1-срсп тапсырмалары


Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарысты ұйымдастыру. Қазақ батырлары



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі17,35 Kb.
#79623
1   2   3
Байланысты:
1769086852Abylai hannyn askeri zhane memlekettik kairatkerligi GI-32

3. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарысты ұйымдастыру. Қазақ батырлары
Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды.Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.
Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.Басқыншыларға қарсы қарулы карсылықты ұйымдастыруда қазақтың әр түрлі рулары мен тайпаларынан және жүздерінен шыққан Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Жасыбай, Есет, Малайсары, Баян, Олжабай, Қожаберген, Түгел, Бөлек, Шақантай, Төленді,Қошқарбай, Байболат сияқты басқа да көптеген батырлары маңызды рөл атқарды. Батырлар жеке дербес жасақтарды басқарды және оларды қанды шайқаска, ерен ерлік көрсете отырып, өздері бастап кірді. Олардың бәрі де Әбілқайыр хан мен Бөгенбай батырдың жалпы басшылығымен, қатаң жауынгерлік тәртіпті сақтай отырып, үйлесімді ұрыс қимылдарын жүргізді. Жоңғар басқыншыларына қарсы шайқасқа әйелдер де белсене қатысты. Атап айтқанда, Олжабай батыр. Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босанғаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жібереді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гауһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту».Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.Сұрапыл шайқастың алғашқы кезеңіндеп қатыгез қырғындардағы жеңіліс қазақ халқының ұнжырғасын түсірген жоқ. Олар жеңіске жетеміз деген рухы мен ерік-жігерін сақтай білді. Халықтың жаппай ерлік көрсетіп, қаһармандық танытуы, өздерін ар-намыс жолында құрбан етуге дейін баруы арқасында қатыгез жаудың ойранды әрекеттеріне төзе біліп, төтеп беріп қана қойған жоқ, жоңғар басқыншыларын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол кезеңнің «Қазақ батырлығының алтын ғасыры» деп аталуы тіпті де тегін емес.Айрықша атап айтуға тұрарлық нәрсе -қазақ батырлары басқыншыларға қарсы кең-байтақ Қазақстан аумағының барлық жерінде бірдей шайқасты. Бұл соғыстың барысында қазақ халқы жүзге, тайпаға және ру-руға бөліну дегенді ұмытты, жауға қарсы жұмылған жұдырықтай ауызбіршілік танытты. Қазақтың халық жырауы Тәті-қара үш жүздің өкілдері бір кісідей ұйымшылдықпен ерлік көрсеткенін былай деп суреттейді: «Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда.Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсәлі, Мандайды айт Қыпшақтағы, Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт, жігіттік ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген Еменәлі Керейде ер Жабайды айт».Қазақ батырларының ерен ерлігін біздің заманымызға дейін өз шығармалары арқылы жеткізген жырау-ақындар Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Бұқар, Көтеш және басқалары болды. Олардың көпшілігі сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген куәлар ғана емес, сонымен қатар ерлікпен шайқасқа түскен жалынды жау жүрек жауынгерлер де болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет