54-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Аманжол Шәмкенов (20.07.1927, Павлодар
облысы, Ертіс ауданы, Қазақстанның 10 жылдығы
атындағы ауылда) – ақын, драматург, аудар-
машы, ДЖ.Неру сыйлығының лауреаты. ҚазГУ-ды
бітірген (1950). 1950-54 жылдары «Әдебиет пен искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызмет атқарады.
Шығармаларында өмір, уақыт, заман, бейбітшілік, бүгінгі замандас, адам тағдыры туралы толғайды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Студент сыры» 1951 жылы жарық көреді. «Жасыл жайлау» (1954), «Лирикалық өлеңдер» (1957), «Қасиетті топырақ» (1984), «Таңдамалы» (1987) т.б. кітаптары, «Толқын үстінде» (1963), «Шашақ» (1979) атты повестер мен әңгімелері, сондай-ақ, драматургия саласында «Бір махаббаттың сыры» (1960) т.б. пьесалар жинақтары шықты. «Өжет жан», «Шыңдағы гүл» сияқты жинақтары орыс тіліне аударылып басылды. А.Шәмкенов – көптеген ән мәтіндерінің авторы. Сондай-ақ, М.Ю.Лермонтов, Г.Гейне, С.Есениндердің шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Тапсырма: Мәтін құрамындағы етістіктерге толық кешенді талдау жаса.
55-жаттығу. 1. Өлеңді түсініп оқы. 2. Мәтін құрамындағы етістіктердің жұрнақтарын ажырат. 3. Уәде дегенді қалай түсінесің? Уәдесінде тұру жақсы қасиет пе? Дәлелде
Достарыңызбен бөлісу: |