1. Салық есебі туралы түсінік бойынша баяндама дайындау. Әдістемелік нұсқау



бет3/5
Дата08.05.2020
өлшемі30,56 Kb.
#66582
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 тапсырма
ОСӨЖ арналған тапсырмалар
Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төлеген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын са-лықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сырқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспртқа және импортқа салынатын салық түрін-дегі кеден кірістері, ішкі рынокте салынатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың  құрылымына әсер етуі мүмкін.

Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызмет-тің тарифіне) қосылатындығында, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салық-ты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жал-пымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

Пайдалану тәртібіне  қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты (ар-наулы) болып бөлінеді.

Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың  нысаналы  арналымы болады және әдет-егідей түрлі арнаулы  қорлардың  қаржы базасын құруға арналады.

Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салық-тар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің  салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға  салынатын салықтар – бұл тауарлармен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.



Салық салу объектілерін есепкеалу және оларды бағалау тәсілдеріне қа-рай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық*, салық тө-леушінің  мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

Бірінші жағдайда  салықты есептеу мен  оны алу,  салық салу объекті-лерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық  (жер  салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге ас-ырылады.

Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдік-терді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық  мағлұмдамасын  есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық  табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына  салынатын  салықты және жер салығын төлеушілер ( арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспаған-да)салық органына олар бойынша мағлұмдаманы  есепті салық кезеңінен кейін жылдың  31-інші наурызына береді.

Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:



  1. төлем  көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;

  2. тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын са-тып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жо-ғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды асырғандар;

  3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке  тұлғалар;

  4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі Қазақстан Республикасының сылайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне  сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.

Салық төлеушілен салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мер-зіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзар-туға құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.



Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.

Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне беріле-тін патент негізінде төленеді. Патент- арнаулы салық режімін қол-дану құқы-ғын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төлен-гендігін растай-тын құжат. 

Салық есебінің екі әдісі қолданылады:



  • кассалық ;

  • есептеу әдісі.

Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қыз-мет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.

Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарарды өткізу және кіріс-ке алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.

Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған.Төлеушілер үшін оның  кемшілігі – сал-ық төлемдері жеткізіліп тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға  ұрындырады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.

Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбегі мыналарды  қамтиды:

     1.Салықтар

     1.Корпорациялық табыс салығы.

     2.Жеке табыс салығы.

     3.Қосылған құнға салынатын салық.

     4.Акциздер.

     5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

     6.Әлеуметтік салық.

     7.Жер салығы.

     8. Көлік құралдарына салынатын салық.

     9.Мүлікке салынатын салық.

     10.Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.

  11.Қазақстан Республикасының жасалған келісім шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

     2.Алымдар.  


  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркенегі үшін алынытын алым.                                                                                                                                  3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелер-ді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

4.Радиоэлектрондық құралдарды және жилігі жоғарғы құралдарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6.Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

7.Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8.Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.

9.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

10.Акциондардан алынатын алым.

11.Елтаңбалық алым.

12.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

13.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.

    3.Төлемақылар:

1.Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

2.Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

3.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

4.Жануарлар дүниесін пайдаланған үшін төлемақы.

5.Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

7.Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

8.Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

9.Сыртқы(көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

     4.Мемлекеттік баж.

     5.Кеден төлемдері:

     1.Кеден бажы.

     2.Кеден  алымдары.

     3.Төлемақы.

     4.Алымдар.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» заң мен тиісті жылға арналған респуб-икалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының –Қаржы министірлігін, облыстардағығ аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды.Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, мін-детті зейнетақы жарналарының  толық және дер кезінде аударылуын қамта-масыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттеме-лерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

 «Салық» және «салық салу» ұғымдарын ажырата білген  жөн: бірінші жағ-дайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде – экономи-калық – құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет