Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Атом қандай бөлшектерден тұрады?
2.Электронның заряды қандай?
3.Химиялық байланыс қандай жағдайда түзіледі?
4Электртерістілік деген не?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Түртіп алу стратегиясы.Дәптермен жұмыс
Алдыңғы оқу
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
– сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.
– оқушыларды психологиялық дайындау.
– оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
ІІ. Тірек білім мен біліктерді тексеру
1.Атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынған ғалым.
(Э. Резерфорд)
2. Атом ядросының құрамы.
(протон, нейтрон)
3. Ядро құрамындағы зарядсыз бөлшек қалай аталады?
(нейтрон)
Ортасы
Электртерістік дегеніміз не?
1. Атомдардың басқа басқа элемент атомдарымен қосылысында көрсететін қасиеті;
2. Элемент атомының ядро заряды мен атом радиусына байланысты басқа элементтерден электрондарды өзіне тартып алу қасиеті;
Электртерістілік түралы түсінік – оқушыларға хим/байланыстар табиғатының мәнін түсінуге және ұғынуға көмектеседі. Электртерістіліктің абсолюттік мәні іс жүзінде қолдануға қиын тиетін сандармен анықталады, сондықтан ол салыстырмалы сандармен анықталады. Электртерістілік қатарымен таныстыру:
F,O,N,CI,Br,S,C,Se,I,P,As,H,B,Si,Sb Солдан оңға қарай электртерістілік кемиді. → Оқулықпен жұмыс. Үш топқа үштапсырма №2,3,4 Түртіп алу стратегиясы.Дәптермен жұмыс
«V» -білемін
«+»-мен үшін жаңа
«-»-басқаша ойлаймын
«?»-түсінбедім,тереңірек білгім келеді.
Аяқталуы
Ой толғаныс:1-2-3 топтарға
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Қосымша ақпарат :
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АҚТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс.
-
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Сабақтың тақырыбы: Негізгі топша элементтерінің қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы. Сабақ №7
Күні
Бекітемін
СЫНЫП:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Негізгі топша элементтерінің қасиетін ажырата білу
Оқу нәтижелері
Барлық оқушылар:
Топ, период ұғымын ажыратады. Негізгі топша элементтерінің қасиеттерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:
Негізгі топша элементтеріне сипаттама береді.
Кейбір оқушылар:
Негізгі топша элементтерінің қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығын айта алады.
Алдыңғы оқу
Электртерістілік, валенттілік. Тотығу дәрежесі
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Түрткі сұрақ : Периодтық жүйеге сүйеніп элементті қалай сипаттаймыз
Ортасы
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.
Білімділік міндеттері:
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары: Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері 3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):
1Фронталды сұрақтар: (нашар үлгерушілермен жұмыс)
Периодтық жүйе қанша период және қанша топтан тұрады?
Период деген не?
Топ не себебті топшаларға бөлінеді?
Білімділік міндеттері:
-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;
-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;
-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.
Мұғалімнің ауызша түсіндіруі:
Атомдардың электрондық қауызына орай анықталатын элементтердің барлық қасиеттері периодттық жүйенің периоды мен тобы бойынша заңды өзгереді, себебі ұқсас элементтердің электрондық құрылымы ұқсас, бірақ бірдей емес, сондықтан топта және топшада бір элементтен екіншісіне ауысқан кезде қасиеттердің жай қайталануы емес олардың заңды өзгеруі байқалады.
Электрондық конфигурацияға байланысты атомдардың келесі қасиеттері : атом радиусы, иондану энергиясы, электрон тартқыштық, электротерістілік, тотығу дәрежесі периодты өзгереді.
Атом радиусы. Атомның шамасын дәл анықтау мүмкін емес. Есептеулерде шартәрізді атомдар радиустарының жуықталған мәндері қолданылады. Оларды рентгенқұрылымдық әдіспен бір элементтің екі көрші атомдарының орталықтарын (центрлерін) бөлетін қашықтықтың шамасын пайдаланып анықтайды.
Атом радиусы элементтің қасиетіне әсер етеді. Радиус неғұрлым үлкен болса, сыртқы деңгейдің электрондары соғұрлым әлсіз тартылады. Керісінше атом радиусы кемігенде электрондар ядроға күшті тартылады.
Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай кемиді. Мұны ядро заряды артқанда электрондардың тартылу күшінің өсуімен түсіндіреді. Топшада жоғырыдан төмен қарай атом радиусы артады, өйткені қосымша электрондық қабаттың қосылуы нәтижесінде атомның көлемі ұлғаяды. (2.20-сурет).
Сонымен ядро заряды артқанда атом радиусының өзгеруі анық периодтық сипатта болады. (2.21-сурет )