1. Студенттің аты-жөні


Студент-практиканттың сыныппен, сынып жетекшісімен, мектеп психологымен бірлесіп жұмыс жүргізуінің сипаттамасы



бет3/4
Дата05.02.2023
өлшемі28,02 Kb.
#167453
1   2   3   4
Байланысты:
1. Студентті аты-ж ні (3)

3.Студент-практиканттың сыныппен, сынып жетекшісімен, мектеп психологымен бірлесіп жұмыс жүргізуінің сипаттамасы.
Студент практиканттың мектептегі оқу практикасын өту кезінде жалпы мектеп тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің практика жоспары мен жұмыс істеу барысын сонымен қатар барлық практикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалайды.
Сонымен қатар оқу практикасын жүзеге асыру барысында сынып жетекшінің міндеттері;Ең алдымен оқушылардың сыныптан тыс ерекшеліктерімен негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады.Одан кейін практикант студенттің топ жетекшілерімен бірігіп оқушыларға тәрбие жұмыстарын жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қадағалап, кеңесін береді.
Сонымен қатар оқушылардың өз бетінше жасаған тәрбиелік іс шараларына және оны талдауға баға қоюға қатысып,оқушыларға мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды.Жалпы студент практиканттың сыныппен жұмыс жасау барысында жауапкершілігі жоғары болып келеді.
Студент практикант жұмыс жасау барысында тек қана сыныппен ғана емес сынып жетекшісімен және мектеп психологымен тығыз байланыста болу керек.Жалпы мектеп психологының жауапкершілігі:
1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.
2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.
Оқу практика тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін, студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен тәсілдерге үздік машықтануы үшін мектеп тарапынан тағайындалған жетекші келесідей жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:
- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;
- мектептегі бейнелеу өнерінен оқытылатын пәндерінің мемлекеттік бағдарламасымен таныстыру;
- бейнелеу өнері пәні бойынша жылдық, тоқсандық және жеке сабақтық жоспарлармен танысуына мүмкіншілік беру;
- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;
- педагогикалық шеберлікті арттыру және жаңа технология бойынша сабақ жүргізу әдістемелерімен таныстыру;
-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;
-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;
- студенттің практикалық қызметін кафедра анықтаған жоспар бойынша атқаруына жағдай жасау;
- студенттің практика жөніндегі есеп түзуіне қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
- студентке практика жөнінде мінездеме беру;
- практика кезіндегі жетістіктер мен кемшіліктер туралы университет тарапынан тағайындалған жетекшіге хабар беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет