1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы



бет16/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы

Жағдайлық есеп
52 жастағы науқас соңғы кездері көкірегінің сол жағына және семсер тәрізді өсіндіге жайыла берілетін эпигастр аймағының сол бөлігіндегі тесіп ауыру сезіміне шағымданды. Ауыру сезімі стенокардия әсерінен деп ойлап, валидол қабылдағанда, басылмады. Ауыру сезімі тамақтан соң жарты – бір сағаттан соң қышқылмен, іш кебумен қабаттасатындығына көңіл бөлді. Нәжісі – тұрақты емес, көбіне іші өтеді. Ұйқысы нашар, жұмысқа қабілеті төмендеп, тез шаршағыштық, ашуланғыш, көңіл-күйі төмен, кейде тұнжыраулық жағдай да болады.
Қарап тексергенде: дене құрылымы қалыпты, нормостениялық, тері асты шел қабаты қалыптағыдай. Тілі жабынмен қапталған, бүрлері жазылып кеткен. Аузынан жағымсыз иіс шығады, эпигастр аймағын сипап тексергенде орталық сызықтың сол жағында ауыру сезімі анықталды. ҚҚ -140/80 мм с.б., ЖСЖ - 70, тыныс жиілігі - 16, Нв - 115 г/л, Л - 8 х109/л. Зәр мен нәжіс анализі қалыптыдан ауытқымаған. Негізгі және түрткілік секреция тез азайған. Асқазан сөлінде уреазаның болуы оң. Асқазан сөлінің потеолиздік белсенділігі жоғары. Асқазан сөлінде фруктоза мен N-ацетилнейрамин қышқылының мөлшері төмендеген. Рентгенологиялық суретте асқазанның кардиалды бөлігінің жоғары бөлігінде «үңгір» симптомы анықталады.
1. Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады? (Асқазанның ойық жарасы)
2. Асқазан сөлінде уреазаның оң болуы не туралы мәлімдейді?
3. Ащымен кекірудің себебі не?
9 сабақ
1. Тақырыбы: Бауыр патофизиологиясы. Ұйқы безінің сыртқы секрециясының бұзылыстары
2. Мақсаты: бауыр жеткіліксіздігі синдромы және сыртқы сөлденістік ұйқы безі қызметінің бұзылыстарының этиопатогенез туралы түсінік қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:

  • бауыр қызметтері жеткіліксіздігінің этиопатогенезін сипаттап беруді

  • холемия көріністерін тәжірибеде анықтау және түсіндіру

  • балаларда бауыр қызметі бұзылыстары патогенезінің ерекшеліктерін сипаттау

  • Ұйқы бездің қызметі бұзылуы кезінде асқорыту бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін түсіндіре алуды

  • Балаларда ұйқыбездің қызметі бұзылыстарының этиопатогенезінің ерекшеліктерін түсіндіре алуды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет