1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері



бет25/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò

Демократизация (көне грекше: δῆμος — халық және көне грекше: κράτος - билік) - демократиялық құрылымды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған саяси және әлеуметтік процестер.
1990-шы жылдардың басында саяси ғылымда "демократизация толқындары" деген жаңа ұғым енді. Ол еларалық кеңістікті - демократиялық процесс уақытын көрсетеді. Демократиялық процесс толқындары теориясын жасауда және оны талдауда С. Хантингтонның қосқан үлесі зор. 1991 жылы жарияланған "XX ғасырдың соңындағы демократизацияның үшінші толқыны" атты монографиясында ол қазіргі әлемде жүріп жатқан өзгерістерді толықтай көрсетіп, тоталитаризм мен авторитаризмнен демократияға өту жолдары мен алғышарттарын талдады. Бүл еңбекте Хантингтон "демократизация толқындарына" келесідей анықтама береді: "демократизация толқыны дегеніміз - демократиялық емес тәртіптегі елдердің демократиялыққа өту кезеңдері".
Демократизацияның негізгі бағыттары:

  • адамдарды қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға тарту;

  • жеке тұлғалардың, биліктің өкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары мүшелерінін ұсыныстар жасауына мүмкіншілік туғызу, қоғамның өзін-өзі басқаруын дамыту;

  • әрбір ұлт пен халықтың еркін дамуы, олардың тең құқылы ынтымақтастығын нығайту;

  • заңдылық пен құқықтық тәртіпті тұрақты бекітіп отыру;

  • жариялылықтың кеңеюі;

  • мемлекеттік және қоғамдық істерді шешудегі қоғамдық пікірді ескеріп отыру: сайлау жүйесін жетілдіру

63.Фашизм және неофашизм түсініктері
Неофашизм[1] – 2-дүниежүзілік соғыстан кейін таратылған фашистік ұйымдардың саяси және идеялық бағытын жалғастырушы қазіргі заманғы оңшыл-радикалдық қозғалыс.
Азия мен Африкада отарлық жүйенің ыдырауына байланысты Батыс Еуропадағы бұрынғы метрополияларға отар елдерден иммигранттар ағылды. Олардың көбеюіне байланысты Еуропада 1960 – 1980 жылдары оңшыл-радикал бағыттағы ұйымдар көптеп құрылып, Неофашизм күшейді. 1991 жылы КСРО тарағаннан кейін халық тұрмысының күрт нашарлауы, жұмыссыздық және Кавказ бен Орталық Азиядағы ұлтаралық жанжалдар нәтижесінде Ресейде де “орыс ұлтының” мүддесін бәрінен жоғары қоятын радикал партиялар мен қозғалыстар тез күшейе бастады. Неофашизмге қоғамның демократиялануы және қатал заңға бағынуы ғана тосқауыл бола алады.
Фашизм (лат. fascismo, fascio – диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі) — 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет