Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.[1]
Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.
Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушы партия мемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады; оппозициялық бағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады.[2]
Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі
68.Терроризм: келбеті, қарсы күресу жолдары.
терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ тетерроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі – терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шектеулер белгілеуге жол беріледірроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.
69.Тәуелсіз Қазақстанның саяси рәміздері.
70.Қазақ халқының рухани мұрасындағы саяси ойлар. ХIX – XX ғ.ғ. қазақ ойшылдарының саяси идеялары
71.Қоғамдық саяси қозғалыстар,бірлестіктер және саяси процесстегі ролі.
Қоғамдық – саяси қозғалыстар қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың бастамасымен құрылған ерікті құрылымдар болып табылады.Қозғалыстың қатысушылары нақты бір үлкен мақсатты көздейді мысалы бейбітшілік үшін күрес экология үшін күрес.Адамдар ұлтына саяси және діни көзқарастарының әртүрлі болуына қарамастан біріге береді.
Белгілері
Билік үшін күресуді маұсат етпейді
Әлеуметтік базасы кең
Құрамы тұрақсыз және нақты қалыптасқан тұрақты мүшесі жоқ
Нақты құрылымы және идеологиясы жоқ
Өзін-өзі басқаруға негізделген бірақ сайланбалы басқару органы бар
Өмір сүру уақыты қысқа
Көпшілік лидерге оның танымалдылығы мен беделіне тәуелді
Қоғамдық саяси қозғалыстардың түрлері
Құрылымы бойынша Консервативті
Реформистік
Революциялық
Идеологиялық негізі бойынша Либералды-демократиялық
Консервативті
Социалистік
Ұлттық белгісі бойынша Ұлт-азаттық
Ұлттың өзін-өзі анықтауы үшін
Мәдени-ұлттық автономиясын анықтау үшін
Демографиялық белгісі бойынша Жастар
Студенттер
72.Саяси технологиялар анықтамасы, түрлері, ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |