Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатын мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпентанысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
1.Логикалық сызбаны толтырыңдар.
Түсті металургия кәсіпорындарын орналастырудың факторлары неге әртүрлі болады, өздеріңнің ұйғарымдарыңды қосымша әдебиетті пайдалана отырып тексеріп көріңдер.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Логикалық сызбаны толтырады.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
1.Логикалық сызбаны толтырыңдар.
А. Логикалық сызбаны толтыруды аяқтағаннан кейін экономикалық аудандарды анықтаңдар.
Ә. Бұл аудандарда тағы да қандай мамандандырылған салалар болуы мүмкін екендігі туралы ұсыныс айтыңдар, өз ұсыныстарыңды дәлелдеңдер.
|