1. Табиғатты ластаушы заттардан қорғау үшін қорғау заңдылықтары мен ұстанымдарын талдаңыз?



бет1/4
Дата22.04.2022
өлшемі19,68 Kb.
#140380
  1   2   3   4

1.Табиғатты ластаушы заттардан қорғау үшін қорғау заңдылықтары мен ұстанымдарын талдаңыз?
Экология мен табиғат қорғау ғылымдары бірін-бірі толықтырып отырады. Экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негізін жасайды. Сонымен бірге табиғат ресурстары мен оның құрауыштарында экологиялық факторларды қоршаған ортамен және адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттеп, оны жүзеге асырудың негізгі тұжырымдары бекітілді.
Ал табиғат қорғау ғылымы-экология ғымымының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік немесе қоғамдық істер жиынтығы. Экология мен табиғат қорғау апаттарына жол бермейді. Нәтижесінде, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жоспары жүзеге асады. Сондықтан «табиғат қорғау» ұғымының мәні зор. «Табиғат қорғау» ұғымына жақын «қоршаған ортаны қорғау» ұғымы да жиі қолданылады. Ол адам баласының қоршаған табиғи ортаны әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қорғаудың жиынтығы. Ал табиғатты тиімді пайдалану-табиғат ресурстарын пайдалану мен оны қайта түлетүдің ең ұтымды әрі адамға пайдалы технологиясы.
Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті:
1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты және қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістен әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғи экожүйедегі ролін білуі тиіс.
2. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты дүниеге әкелсе оны жоюдың да жолын ойлауы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы: адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент яғни бактерия жоқ. Осыдан барып жер бетінде қоқыстар көбеюде.
3. Заттардағы барлық өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіру мен қайта үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек.
4. Табиғаттағы экожүйелер мен ондағы қарым-қатынас ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттарға алып келуі мүмкін. Осыған орай, табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр:
• өндірісті, өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек;
• өндірісті пен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс;
• табиғат ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға пайдалы әсеріне көңіл бөлінуі керек;
• табиғат ресурстарын сол қалпында сақтау үшін қорықтар, ұлттық сая бақтар мен басқа да ерекше қорғалатын обьектілерді көбейту қажет;
• қоршаған орта мен адам баласының денсаулығын сақтау үшін экологиялық қауіпсіздік шаралары қадағаланып отырады.
Табиғат қорғаудың міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру алдын ала ескерту және нақты шешім қабылдау арқылы анықталады.
Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат обьектілерін анықтап, оны қорғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.
Нақты шешім қабылдау шаралары – табиғаттағы адамның іс-әрекетінен бүлінген немесе ластанған, жарамсызданған обьектіні қалпына келтіру немесе жою жұмыстары. Мысалы: ауаның ластануы, топырақ эрозиясы, орманның кесілуі т.б.
Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтнеше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары.
Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат қорғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастарсақ:
1. Жекеленген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде қазіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу;
2. Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі қадағалау;
3. Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. обьектерді салуда экологиялық сараптама жасау;
4. Табиғатты қорғау мәселелерін шешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт насихат және ақпарат жүйесін ұйымдастыру.
Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған жеріміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет