№1 СӨЖ. Тұлғаны дамыту, қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау Нақты жағдаяттарды талдау әдістері негізінен кейс-әдістің («case» ағылшын тілінен аударғанда – жағдай дегенді білдіреді) түрлі атаулары болып табылады. Ол күнделікті өмірде, кәсіби тәжірибеде кездесетін түрлі жағдаяттарда шешім жасауға негізделген пікірталас сипатындағы оқыту әдісі. Мұнда оқиғаның ғылыми тұжырымдалған түрі әлеуметтік-психологиялық білім беру барысында оқу моделі ретінде қолданылады. Нақты жағдаяттарға талдау жасауға шығармашылықпен келу қажет. Әдетте нақты жағдаяттар үш түрге жіктеледі:
Таныс жағдаят. Оны шешуде ұқсас үлгілерді басшылыққа алуға болады. Сондықтан олардың шешімі де, әдісі де стандартты болып келеді.
Ұқсас жағдаят. Дәлме-дәл бірдей болмағанымен, көп ұқсас белгілері бар, түпкі негізі де ортақ болып келетін жағдаяттарды өзара салыстыра отырып, нақ осы жағдаятқа қажетті ең оңтайлы шешімді таба білу де студенттер үшін үлкен сын.