1. Тақырыбы: Биосферадағы антроногендi әсердiң негізгі түрлері. Антропогендiк әсер туралы түсінік. Аса қауiптi ластаушылар


Тақырып: «Экологиялық білім беру және оның биоалуантүрлікті сақтаудағы рөлі»



бет6/7
Дата29.09.2023
өлшемі74,09 Kb.
#183027
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қоршаған ортаны қорғау материал

Тақырып: «Экологиялық білім беру және оның биоалуантүрлікті сақтаудағы рөлі».

  1. Экологиялық білім беруге деген қажеттілік.

  2. Эколог-мамандар даярлаудың кейбір мәселелері.

1. Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның санасы адамның негізгі құқығының бірі – денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды. Эколгиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыпт астыру, табиғатты өзгеритудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлықының арнайы әлеуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.
Оқушыларда, студенттерде, сондай-ақ, жалпы халықта табиғатқа деген тұтынушылық қатыныс басым; экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгейі төмен; адамның қоршаған ортаны зерттеу мен сауықтыруға арналған жұмыстарға іс жүзінде қатысуға деген қажеттілік дамыған.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты – табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру және даму процестерін түсінеміз. Экологиялық жауапкрешілік аданың мына қажеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегңі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларғ сын көзбен қарай білу және т.б.
Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты адамдардын барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек. Оны қызметке тағайындау кезіндегі аттестациялауда есепке алу қажет.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған саласындағы білім беруді (экологиялық білім беру) жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептейді.
Бір бірімен байланысты экологиялық білім берумен білім беру жүйесен экологизациялауды бөліп өрістетуге болады.
Экологиялық білім беру дегеніміз - әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тірбиелеу және табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін экологизациялау – экологиялық ойлардың, ұғымдар, принциптер мен көзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.
2. Бірімізге белгілі ХХ ғасырдың адамзат баласына әкелген қуанышынан гөрі қайғылы жылдары көп болды. Оған мысал ретінде екінші дүниежүзілік соғысын алайық. Бұл соғыс жер бетінен 20 миллионнан астам адмдарды мерт етті. Олардың көбі өте дарынды жастар болатын. Құрбаг болғандардың ішінде қазақ халқының ең таңдаулы 600 мыңдай азаматтары бар.
1945 жылы 5 тамыз Америка Құрама Штаты Жапон қалаларының – Хиросима және Нагасаки үстіне атом бомбасын тастады. Сол жүргізілгенсынақтан бір күннің ішінде 75 мың адам қаза болып, 74 мың адам жаралы болған. Халықтың 130 мыңы сәуле дертіне шалдықты. Атом бомбасын қалалардың үстіне тастаған американдық ұшқыштың өзі есінен ауысып, кейінен қайтыс болды. Бұл да ХХ ғасырдың қайғылы күндерінің бірі еді.
Сонымен бірге Семей термоядролық әскери қару-жарақты сынайтын полигоны (1949-1989), Чернобыль атом электростанциясыны ңапаты (1986 ж.), Арал теңізінің тартылып, жер бетінен жойылу қаупінің тууы (1980 ж.), Қазақстан экологиясының жағдайы (1960 ж.). Сондай-ақ қазіргі кезде жүргізіліп жатқан әскери термоядролық қарулар сынайтын полигондар (Лоб-Нор, Қытай Халық Республикасы) адамзат баласына ешқандай жақсылық әкелмейтінін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Экологиялық қопарылыстың көбеюі, өсімдік әлемінің жойылуы, аң мен құстардың азая түсуі, адамзат баласының айналасын қоршаған сыртқы табиғи ортаның мөлшерден тыс ластана түсуі – осының бәрі ХХ ғасырдың «жетістіктері». Осыған орай биосфераны қорғау проблемалары туындады. Бұрынғы кезде табиғатты қорғау деген түсінік болмаған еді. Табиғатты қорғау тек қана эколог-мамандардың қолынан келетіні байқалды. ХХІ ғасырдың эколог-мамандардын даярлау жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған аса күрделі проблемалардың бірі болып есептеледі. ХХ ғасырдың экологиядан білім алған эколог-мамандар табиғат қорғаудың проблемаларын толық біле бермейді. Неге десеңіз, ХХ ғасырдың жастарға білім беруде қолданылған педагогикалық әдіс-тәсіл, неше түрлі шеберліктер ХХІ ғасырда жарамй қалатыны өзінен-өзі белгілі болып отыр. Өйткені технологиялық үрдістер ХХІ ғасырда басқаша болып жүрді. Технологиялық үрдістер дегеніміз латын сөзі – «techno» - «өнер». Грек сөзі «logos» - «ілім»деген мағына береді. Бүгінгі таңдағы ашылған жаңалықтар ертеңіне жарамай қалып жатыр. ХХІ ғасырда барлық оқыту жүйесі алгоритмизацияланады. Алгоритмизациядегеніміз жастарға білім беру жүйесінің жаңаша технологиялық үрдісінің (иновациялық түрде) жүргізіуі. Білім беру жүйесі жаңа ғылыми модуль арқылы берілетіні сөзсіз.
Модулді түрде дәріс оқу үш бөлімнен тұруы мүмкін. Біріншісі – кіріспе; екіншісі – эксперимент; үшіншісі – қорытынды. Бұл үш бөлімнің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері болады. Барлық оқылатын дәрістік курстар бірнеше модулдерге бөлінеді. Олар бір-бірімен ғылыми түрде байланысты болады. Бұл модулдік технологиялық үрдісті біз қабылдаймыз ба, жоқ болмаса, қабылдамаймыз ба, біздің еркіміздегі дүние емес, өмір өзінен-өзі біздерді осыған әкеледі. Ерте ме, кеш пе әйтеуір осы модуль жүйесін пайдаланатынымыз сөзсіз. Шет мемлекеттерінде модулдік жүйе қолданылады. Сондықтан да олардың жастарды оқыту жүесі өте жоғары деңгейде. Біздің де біртіндеп осы жүйеге көшіп келе жатқанымыз қазіргі кездің өзінде байқалады. Оған мысал – тестілік әдісті пайдаланып, емтихан алу. Кез келген жастар жоғарғы оқу орындарына түсе алмайды. Оқу үшін жастардың белгілі дәрежеде қабілеті болуы керек.
Жалпы білім алудың технологиялық жүйесі адамзат баласының даму үрдісіне байланысты. Білім алу әр елдің тарихи дамуына сәйкес келеді. Білімді ұстаз жас жеткіншектерді әсерлі сөздермен жетелеп отырады. Өйткені жастар өте әсерлі келеді. Айтқан сөздерді бірден қабылдап алады. Әсіресе жаман айтылған қағидаларды бірден еске түсіреді. Қазіргі кезде жастар ХХ ғасырдың балалары емес. Бұл кенздегі оқушы-жастардың психологиясы ХХ ғасырда тіршілік еткен жастармен салыстыруға болмайды. Осы уақыттағы жастар өте білімді келеді. Адамзат баласының сана-сезімі өскен сайын оларға білім беру оңай шаруа емес екендігі байқалады. Білімнің тарихи миссиясына келетін болсақ, жас жеткіншектердің әлемді тануына (мир не познаваем), жалпы дамуы туралы ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Экология мамандығын игеруге болатынын теория және практика жүзінде делелдеп беру. Адамзат баласының өзіне тән биологиялық өлшемдері болады. Осыған байланысты білім беріледі. Қабілеттілігіне сай келмейтін ауыр ғылыми материалды айтып түсірудің қажеті жоқ. Қандай да болмасын адамзат баласы биосферамен тығыз байланыста болады, онсыз тіршілік ете алмайды. Айналаны қоршаған сыртықы табиғи орта адамдарсыз-ақ дамып отырады. Олаға тәуелді емес. Адамзат баласының биосфераға тигізетін үстемдігі кейінгі кезде байқала бастады. өйткені биосфера компоненттері жер, су, өсімдіктерәлемі, жануарлар дүниесі азайып кетті. Биосфераның экологиялық-биологиялық тепе-теңдігі бұзылды. Жер шары бойынша осындай эколоргиялық өзгерістер болып жатыр. Жер шары бойынша Қазақстанның экологиясындай бұзылған бірде-бір мемлекетті кездестіре алмайсыз. Сондықтан да ХХІ ғасырдың экологтарын аса бір ғылыми шеберлікпен даярлау қажет екенін теориялық зерттеулер мен практикалық іс-әрекеттер көрсетіп келеді. Осылай етіп дәріс оқылса, алға қойған мақсаттар түгелімен орындалады деген сөз.
Дәрістің негізгі бөлімінде көп проблемалар айтылады. Сондықтан да ХХІ ғасырдың оқытушыларына үлкен жауапкершілік жүктеледі. «Көп еңбек тетсең, бақыт басын иеді» демекші, оқу өте бір қиын өнер. Инемен құдық қазғандай көрініс береді. ХХІ ғасыр оқып білім алу заманы екенін ешқашан да естен шығармауы керек. Биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ХХІ ғасыр – білім ғасыры деп ғалым-биологтар сипаттама берген
Қорыта келе айтарымыз, ғалым-оқытушы, біздіңше – ұлы тұлға. ХХІ ғасырдың экологтерінің білімді, білікті болуы ұстаздарға байланысты.
Біздің тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан республикасы жас жеткіншектерге сапалы білім беру проблемасына көп көңіл бөлуде. Оған дәлел: «Жоғары білім туралы» Заң. Бұл заңда ХХІ ғасырдың эколог-мамандарын даярлауға айтарлықтай көңіл бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет