Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпентанысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
Сөйлемдерді толықтырыңдар, жұптарыңмен жауаптарыңды бөлісіңдер.
1.Бүниежүзілік шаруашылық-дегеніміз..............
2........ дүниежүзілік шаруашылықтың субъектілері болып табылады.
3..........дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқан.
2-тапсырма: 244-суретке талдау жасаңдар.Дүниежүзілік шаруашылықтың басты субъектілерін бөліп көрсетіңдер.Дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық субъектілеріне мысалдар келтіріңдер.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Сөйлемдерді толықтырады,өз жұптарымен ойларын бөліседі.
2. 244-суретке талдау жасайды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың экономикалық субъектілеріне мысалдар келтіреді.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
3-тапсырма:
1.«Дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдері және оның құрылымына» кластер құрастырыңдар.
2.«Халықаралық ұйымдарға» тұжырымдық кесте құрастырыңдар.
4-тапсырма: Әр жолдан бір атауды алып тастап, оның себебін түсіндіріңдер:
Chine Mobile, НАФТА, Coca-Cola
Қытай, Сингапур, Samsung
ХДҚКБ, Samsung, ХВҚ
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
3.Кластер құрастырады.
«Халықаралық ұйымдарға» тұжырымдық кесте құрастырады.
4. Әр жолдан бір атауды алып тастап, оның себебін түсіндіреді.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
8 мин.
|
|