1 сабақ Тақырыбы: Өлең сөздің патшасы



Дата29.03.2018
өлшемі355,03 Kb.
#39804



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы



044 -36/18-(5-2)

24 беттің -беті



«Қазақ тілі» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы

Мамандық: 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

Пән: қазақ тілі

Курс: 1 (II семестр)

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

2013 ж.
Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының мәжілісінде талқыланып,

бекітілді. «___»______2013 ж. хаттама № ____


Кафедра меңгерушісі________ Г.Н.Джумадиллаева

1 сабақ



1.Тақырыбы: Өлең - сөздің патшасы.

Зат есім, оның категориялары


2.Мақсаты:

- студенттерге өлең өнері туралы түсінік беру

- зат есімнің құрлымдық ерекшеліктерін ұғындыру;

- зат есімнің катергорияларына жалғаулардың байланысын көрсету.


3.Оқыту мақсаты: Мәтінмен жұмыс істеу барысында мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру, грамматикалык сауаттылыққа баулу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Мәтінге қатысты сөздік минимумдар.

2) Сөз өнерінің мәйегі болған өлең жанрының ғылыми атауы?

3) Зат есім туралы түсінік беріңіз.

4) Зат есім, оның категориялары.

5) Көмекші есімдер.

6) Зат есімнің катергорияларына төрт жалғаулардың жалғануы.
5.Білім берудің және окытудың әдістері: бағыт беру

Бағыт беру – мәселеге бағыттап оқытудың бір элементі, яғни оқытушы тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды атамайды, жанама мысалдар келтіріп, ойға шабуыл жасап негізгі анықтамаға жетелейді. Студенттер өздері ой қорытып анықтама мен негізгі мәселені шығаруы керек.

Тақырыпты өрбіту:

1. Қазақтың алғашқы ақындары.



2. Қазақ жазба әдебиетінің атасы.

3. ХХ ғ. басындағы қазақ ақындары.
6.Әдебиет.

Негізгі:


1. Аяпбергенова К. Қазак тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Казак тілі Грамматикалық анықтағыш А. 1996


Қосымша:

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. А. 1999

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

З.БектұровШ.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Уәлиұлы Н, Фазылжанова А, Күдеринова Қ, Әнес Ғ. Орфографиялық сөздік. А, 2007 ж.

2. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

3. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша — орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.


7.Бақылау: сұрақ-жауап

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:



  1. Зат есім дегеніміз не?

  2. Категория дегеніміз не?

  3. Зат есім мен көмекші есімдердің ара қатынасы қандай?

  4. Көмекші есімдерді атаңыз.

2 сабақ
1.Тақырыбы: Көркем сөз – көркем өнер.

Сын есім. Сын есімнің грамматикалық категориялары.


2.Мақсаты:

- лексикалық тақырып бойынша еркін әңгімелесуге баулу.

- тілдік материалдар бойынша сын есім, оның грамматикалық категориялары жөнінде ақпарат беру.
3.Оқыту мақсаты: студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін терендете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:


  1. Тақырыпқа қатысты сөздік минимумдарды атаңыз.

2) «Сөйлей білу өнері» тақырыбына диолог құрастырыңыз.

3) Сын есім туралы жалпы түсінік.

4) Сын есімнің грамматикалық категориялары.

5) Сын есімнің мағыналық түрлері

6) Сын есімнің жасалуы.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация

Презентация студенттерге слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранда анимациялық көріністерді бейнелеуге, дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тақырыптарды еркін меңгеруге көмектеседі.



Тапсырма: «Тіл – тас жарады, тас жармаса бас жарады» тақырыбына презентация дайындау.

6. Әдебиет

Негізгі:


1. Аяпбергенова К. Қазак тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Казак тілі Грамматикалық анықтағыш А. 1996

Қосымша:

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. А. 1999

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

З.БектұровШ.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Уәлиұлы Н, Фазылжанова А, Күдеринова Қ, Әнес Ғ. Орфографиялық сөздік. А, 2007 ж.

2. Момынов Т.А. Медицицналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

3. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша — орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.


7. Бақылау: сұрақ-жауап:

Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз:



  1. Сын есім дегеніміз не?

  2. Сын есімнің категорияларын ата?

  3. Сапалық сын есімі бар мақал-мәтелдер айтып, мазмұнын анықтап беріңіз.

  4. Күрделі сын есімі бар қанатты сөздерден мысал келтіріңіз.

Сын есімнің мағыналық түрлері

5. Сын есімнің жасалуы.

6. Сын есім жасайтын жұрақтарды атаңыз.
3 сабақ
1. Тақырыбы: М.Әуезов – суреткер.

Сын есім. Сын есімнің шырайлары



2. Мақсаты:

- М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру;

- М.Әуезов шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу;

- Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру;


3. Оқыту мақсаты:студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін терендете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) «М.Әуезов – Қазақстан үшін екінші Абай» деген ұғымды калай түсінесіз?

2) «Көксерек» әңгімесін негізге алып, пікірталас өткізу.

3) Лексикалык минимумдар.

4) Сын есімнің шырайларын атаңыз.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар

Шағын топпен жұмыс – студенттер өзара екі топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, тапсырманың мақсаты айқындалады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ қарсылас топтың орындаған жұмыс нәтижесіне өз бағасын береді. Тексеру барысын оқытушы қадағалайды.

І топтың тапсырмасы: «Абай жолы» қазақ халқының мақтанышы» тақырыбында әңгіме құрастыру.

ІІ топтың тапсырмасы: «М.Әуезов және Алаш қайраткерлері» тақрыбында әңгіме құрастыру.


6. Әдебиет

Негізгі:


1. Аяпбергенова К. Қазак тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалык анықтағыш А. 1996

Қосымша:

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінін дыбыстық жүйесі. А. 1999

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А,2002

З.БектұровШ.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Уәлиұлы Н, Фазылжанова А, Күдеринова Қ, Әнес Ғ. Орфографиялық сөздік. А, 2007 ж.

2. Момынов Т.А. Медицицналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

3. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша — орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.


7. Бақылау: жазбаша сұрау

Белгілі жазушылардың салауатты өмір салты туралы айтқан сөздерін жазыңыздар. Сөздердің байланысу түрлеріне қарай ажыратыңыздар.


4 сабақ

1. Тақырыбы: Қазақстанның экологиясы.

Сан есім, оның грамматикалық категориялары.


2. Мақсаты:

- Қазақстанның экологиясы жайында еркін әнгімелеуге үйрету;

- табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу;

- сан есім және оның грамматикалық категориялары туралы мәлімет беру.


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тақырып негізінде адам мен табиғат арасындағы байланыстан мысал келтіріңіз.

2. Қазіргі таңдағы Қазақстанның экологиясы жайында не білесіз?

3. Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.

4. Сан есімнің мағыналык топтары.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар

Шағын топпен жұмыс – студенттер өзара екі топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, тапсырманың мақсаты айқындалады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ қарсылас топтың орындаған жұмыс нәтижесіне өз бағасын береді. Тексеру барысын оқытушы қадағалайды.



І топтың тапсырмасы: «Қазақстанның экологисы» тақырыбына ойтолғау жазу.

ІІ топтың тапсырмасы: «Табиғатты аялайық» тақырыбында пікірлесу.
6. Әдебиет

Негізгі:


1. Аяпбергенова К. Казак тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А. 1996

Қосымша:

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінін дыбыстық жүйесі. А. 1999

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

З.БектұровШ.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Уәлиұлы Н, Фазылжанова А, Күдеринова Қ, Әнес Ғ. Орфографиялық сөздік. А, 2007 ж.

2. Момынов Т.А. Медицицналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

3. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша — орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.


7. Бақылау: тестілеу.

Тест бойынша жұмыс жасаңыз:


1. Дара сан есімге ... сөздері мысал болады.

А. Он жеті, қырық бір

В. Көк түсті, қызыл ала

С. Жетеу, он

Д. Оқы, біл

Е. Кейбір, ешкім

2. Күрделі сен есімге ... сөздері жатады

А. Отыз


В. Жүгіріп келе жатыр

С. Он төрт

Д. қызылды-жасылды

Е. Еңбек сіңірген

3. Есептік сен есімге ... сөздері мысал болады

А. Адамзат

В. Оннан бір

С. Тоқсан

Д. Төртінші

Е. Сабақ


4. Рим цифрімен келген сан есім-...

А. Қырық үш, екі

В. ХV ғасыр

С. Ондаған

Д. ҚазМҰУ

Е.1994 жыл

5. Анықтауыш қызметінде тұрған сан есім қайсысы?

А. Мен әкелдім

В. Он екі оқушы келді

С. Жүрісі өнбей келеді

Д. Бесеуі кешігіп қалды

Е. Саған сөз берілді

6. Бастауыш қызметінде тұрған сан есім - ...

А. Қыстыгүні, ертең

В.Он екі-сенің ойлаған саның

С. Әмбебап, отбасы

Д. Он-оннан, бес-бестен

Е. Екіншіге берілді

7. Баяндауыш қызметінде тұрған сан есім қайсысы?

А. Бағдаршам, зейнетақы

В. Ол қырық бесте

С. Қызықты, өтімді

Д. Елу жылда ел жаңа

Е. Екі адам келіп кетті

8. Толықтауыш қызметінде тұрған сан есімге ... сөздері мысал болады.

А. Дала, адам

В. Екіні, онды беске көбейт

С. Бақа-шаян, жақсы-жаман

Д. Кітапты бестерде алды

Е. Береке, мекенжай

9. Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есім-...

А. Ертең жарыс басталады

В. Шексіз жазық басталады

С. Сабақ сегіз жарымда басталады

Д. Оларға екі рет жәрдем ақы берілді

Е. Жиынға он үш адам қатысты.

10. Күрделі сан есім қайсысы?

А. Жиырма, алпыс

В. Екіден, бестен

С Екеуімен, жетеумен

Д. Бес-алты, үш-төрт

Е. Жүз, бес

11. Дара сан есімді анықта

А. Жүз


В. Он бір

С. Екіден бір

Д. Елу бес мың

Е. Жиырма бес


12. Қайсысының жазылуы дұрыс

А. 1999 жыл

В. 1999-ншы

С. 1999-жыл

Д. 1999-інші жыл

Е. 1999-ші жыл

13. Сөйлемдегі сан есім қандай қызмет атқарып тұр?

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

А. Бастауыш

В. Толықтауыш

С. Пысықтауыш

Д. Анықтауыш

Е. Баяндауыш

14. Қай қосымшаның жалғануы дұрыс

А. 80-нен

В. 200 ден

С. 20-30 дай

Д. 10-екі

Е. 40 тарда

15. Күрделі сан есімді тап

А. Он бес

В. Бес


С. Жиырма

Д. Алты


Е. Жеті
5 сабақ

1. Тақырыбы: Қызыл кітап.

Сан есімнің мағыналық топтары


2. Мақсаты:

- тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен камтамасыз ету;

- студенттің тілдік корын дамыту, тақырып бойынша мәтін құрауға үйрету.

- Сан есімнің мағыналық топтары, олардың кызметі туралы түсінік беру.


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік корын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) «Қызыл кітап» ұғымын түсіндіру.

2) Тақырып бойынша диолог құрастыру.

3) Сан есімнің мағыналық қызметі.

5) Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: бағыттау.

Сабақта оқытушы студентке мәселені көтеріп, қай бағытта жұмыс істеу керектігін сілтейді, әрі қарай студент жеке жұмыс жасайды.

Қазақстанның «Қызыл кітабы» тақырыбын негізге ала отырып, жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің маңыздылығы бойынша жұмыстар атқарады:


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: сұрақ-жауап:

Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз:



  1. Есептік есім дегеніміз не?

  2. Сан есімнің категорияларын ата?

  3. Күрделі сан есімі бар қанатты сөздерден мысал келтіріңіз.

4. Жинақтық сан есім дегеніміз не?

5. Сан есімнің жасалуы.

6. Болжалдық сан есімге мысал келтіріңіз

6 сабақ



1. Тақырыбы: Қазақстанның тарихи орындары.

Есімдік, тұлғалық түрлері, мағыналық топтары. Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері.


2. Мақсаты:

- Қазақстанның тарихи орындары туралы әңгімелеуге, тірек сөздерді еркін колдануға үйрету;

- есімдік және оның тұлғалык, мағыналык түрлерімен таныстыру;

- жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерінің анықтамасын түсіндіріп, мәнін ашу.


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) «Қазақстанның тарихи орындары» тақырыбында әңгімелеу;

2) Тақырыпқа қажетті лексикалық минимумдар.

3) Есімдік, негізгі және туынды есімдіктер.

4) Дара және күрделі есімдіктер.

5) Жіктеу есімдіктері. олардың грамматикалық кызметі.

6) Сілтеу, сұрау есімдіктері.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: бағыт беру

Бағыт беру – мәселеге бағыттап оқытудың бір элементі, яғни оқытушы тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды атамайды, жанама мысалдар келтіріп, ойға шабуыл жасап негізгі анықтамаға жетелейді. Студенттер өздері ой қорытып анықтама мен негізгі мәселені шығаруы керек.



Тақырыпты өрбіту:

  1. Қазақстан- табиғаты бай мемлекет.

  2. Оңтүстік Қазақстанның көрікті жерлері.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медицицналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Есімдік және оның түрлері.

  2. Сілтеу есімдігі бар мақал – мәтел айтыңыздар.

  3. Сұрау есімдігіне бірнеше мысал келтіріңіздер.

  4. Сүйіп оқитын ақындарыңыздың өлеңдерінен үзінді оқып, ішінен есімдігі бар сөздерді атап шығыңыздар.

7 сабақ



1. Тақырыбы: Менің мамандығым.

Өздік, жалпылау, болымсыздық, белгісіздік, есімдіктері. Есімдіктердің есім сөздердің орнына қолданылуы.


2. Мақсаты:

- тақырып бойынша еркін әңгімелеуге үйрету;

- грамматикалық тақырыпты түсіндіре отырып, сауаттылыққа баулу;
3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік корын молайту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) «Менің мамандығым» тақырыбында презентация әзірлеу

2) «Мамандығым- мақтанышым» тақырыбында диалог кұрастыру.

3) Есімдіктердің мағыналық қызметіне тоқталыңыз

4) Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері.

5) Есімдіктердің мағыналық түрлері.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: презентация

Презентация студенттерге слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранда анимациялық көріністерді бейнелеуге, дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тақырыптарды еркін меңгеруге көмектеседі.



Тапсырма: Студент өзі таңдаған мамандықтың шапағаты мен машақаты жайлы мысалдар келтіріп, презентация дайындау. Ең үздік презентацияға номинация беру.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Есімдік және оның түрлері.

  2. Сілтеу есімдігі бар мақал – мәтел айтыңыздар.

  3. Сұрау есімдігіне бірнеше мысал келтіріңіздер.

  4. Сүйіп оқитын ақындарыңыздың өлеңдерінен үзінді оқып, ішінен есімдігі бар сөздерді атап шығыңыздар.

5. Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері.

6. Есімдіктердің мағыналық түрлері.


8 сабақ



1. Тақырыбы: Біздің академия

Етістік. Дара және күрделі етістіктер. Тұйық етістік, оның жасалуы. Болымсыз етістік


2. Мақсаты:

- сабақ барысында студентке оз оқу орны туралы әңгімелеуді үйрету;

- академиянын тарихын оқыта отырып, студенттің оқу орнына деген құрметін арттыра түсу;

- тілдік материалдар бойынша етістік, оның құрамына карай жіктелуі жөніндебілімін калыптастыру;

- тұйық етістік, болымсыз етістік, олардың жасалу жолдары туралы мәлімет беру.

3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Біздің академия, қалыптасу тарихы.

2. Тақырыпқа қажетті лексикалық минимум.

3. Етістік, құрамына қарай түрлері.

4. Тұйық етістік, оның жасалуы.

5. Болымсыз етістік, жасалу жолдары.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: семинар

Семнар «semen» - латын тілінде «ұрық» деген мағына береді. Семинар сабағында әр студент өз бетінше жеке пікірлерін дәлелдеп, ортақ шешімге келеді.

Жоғарыдағы сұрақтар негізінде мәлімдеме әзірлейді. Семинардың қорытындысын жасайды.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: тестілеу
Тест бойынша жауап беріңіз:

1. Заттың қимыл әрекетін, қалпын білдіретін сөз табы ... деп аталады.

А. зат есім

В. сын есім

С. сан есім

Д. етістік

Е. үстеу

2. Тұлғасына қарай етістіктер ... болып бөлінеді

А. негізгі және туынды

В. негізгі және көмекші

С. салт және сабақты

Д. болымды және болымсыз

Е. дара және күрделі

3. ... сөзі – туынды етістік

А. отыр

В. ойла


С. оқы

Д. бер


Е. жаз

4. Құрамына қарай етістіктер ... болып бөлінеді

А. негізгі және туынды

В. негізгі және көмекші

С. салт және сабақты

Д. болымды және болымсыз

Е. дара және күрделі

5. ... сөзі – құрамына қарай күрделі етістік

А. ойна

В. гүлде


С. барып кел

Д. оқыт


Е. жаз

6. ... сөйлемінде дара етістік қолданылғын

А. Еңбек ерді есейтеді

В.Ол жығылып қалды

С. Табиғат – біздің досымыз

Д. Марат күліп жіберді

Е. Ертегі тыңдағанды жақсы көремін

7. ... күрделі етістікті сөйлем

А. Арман үйірмеде отыр

В. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

С. Самат байқаусызда сүрініп кетті

Д. Алты екіге бөлінеді

Е. Айгүл үйірме жұмысына кетті

8. ... – фразеологизмнен болып тұрған күрделі етістікті сөйлем

А. Біліміне сенген адамның мұрнын балта шаппайды

В. Алдар көсе байды алдап-сулады

С. Ол үйіне барып келді

Д. Студенттер сабаққа келген жоқ.

Е. Мәліктің сапардан келгеніне екі-ақ күн болды

9. Тұйық етістік ... жұрнағы арқылы жасалады

А. –ма,-ме

В. -у


С. –шы, -ші

Д. –мақ, -ме

Е. -ын

10. Тұйық етістік орыс тіл білімінде ... деп аталады.



А. глагол

В. имя существительное

С деепричастие

Д. неопределенная

Е. причастие

11. ... тұйқ етістік

А. оқы

В. сөйлемде



С. кітап оқу

Д. әкет


Е. орныңды біл

12. Тұйық етістік қимылдың ... білдіреді

А. атын

В. санын


С. ретін

Д. түрін


Е. әрекетін

13. ... жұрнақтары болымсыз етістік жасайды

А. –ған, -ген

В. –шы, -ші

С. -у

Д. –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе



Е. –ын,-ін, -ыл, -іл

14. ... етістігі болымсыздық тұлғада тұр

А. айтшы

В. көрсет

С. отыру

Д. қарала

Е. өткізбе

15. Болымсыз етістік:

А. көрме ашылды

В. көрме досыңнан

С. немереме беремін

Д. бөлменің есігі

Е. есіме оралды

9 сабақ


1. Тақырыбы: Дипломат келбеті.

Етістіктің шақтары. Өткен шақ, келер шақ, осы шақ


2. Мақсаты:

- студенттердін тілдік корын масайту;

- тисті сөздік минимумдармен камтамасыз ету;

- тілдік материалдар негізінде грамматикалық сауаттылыққа баулу.


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дипломат келбеті туралы әңгімелесу

2. Суреттер негізінде әңгіме кұрастырыңыз

3. Етістіктің шақтарын атаңыз.

4. Өткен шақ пен жедел өткен шақтың ерекшелігін атаңыз?

5. Осы шақ пен келер шақтың ерекшілігі неде?



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікір-талас

Пікір-талас – оқытушы тарапынан ұсынылған негізгі мәселелер төңірегінде пікір-таласқа қатысушылар жақтаушы не даттаушы болып екіге бөлініп, өзінің көзқарасын нақты мәліметтерді, дәйектемелерді көрсете отырып дәлелдейді. Өзінің қарсыласын жеңе алатындай дәлеледер келтіріп, сөз шеберлігін, қызуқандылық танытады. Пікір-таласты оқытушы бақылап, бағыт береді.

Тапсырма:

Сіз алдағы аптадан бастап алыс шетелге елші-дипломат қызметіне тағайындалдыңыз.Ең алдымен өз еліңіз бен ұлтыңызды, салт-дәстүріңіз бен болмысыңызды таныта отырып, шетелдіктермен қалай жұмыс істейсіз?! Алдағы аптаға жоспар құрыңыз. Кімнің жоспары өзекті әрі тартымды екенін анықтаңдар.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: сұрақтар мен тапсырмалар

1. Дипломат келбеті туралы әңгімелесу

2. Етістіктің мағыналық топтарын атаңыз.

3. Етістіктің шақтарын айтыңыз.

4. Өткен шақ пен жедел өткен шақтың ерекшелігін атаңыз?

5. Осы шақ пен келер шақтың ерекшілігі неде?

6. Келер шаққа мысал келтіріңіз.

10 сабақ


1. Тақырыбы: Қоғам және жастар.

Рай категориясы. Етістіктің сөйлемдегі қызметі.


2. Мақсаты:

- қоғам және жастар туралы түсінік беру;

- студенттердің тілдік қорын молайту

- етістіктің рай категориясы, оның түрлері жайында мәлімет беру;

- етістіктің синтаксистік кызметін түсіндіру.

3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қоғам және жастар арасындағы міндеттер бойынша хабарлама әзірлеңіз

2. Рай категориясы.

3. Рай түрлері.

4. Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

5. Етістіктің синтаксистік кызметін түсіндіру.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар

Шағын топпен жұмыс – студенттер өзара екі топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, тапсырманың мақсаты айқындалады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ қарсылас топтың орындаған жұмыс нәтижесіне өз бағасын береді. Тексеру барысын оқытушы қадағалайды.



І топтың тапсырмасы: «Ел болашағы- білімді жастар еншісінде» (Н.Ә.Назарбаев) деген сөзін талдау.

ІІ топтың жұмысы: Қоғам тарапынан жастарға жасалынып жатқан қамқорлықар жайлы ой-пікір.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медицицналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: жазбаша талдау.

Тіл ұстарту мақсатында «Ел болашағы- білімді жастар еншісінде» тақырыбында

өздік жұмыс жазыңыздар.

11 сабақ



1. Тақырыбы: Қазақстан -әлемдік кеңістікте.

Етіс категориясы. Есімше, көсемше, тұлғалық етістіктер


2. Мақсаты:

- студенттерді лексикалык тақырыппен таныстыра отырып, сөздік қорын молайту.

- кажетті сөздік минимуммен қамтамасыз ету;

- етіс категориясы. Есімше, көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру.


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстанның қол жеткен жетістіктерін атаңыз

2. Тақырып бойынша пікір алмасу

3. Етіс категориясы.

4. Етістіктің сөйлемдегі қызметі туралы айтыңыз.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: бағыт беру

Бағыт беру – мәселеге бағыттап оқытудың бір элементі, яғни оқытушы тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды атамайды, жанама мысалдар келтіріп, ойға шабуыл жасап негізгі анықтамаға жетелейді. Студенттер өздері ой қорытып анықтама мен негізгі мәселені шығаруы керек.



Тақырыпты өрбіту:

  1. Әлем мойындаған Қазақстан

  2. «Қазақстан -2030- Орталық Азия барысы»

  3. «Біз, кешегі бабамызбен, бүгінгі бағамызбен ғана емес, ертеңгі шамамызбен де мақтана аламыз» (Н.Ә.Назарбаев)


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: сұрақтар мен тапсырмалар

1. Қазақстанның қол жеткен жетістіктерін атаңыз

2. Есімше және көсемше.

3. Етіс категориясы.

4. Етістіктің сөйлемдегі қызметі туралы айтыңыз.

5. Өздік етіске мысал келтіріңіз.

6. Ортақ етіс пен ырықсыз етіске мысал келтіріңіз.

12 сабақ



1. Тақырыбы: Қазақстан спорты және отансүйгіштік.

Үстеу және оның мағынасына қарай түрленуі



2. Мақсаты:

- тақырып бойынша еркін тақырып алмасуға үйрету;

- адамгершілік пен ізгілік қасиеттеріне баулу;

- үстеудің мағыналық түрлері туралы түсінік беру;


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік корын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстан спорты және отансүйгіштік тақырыбында презентация әзірлеу

2. Тақырыпқа қатысты негізгі ұғымдарды түсіндіріңіз

3. Үстеу дегеніміз не?

4. Үстеудің морфологиялық құрылысы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар

Шағын топпен жұмыс – студенттер өзара екі топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, тапсырманың мақсаты айқындалады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ қарсылас топтың орындаған жұмыс нәтижесіне өз бағасын береді. Тексеру барысын оқытушы қадағалайды.



І топтың тапсырмасы: Қазақстан спорты және отансүйгіштік дегенді қалай түсінесіз.

ІІ топтың тапсырмасы:Ел болашаған бірге құрайық.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: тестілеу
Тест бойынша жауап беріңіз:
1. Мезгіл үстеуі ... тіркесінде қолданылған

А. Тауып алды

В. Отыз адам

С. Жақсы белгі

Д. Ежелден таныс

Е. Ертең келеді

2. Мөлшер үстеуі ... тіркесінде қолданылған.

А. Ілгері кетті

В. Кеше келген

С. Сәл аялдады

Д. Ән салып

Е. Шалқасынан жатыр

3. Мекен үстеуі ... тіркесінде қолданылған.

А. Былтыр көрген

В. Ілгері жылжыды

С. Ән айтылыпты

Д. Көзбен көрді

Е. Бұлбұлша шырқады

4. Мезгіл үстеуі ... деген тіркесте байқалады

А. Көптен бері сырласпыз

В. Дала жайқалып тұр.

С. Көңілді кеш болды

Д. Ақ боран түтейді

Е. Сенімді адам

5. ... мақсат үстеу

А. Былтыр

В. Бірталай

С. Қасақана

Д. Алда

Е. Амалсыздан



6. Мекен үстеуіне ... жатады

А. Кенеттен

В.Анағұрлым

С. Әжептәуір

Д. Әрмен

Е. Сонша


7. Мақсат үстеу ... сұрақтарына жауап береді.

А. Неліктен? Не үшін?

В. Қашан? Неше?

С. Қалай? Қайтіп?

Д. Кімге? Қалайша?

Е. Қанша?

8. ... сөзі туынды үстеу болады.

А. Өте


В. Орысша

С. Бұрын


Д. Аса

Е. Орасан

9. ... сөзі күрделі үстеу болады.

А. Шапшаң

В. Жоғарыдан

С. Құсша


Д. Бүрсігүні

Е. қазір


10. ... сөзі қосарлану арқылы жасалған үстеу

А. төмен


В. жолшыбай

С қолма-қол

Д. сонша

Е. ілгері

11. Туынды үстеу ... сөзі болады.

А. Осы


В. Бұрындау, төмендеу

С. Жоғары, төмен

Д. Биыл

Е. Қазір


12. ... мезгіл үстеулі тіркес

А. Осыншама ауыр

В. Төмен түсті

С. Биыл алды

Д. Әдейі айттым

Е. Жорта сөйледі

13. ... мекен үстеулі тіркес

А. Жоғары шықты

В. Биыл алды

С. Осыншама ауыр

Д. Ерте тұрды

Е. Тез қимылдады

14. Мезгіл үстеулі сөзге ... жатады

А. Жоғары өрледі

В. Қысы-жазы

С. Ілгері кетті

Д. Ышқына соқты

Е. Өте үлкен

15. Мекен үстеулі тіркеске ... жатады

А. Шырт ұйқыда жатыр

В. Тағы да келді

С. Орында отыр

Д. Қалада тұрады

Е. тіпті ұзақ


13 сабақ


1. Тақырыбы: Қазақстандағы білім беру жүйесі.

Шылау, оның түрлері. Үстеу мен шылаудың сөйлемдегі қызметі


2. Мақсаты:

- Қазақстанның білім беру жүйесімен жақыннан таныстыру, ол жайында еркін сөйлеуге үйрету;

- шылау, оның түрлері туралы түсінік беру;

- үстеу мен шылаудың сөйлемдегі қызметі туралы айту;


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы әңгімелеңіз

2. Тиісті сөйлесім үлгілерін көрсетіңіз

3. Үстеу мен шылаудың сөйлемдегі қызметі

4. Демеулік, септеулік шылаулар;

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар

Шағын топпен жұмыс – студенттер өзара екі топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, тапсырманың мақсаты айқындалады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ қарсылас топтың орындаған жұмыс нәтижесіне өз бағасын береді. Тексеру барысын оқытушы қадағалайды.

І топтың тапсырмасы: «Қазақстанның жастарға қамқорлығы» тақырыбында ойтолғай.

ІІ топтың тапсырмасы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» тақырыбын талдау.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: сұрақтар мен тапсырмалар

1. Шылау дегеніміз не?

2. Үстеу мен шылаудың сөйлемдегі қызметі

3. Демеулік, септеулік шылаулар

4. Жалғаулықтар дегеніміз не?

5. Жалғаулық шылаулардың түрлерін атаңыз?


14 сабақ



1. Тақырыбы: Ғылым мен техника.

Одағай еліктеуіш сөздер


2. Мақсаты:

- сабақ барысында студенттерді кішіпейілдікке, мейірімділікке тәрбиелеу;

- лексикалык тақырып негізінде сөздік қорын молайту;

- грамматикалык тақырып бойынша одағай, еліктеуіш сөздер, олардың түрлері туралы анықтама беру арқылы білім алушылардың сауаттылығын арттыру.


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік корын молайту. Тақырыпқа қажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ғылым мен техника туралы диалог кұрастырыңыз

2. Тақырып бойынша сөйлесім үлгілерін атап өтіңіз

3. Одағай мағынасына қарай түрлері.

4. Еліктеу сөздер.

5. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: семинар

Семнар «semen» - латын тілінде «ұрық» деген мағына береді. Семинар сабағында әр студент өз бетінше жеке пікірлерін дәлелдеп, ортақ шешімге келеді.



Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері туралы мәліметтер жинап, жазады. Соңында ортақ резолюция қабылданады.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медицицналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: жазбаша талдау

Тіл ұстарту мақсатында өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді еске түсіріп, өздік диктант жазыңыздар.

15 сабақ
1. Такырыбы: Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары.

Сөйлемге морфологиялық талдау жасау


2. Мақсаты:

- мамандыкка қажетті сөздік минимумдармен қамтамасыз етіп студенттерді тақырып бойынша әңгімелеп беруге үйрету;

- тақырып бойынша өткен материалдар туралы анықтама беру арқылы білім алушылардың сауаттылығын арттыру.
3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік корын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары туралы әңгімелесу

2. Тақырып бойынша диалог кұрастыру

3. Морфология дегеніміз не?

4. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: рөлдік ойындар

Рөлдік ойын ол – іс-әрекет, ол – таным, ол- оқып және үйрену құралы. Белгілі бір тапсырма, қағидалар бағытындағы мақсаттар мен міндеттерді орындау әрекеті.Мұнда студенттер жұптық ойындарды орындайды. 7-8 адамнан тұратын шағын топтардың орталарынан жетекші сайланады. Ойынға қатысушылар мәселелік ақпаратты жартылай түсінеді, ал мәселені толық шешу үшін әрекет жасайды. Олардың мақсаты – ақпаратты толық түсіну үшін бірлікте болып жұмыс істеу.

Тапсырма:

Әлем мойындаған Қазақстанның азаматтырының ғылыми жаңалықтарынан мысалдар келтіру, әрі маңыздылығын талдау.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Казақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: жазбаша талдау.

Тапсырма: мәтінді оқып, морфологиялық талдау жасаңыздар,


Әке мен бала

Бір адам 10 жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайтып келе жатады. Жолда жатқан бір ескі тағаның сынығын көріп, әкесі баласына:



  • Балам, ана тағаны ала жүр, - дейді. Сонда баласы әкесіне:

  • Сынып қалған ескі тағаны алып не қыламыз? – депті.

Әкесі еш нәрсе айтпай, тағаны алып жүре береді. Қаланың шетінде темірші ұстаға үш тиынға сатып, ол ақшаға шие сатып алады да, өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай жүре береді. Біраз жүргеннен кейін әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Әкесінің соңында шиеге қызығып келе жатқан бала шиені дереу жерден алып, аузына салады. Шамалы жүргеннен кейін әкесі тағы бір шиені тастайды, бала тағы алып жейді. Тағы тастайды, тағы алып жейді. Сонда әкесі баласын тоқтатып тұрып былай дейді:

- Көрдің бе, балам. Жаңа ғана жерден бір ғана еңкейіп алуға ерініп едің, енді сол есік тағаның ақшасына алған шиенің жерге түскенін теремін деп бір еңкеюдің орнына үш еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: « Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың».



(Ы.Алтынсарин)





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет