12-САБАҚ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тапсырма:
Төменде берілген цифрмен келген сандарды сөзбен жазып, мағыналық түрлерін ажырат.
6; 5,12; 1956; 368914; 5/3; 29,05; 86549; 1000000; 1000525
Кестені толтыр.
Зат есім
|
Ұқсастығы
|
Сын есім
|
...
|
...
|
...
|
3) 1.Төменде берілген өлеңді мәнерлеп оқып, не жайында екенін әңгімеле.
2. Есім сөздерге сатылай кешенді талдау жаса. 3. Тіл туралы өлең жаз.
Ана тілім ғажап деп айта аламын
|
Ана тілім ғажап деп айта аламын,
Жәннаттай жан балқыта жай табарым.
Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім -
Келеді толас таппай қайталағым.
Тозбайды сыны кетіп, сұры қашып,
Біз әлі қанған жоқпыз сырын ашып...
Қазағы қадырына жеткен сайын
Жайнайды,
Ертеңге де нұрын шашып.
|
(М.Әлімбаев)
Достарыңызбен бөлісу: |