорционал:
(2)
мұндағы =1,380662·10-23 , Больцман тұрақтысы.
(2) теңдеуімен анықталған температура термодинамикалық деп аталады. Сонымен температура жылулықтың қозғалыс қарқындылығының өлшемі. Параметр ретінде дененің жылылық күй қалпын сипаттайды.
Абсолюттік температура ( ) термодинамикалық шкала бойынша абсолюттік нөлден басталады. Өлшем бірлігі Кельвин ( ). Градус Цельсиямен ( ) арақатынасы:
,
Температураны өлшеу үшін сұйықтық термометрлер, температуралық жұп (термопары), пирометрлер мен басқа да аспаптар қолданылады.