1 тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мәні мен міндеттері


тақырып. Тіл мәдениеті және оны оқыту әдістемесі



бет31/39
Дата20.01.2023
өлшемі1,08 Mb.
#165977
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі
2.1, Курс жұмыс тақырыптары (2), Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі, Документ Microsoft Word (2) (30), Ана тілін оқыту формалары мен түрлері
14 тақырып. Тіл мәдениеті және оны оқыту әдістемесі.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ


Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби қызметінде және олардың кәсіби қарым-қатынасында мемлекеттік тілді қолдану мүмкіндігі ретінде түсінілетін коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.
Қазіргі құзыреттілікке негізделген тәсіл жеке адамның және қоғамның мүдделерін үйлестіретін маманның моделін жасауға және еңбек нарығы мен әлеуметтік сұранысты білім кеңістігіне ілгерілету жүйесін құруға мүмкіндік береді. Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктері барлық пәндерді оқыту процесінде қалыптасып, білім берудің барлық деңгейлерінен өтіп, әрқайсысы бойынша жетілдірілуі керек. Білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда қазақ тілін кәсіби бағытта оқытудың мазмұнын таңдау және оқытудың жаңа технологияларын қолдану маңызды.Жоғары оқу орындары студенттерінің коммуникативті құзыреттілігін барынша ұтымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жағдайларды дұрыс таңдау сабақтың тиімділігін арттырады.Дайындықтың әр кезеңі жалпы және кәсіби құзыреттіліктермен сипатталады.
Мақалада университет студенттерінің тілдік құзыреттілігін дамыту, жоғары оқу орындарында қазақ тілі сабағы мен сабақтан тыс жұмыстарды үйлестіру арқылы студенттердің танымдық және сөйлеу белсенділігін арттыру жолдары талданған.Сондайақ студенттердің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеу әрекетін дамыту және жетілдіру жолдарын қарастырады.
Тірек сөздер: мемлекеттік тіл, құзыреттілік, кәсіби және тілдік құзіреттілік, коммуникативтік дағды, білім мазмұны, онлайн-технологиялар.
Қазіргі құзыреттілікке негізделген тәсіл жеке адамның және қоғамның мүдделерін үйлестіретін маманның модельін жасауға және еңбек нарығы мен әлеуметтік сұранысты білім кеңістігіне ілгерілету жүйесін құруға мүмкіндік береді. Дайындықтың әр кезеңі жалпы және кәсіби құзыреттіліктермен сипатталады. Стандарттар құрылымында оқу нәтижелері ретінде құзыреттіліктерді қалыптастыру керек пәндік бағыттар (модульдер) ұсынылған. Сондықтан болашақ мамандардың кәсібиқұзыреттіліктерібарлық пәндерді оқыту процесінде қалыптасып, білім берудің барлық деңгейлерінен өтіп, әрқайсысы бойынша жетілдірілуі керек.
Маманның кәсіптік құзыреттілігінің ажырамыс бір бөлігі – тілдік құзыреттілігі. Соның ішінде, мемлекеттік тілді, әсіресе, өзмамандығына қатысты кәсіптік лексиканы меңгеруі бүгінгі заманның басты талабына айналып отыр. Білім беру жүйесі көп тілді кеңістікте жұмыс істеуге дайын болатын болашақ мамандарды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін талап етеді. Н.Назарбаев жоғарыда аталған мақаласында: «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет»,– екенін баса айтқан [1].
Қазіргі жағдайда маман қалыптасқан кәсіби және коммуникативтік құзыреттіліксіз толық жұмыс істей алмайды. Мемлекеттік тілді жақсы білу университет түлектеріне үлкен кәсіби сұранысты қамтамасыз етеді, жұмыс іздеуді жеңілдетеді және олардың әрі қарай кәсіби өсуіне ықпал етеді. Қазақ тілі пәні ұлттық салт-дәстүрімізді, тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетіміз бен тарихымызды, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымызды меңгеруге мүмкіндік береді. Жоғары оқу орнында оқу барысында студент болашақтағы кәсіби қызмет үшін жеткілікті ғылыми лексиканы, зерттеу дағдыларын және қазақ тілінің ресурстары мен нормаларын меңгеруі керек. Бұл әсіресе қазіргі рухани жаңғырып, саналы ұрпақ қалыптастыру барысында ерекше мәнге ие болмақ.
Осыған байланысты мемлекеттік тілінің мәртебесі артып келеді. Оның маңыздылығы әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени прогрестің тиімді факторы, Қазақстан халқы өкілдері арасындағы ауызша және жазбаша байланыс құралы ретінде және студенттердің зияткерлік қабілеттері мен кәсіби әлеуеттерін дамытудың маңызды құралы ретінде өсті.
Тіл маманының кәсіби білімі мен дағдысы –болашақ мамандардың лингвистикалық құзыреттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің негізгі факторы.
Техникалық жоғары оқу орындары студенттерінің қазақ тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру процесі белгілі бір педагогикалық шарттардың орындалуын қарастырады. Соның бірі – қазақ тілін кәсіби бағытта оқытудың мазмұнын таңдау және құрылымдау. Қазақ тілін оқытудың мазмұны келесі компоненттерді қамтуы керек: нақты бағыттар, қарым-қатынас жағдайлары мен тақырыптары, мәтіндер, лингвистикалық және аймақтық географиялық білім, қарым-қатынас дағдылары, коммуникативтік және зияткерлік қабілеттер.
Білім алушылардың қарым-қатынастың кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени бағыттарында тілдік құзыреттілігін қалыптастыру үшін түрлі коммуникациялық ситуациялар қолданылады. Мұнда келіссөздер, презентациялар, бизнес-конференциялар, әріптестермен күнделікті қарым-қатынас, техникалық және іскерлік құжаттаманы рәсімдеу кезінде туындаған жағдайларды шешу туралы айтуға болады. Қазақ тіліндегі ауызша және жазбаша кәсіби қарым-қатынастың типтік жағдайларын сабақ барысында жиі қолдану сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыра түседі. Осының негізінде қазақ тілінде кәсіби сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді технологияларын жасауға болады.
Сонымен қатар, кәсіби қарым-қатынас жасау үшін коммуникацияның тиімді нәтижесін қамтамасыз ететін белгілі бір коммуникативті және интеллектуалдық дағдылар қажет. Оқу мазмұнының аталған компоненттерінің әрқайсысы қазақ тіліндегі қарым-қатынастың тиімді білімін анықтайды және олардың үйлесімділігі әріптестермен тең диалогқа түсе алатын жоғары деңгейлі тілдік тұлғаны қалыптастыруға негіз болады.
Н.В. Клименконың маманның тілдік құзыреттілігі таңдалған тақырыптар мен қарымқатынас салаларына (оның ішінде бейіндік-бағдарланған), пайдалану дағдыларына сәйкес лингвистикалық бірліктерді игеруіне байланысты қалыптасатынын көрсетеді. Автор тілдік құзыреттілік адамға табиғи тіл арқылы берілген ақпаратты қамтитын хабарламаларды (мәтіндерді) қабылдау, түсіну және қалыптастыру, осындай ақпаратты оны сақтау үшін беретін, білім, қабілеттер мен дағдылардың жиынтығымен сипатталатындығын дәлелдейді [2, 7]. Ғалымдардың пікірлерін жүйелей келгенде, лингвистикалық құзыреттілік туралы анықтама лингвистикалық ғылымдардағы «тілді білу» ұғымына жақын: тілдік құзыреттілік – бұл қызметтің барлық түрлерінде (сөйлеу, сөйлеуді түсіну, оқу және жазу) тәжірибеде лингвистикалық бірліктерді игеру мен қолдану нәтижелерінің жиынтығының интегралды сипаты. Коммуникативті қазақ тілінің құзыреттілігі – бұл тұлғаны бағдарлы оқыту процесінде қалыптасқан, қазақ тілін білудің белгілі бір деңгейі, оның негізгі мақсаты жеке және кәсіби қарым-қатынас саласында мемлекеттік тілде сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін жүзеге асыру болып табылады.
Университеттегі лексикалық және грамматикалық материалдарды игеру болашақ маманға кәсіби қарым-қатынастың нақты жағдайларында қазақ тілін өз бетінше толық қолдануға үйрете алмайды. Білім алушылардың шығармашылық ойлауын, олардың танымдық белсенділігін, оқытуды практикалық тұрғыдан қолдана білу сабақтарда кәсіби қарым-қатынастың нақты жағдайларына мүмкіндігінше жақын, болашақ мамандардың кәсіби қажеттіліктерін ескере отырып дамыту формалары мен әдістерін жетілдіру мәселесі қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады.


Ғасырлар бойы бостандықты, елдікті аңсаған еліміздің қолы тәуелсіздікке жеткелі бері мемлекеттік тілде ұлтымыздың сана-сезіміне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына сай келетін, яғни ұлттық рухын жоғары көтеретін мәселесі тіл білімі саласында ғана емес, ғылымның барлық саласында күн тәртібіндегі айрықша маңызға ие болды. Осы бағытта көптеген ғалымдар: (Қ.Асылов, Ү.Құсайынов, Ф.Оразбаева, Ә.Жүнісбеков, Д.Рахымбек т.б. еңбек еткен.
Тілдік қатысым болмай адамдар өзара түсінісе алмайды. Бұл — алғашқы қадам. Қазақ тіл білмегенде бұл салаға алғаш бет бұрып, осы бағыттың дұрыстығын дәлелдеген ғалым педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсияқызы. Оның: Қазіргі жас ұрпақ XXI ғасырда Қазақстан Республикасына білімді тұлғамен қатар қазіргі әлемдік өркениетке сай мінезі, тапқырлығы талабы мен таланты жетік өз ортасын жарып шыға алатын, бәсекеге төтеп бере алатын жеке тұлғаның қажет екенін біліп, мемлекеттік, шетел орыс тілдерін жетік білетін мамандарға ұмтылуда — деген атты біздің дипломдық жұмысымыздың маңыздылығын айқындай түсері хақ.
Сөйлесім тілі — тек адамзатқа ғана тән әрекет, тек адамдар ғана тіл арқылы сөйлей алады, үғыныса алады. Ал басқа тірі жануарлар т.б. бәрінде дененің бір мүшесі ретінде, анатомиялық-физиологиялық жағынан тіл болғанымен, олар сөйлеу мүшелеріне тән қызметпен қамтамасыз етілмеген, яғни олар тірлігі бар құбылыс болғанымен сөйлей алмайды.
Сөйлесім әрекеті тек сөйлеу мүшелерінің қызметіне ғана емес, ойлау мен пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне қатысты. Бұл — өз алдына бөлек, жеке мәселе.
Тілдік қатынас /ТҚ/ — сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді.
Өмірде адамдар тек тілмен сөйлесу арқылы ғана бір-бірімен түсініспейді, кейде әр түрлі жағдайларға байланысты олар бір-бірін тілсіз-ақ ұғып, соған қарай іс-әрекет жасайды. Мәселен, көшеде келе жатқанда, адамдар түрлі жарық көздеріне, естілген дыбыстарға назар аударып, соған өздерінше жауап қатады, соған сай әрекет жасайды. Сол сияқты жол белгілерінің әр түрлі үлгілері немесе таңбалары адамға белгілі бір жайдан хабар береді де, адам оны қабылдап, түсініп, осыған байланысты қозғалады.
Дегенмен, тілсіз қатынас пен оның түрлері қоғамда да, өмірде де белгілі орын алады. Бұлар адамдардың қарым-қатынасына қызмет ете келіп, түсінісудің қарапайым жолы болып табылады.
Жалпы адамдардың қарым-қатынасына қатысты әрекеттер екі үлкен тармақтан тұрады. Оның бірі — тілдік қатынас, екіншісі — тілсіз қатынас.
Тілдік қатынас — тілсіз қатынастан әлдеқайда күрделі және бөлек. Сондықтан да тіл білімі — адамдардың қарым-қатынас құралы тіл туралы және сол қарым-қатынасқа негіз болатын тілдік қатынас туралы ғылым.
Лингвистикадағы тілдік қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, белгілі бір тұжырымға келген автордың бірі — Э.П.Шубин. шет тілдерін оқытудың қағидалары мен әдістемелерін сөз ете отырып, жалпы тілдік қатынастың құрамын, олардың атқаратын қызметін, оқытудың мақсаты мен мазмұнын, тілдік құралдары анықтауға тырысады. Оның бұл проблемаға қатысты өзіндік пікірлері бар. Ол көзқарастардың ұғымды жақтары да, субъективтік жақтары да кездеседі.
Э.П.Шубин тілдік қатынасы хабармен алмасудың тұтас жиынтығы дей келіп, негізінен, тілдің дыбыстық жүйесі мен таңбалық ерекшелігіне көңіл аударады:
«Естественно было бы определить языкаовую коммуникацию как комплекс явлений, связанных с обменом информацией между людьми через посредство универсальной системы звуковых или графических знаков, именуемой языком». Тілдің таңбалық қасиетімен қатар автор хабардың берілуі мен қабылдау түрлеріне, оны жеткізуші шарттарға ерекше көңіл бөледі. Тіптен бір объектіден шыққан хабар /информация/ екінші объектіде қабылдану үшін, олардың арасында хабарды жеткізетін көмекші құралдардың /«посредниктің»/ болатынын дәлелдеп, оған жазуды жатқызады:
«В примитивной языковой общине все коммуникативные явления сводились к передаче и приему звуковых сообщений. Но в обществе? имеющем письменность и взаймодействующем с другими языковыми коллективами, обмен информацией между коммуникантами нередко осложняется наличием своеобразных «посредников» выполняющих особые вспомогательные коммуникативные операции».
Тілдік қатынастың осындай ерекшеліктерін атап өте келіп, Э.П.Шубин оның /тілдік қатынастан/ тілсіз қатынастың екі түрлі айырмашылығы бар деп есептейді.
Біріншіден, тілдік қатынас әмбебап, яғни жан-жақты, өйткені ол адамдардың барлық саналық және физикалық әрекетіне қызмет етеді.
Екіншіден, тілдік қатынас бірінші пайда болады, яғни алғашқы кезеңде тұрады, өйткені оған адамның ойдау қабілеті негіз болады. Бұны ғалымның өз сөзімен келтірейік: «Во-первых, языковая коммуникация универсальна, поскольку она обслуживает все сферы умственной и физической деятельности людей, неязыковая же коммуникация используется либо в специальных ситуациях, либо как вспомагательная по отношению к языковой. Во-вторых, языковая коммуникация первична, поскольку на ней базируется само мышление человека; трудно представить себе такой вид неязыковой
коммуникации, который осуществлялся бы без психологического вмешательства знаков языка /точнее их образов/».
Э.П.Шубин айтып отырған тілдік қатынас бүкіл хабардың тұтас жиынтығы деген анықтамамен келісуге болады. Бірақ мәселенің негізі мынада: тілдік қатынас жалпы хабардың, ақпараттың тұтас жиынтығынан тұратын болса, онда хабардың тұтас /комплексті/ жиынтығы неден құралады, оның басты құрамы қандай деген сауалды шешуге тура келеді.
Тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған әлеммен де, адамдық факторлармен де сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік лингвистика деңгейіне көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізіп келеді. Осыған орай, қазақ тіл білімінің концептуалдық қоры мен әдіснамалық негізі де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Қазақ топырағында қалыптасып, ғылымдар тоғысында шешімін тауып келе жатқан тілтаным теориясының ғылыми негізде дәйектелуі де сол үзілмес байланыстың белгісі болып табылады. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейте түспек. Бұл күні қазақ тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Қазақ лингвистикасының тарихын тілтаным теориясының қалыптасуымен байланыстыру, соның негізінде жекеленген тұлғалардың тілтанымдық тұжырымдарымен танысу, сол арқылы қазақ халқының төл қазынасын құрайтын құндылықтарына зер салу, оларды зерттеу нысанына қарай арнайы бағыттарға топтап қарастыру – барлығы дерлік қазақ тіл біліміндегі когнитивтік ұстанымдардың бастамасын зерделеуге, олардың негізін әлемдік қордың бір бөлшегі есебінде бағалауға көмектеседі, яғни қазақ тіл білімінің тарихи негізінен бастау алатын тілтаным теориясы уақыт сұранысынан туындай келіп, қазіргі жалпы лингвистиканың өзекті мәселесіне айналғаны көпшілікке мәлім.Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, өркениетті мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. Демек, бүгінгі тіл ғылымының атқарар қызметі де, жол бастар соқпағы да айрықша. Оны ұсынылып отырылған тілтанымдық тұжырымдар, бір жүйеге келтірілген универсалды принциптер, топталып берілген когнитивтік ұғымдар мен бағыттар парадигмасы, сөзсіз, дәйектей түседі. Таным негіздерін, оның өзге құбылыстармен байланысын зерттейтін ғылымның өзі әр түрлі салаларға жіктелетіндіктен, аталмыш ұғымның аясы да ғылыми тұрғыдан әркелкі түсіндіріліп келеді. Когнитивтік лингвистика – ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Когнитивизмнің басты зерттеу нысанасы – адамзаттық когниция. Когниция – бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады. Демек адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымында адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизмі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген. Психолингвистикамен тығыз байланыста бола отырып, когнитивті лингвистика сана, қабылдау, сыртқы ортамен үздіксіз қатынаста болу, тану, бақылау, пайымдау секілді проблемаларды ұғым, семантика тұрғысынан талдап көрсетуге бағытталады. Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ.Ә.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарстырылған [1]. Профессор Ж.Манкееваның «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу жасалады [2]. Өзіміз байқағандай, қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені когнитивтік әдіс «тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады». Әр адамның қоршаған орта, құбылыстар, іс-әрекеттер, мінез-құлық туралы түсініктері әр түрлі болады. Бұл жайында Б.Қасым: «Қоршаған ортаны түрлі адам бірдей қабылдап, таниды деп айту қиын. Әр адам өзінше танып, өзінше қабылдайды және ол сол адамның белгілі тәжірибесіне, қабілетіне біліміне, ерекшелігіне байланысты», - деген еді . Әркім іс-әрекеттерге, мінез-құлыққа, құбылыстарға өзінің ойлау өресі жеткенше, өз түсінігі шеңберінде баға береді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалдар келтіре кетейік. Мәселен, құралайды көзге атқан деген тұрақты сөз тіркесі адамның мергендігін, яғни бағытталып айтылған адамға жағымды баға беріп, мақтау мәнінде қолданылады. Сол сияқты төрт түлігі сай адам немесе мал біту деген сөз тіркестері байлық, бай, баю мағыналарын береді. Бұдан қазақ халқы байлықты төрт түлік малмен өлшегендігін көруімізге болады. Қазіргі лингвистикада когнитивті бағытқа сай нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: 1. Ғаламды тану мен пайымдау, іс-әрекеттің даму барысы. 2. Ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу және беру процесіндегі тілдік білімдер. 3. Білімді концептілеу мен категориялау процестері, мәдениет тұрақтылығын тілдік тұрғыдан категориялау мен концептілеудің құралдары мен тәсілдерін суреттеу. 4. Концептілік аймақты ұйымдастыратын және оның мүшеленуінің негізгі болып табылатын әмбебап концептілер жүйесін суреттеу. 5. Ғаламның тілдік бейнесі мәселелері. Сонымен, когнитивтік тіл білімі тілдік құбылыстар арқылы концептуалдық жүйені де зерттейді. Концепт сөздерінің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке бір адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. А.Исламның айтуынша «әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Әр қоғамдық даму кезеңдерге сәйкес тіл және мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып-түсінуде өзгерістер болғанымен, негізгі дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады» [3].
Адам - таным субъектісі, іс-әрекет субъектісі, өмір жолының субъектісі. Адам өмірінің мәні - стратегиялық бағыты, тәсілі, ұстанған бағыты, болашақ бағдарлары, келешек дамуы. Ал «Мен» дегеніміз - «Біз» атты психологиялық мәртебеге ие тұлғаның әлеуметтік сапасы. Адам тұлға ретінде мәдениетті тудырады және сонымен өмір сүреді. Тұлға халықтың, этностың мәдени дәстүрінің даму болашағында қарастырылады. Адамның адам болып өмір сүруі үшін мәдениет шегінде қалыптасқан мәдени-антропологиялық прототип қажет. Мәдениет концептілері – кеңістік, уақыт, тағдыр, өмір, құқық, байлық, еңбек, бақыт, сенім, ар, тәртіп, күнә, жұмақ, тозақ, өлім тағы басқалар құндылықтар жүйесінің өзіндік белгілерін білдіреді және әлеуметтік мінез-құлық пен әлемді қабылдаудың үлгілерін көрсетеді. Бұл - тілдік тұлғаны қалыптастыратын ерекше координаттар жүйесі. Тұлға дегеніміз – ең алдымен адамның әлеуметтік табиғаты, ал адамның өзі әлеуметтік-мәдени өмірдің субъектісі ретінде қарастырылады. Атақты американ психологы А.Маслоу адамды сыртқы өмірге ешқандай бағынбайтын ішкі табиғаттың болмысы ретінде таниды. Оның айтуынша: «...непрерывный процесс развития изначально рассчитан на то, чтобы доставлять удовольствие» [1]. Тіл үйренушінің жеке тұлға ретіндегі келбеті оның тілдік тұлға келбетімен толыға түседі. Тіл үйренуші екінші тілдің табиғатын таныған сайын, тілдік таңба арқылы санасына жинақтай береді, сөйтіп, санасы да, ойлауы да, тілі де дамиды. «Адамдар екінші тілді үйренгенде, жаңаша ойлап, сезініп, өзі әрекет жасап үйренеді және сол тілді меңгеру арқылы екінші тұлға болып қалыптасады. Жаңа тілдік «Мен» екінші тілімен араласып, жақындасып, тілге қызығушылығы артады, мәселелерді шешуге белсенді болады және өзін еркін, жеңіл сезінеді» [2]. Соның негізінде оның миы өзі өмір сүріп отырған ортамен, қоғаммен байланысқа енеді. Сөйтіп, үйренетін тілдің әлеуметтік-табиғи-қоғамдық ерекшелігі тілдік тұлғаның санасын қалыптастыра бастайды. «Толық адам» проблемасын көтерген ұлы Абай: «Әлдебіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді», - деп жазады өзінің қарасөздерінде [3]. Атақты ақын М.Жұмабаев та: «...адамның толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында», - деп, толық адамның дара тұлғасын қалыптастырудағы тілдің маңызын баса көрсетеді [4]. Р.Сыздық: «Тіл – адамды тұлға ретінде тәрбиелейтін күш, ана тілі – адамды белгілі бір ұлттың, халықтың өкілі етіп шығаратын құрал”, - деп жазады [5]. Екінші тілдік тұлға мәселесі соңғы жылдары қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқыту мәселесіне қатысты зерттеулерде көтеріле бастады. Ересектерге, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйретудегі тілдік тұлға мәселесіне қатысты ғалым Б.Хасановтың «Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасы және тілдік орта» атты еңбегін атауға болады. Ғалым: «Мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасы – нақты білім мен түсінік жиынтығын меңгерген, мемлекеттік қызметте өзін сөйлеу іс-әрекетімен танытатын тұлға», - деп атап көрсетеді [6]. Тілдік тұлға дегеніміз – мәтіндерді тудыру және қабылдай алу қабілетін иеленген адам. Ол қабілеті құрылымдық-тілдік күрделілік деңгейімен, шындықты бейнелеудің тереңдігі және дәлдігімен, нақты мақсатқа бағытталушылығымен ерекшеленеді. Тілдік тұлға ұғымына кең ғылыми мағына берген Ю.Н.Карауловтың пікірінше: «Тілдік тұлға – тілді зерттеудің барлық аспектілерін қамти отырып, адамды оның тілінен тыс қарастыратын пәндер арасындағы шекараны бұзып өтетін, ауыспайтын, алмаспайтын идея» [7]. Тілдік тұлғаның анализі түрлі деңгейлерде жасалуы мүмкін: қарапайым тілді меңгеру деңгейін көрсететін құрылымдық-тілдік деңгей және оның дамуын, мінез-құлығын басқаратын уәждемелер мен мақсаттарды айқындайтын, оның мәтін тудырушылығын басқаратын және әлемнің тілдік моделіндегі мәндер мен құндылықтар йерархиясын анықтайтын лингво-когнитивтік деңгей. Тілдік тұлға дегеніміз – тілде (мәтіндерде), тіл арқылы көрініс табатын және өзінің негізгі белгілері тілдік құралдар базасында қайта құрылған тұлға. «Тілдік тұлға» ұғымы - адамның сапалық айқындылығын құрайтын физикалық және рухани ерекшеліктері философиялық, әлеуметтанымдық және психологиялық көзқарастар тұрғысынан айқындалатын қоғамдық мәні бар тұтастық ретіндегі пәнаралық термин. «Ең алдымен «тілдік тұлға» ретінде сөйлесім әрекетіне қабілеттілігі тұрғысынан тілді қолданушы адам қарастырылады» [8]. Жеке тұлғаға сөйлесім туындыларын тудыруға және қабылдауға мүмкіндік беретін тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерінің кешені сөйлесім тұлғасы болып табылады. «Тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолданушы – қатысымдық тұлғаның вербалды мінез-құлығы ерекшеліктерінің жиынтығы да «тілдік тұлға» ретінде танылады» [9]. Адамды тілден тысқары зерттеу мүмкін болмайды, тілді жасаушы, қолданушы, пайдаланушы – адамға назар аудармай, тілдің шегінен аспай, тілдің өзін тану мүмкін емес. Себебі адамның бір ауыз сөзін естімейінше, оның қандай адам екені жайлы мәлімет алу мүмкін емес. Ю.Н. Караулов көркем мәтінге сүйене отырып тілдік тұлғаның деңгейлік моделін жасап, оның үш құрылымдық деңгейін анықтап көрсетеді: 1.Вербалдық-семантикалық деңгей (немесе құрылымдық-жүйелік); 2.Когнитивтік деңгей (немесе тезаурустық); 3.Прагматикалық деңгей (уәждемелік) [10].Тілдік тұлғаны тануда Ю.Н.Караулов жеке дара зияткерлік қасиетін қарастыруды ұсынады да, тілдік тұлғаның бірінші деңгейіне сәйкес тілдік нормадағы бірлігін «нөлдік деңгей» деп атайды. 
Психология мен педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – жастардың жеке тұлғасының дамуы. Жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру, қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі. Белсенділік оқушының әрекеті және пәнімен қосылғандағы дәрежесін айқындайды. Студенттер алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана алу керек және олардың танымдық іс-әрекеттер ұстанымдарына негізделіп қалыптасқаны жөн. Танымдық іс-әрекеттер оқыту үрдісінде қалыптасып, тұлғалардың бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде одан әрі дамиды.
Студенттердің танымдық іс-әрекеті оқу үрдісіне негізделе отырып дамиды. Яғни бұл іс-әрекеттер қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Олардың ішінде ең маңыздысы – оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Яғни студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келеді екен. Дидактар бұны педагогикалық жағдай, оқу-тәрбие үрдісі жағынан қарастырған.
Пән бойынша өтілетін материалдарды игеруге қатысты танымдық іс-әрекеттерді нақты жағдайда түрік тілі курсын негізге ала отырып қарастырып көрейік. Әр түрлі мамандықтағы студенттерге түрік тілін үйретуде қолданылатын басты оқыту формаларын төмендегідей жинақтауға болады.

  • дәріске байланысты әдебиеттер мен қажетті оқу құралдарын өз бетінше оқып талдау, ой елегінен өткізу;

  • арнайы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау;

  • оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жасау;

  • рефераттарды дайындап талдау;

  • өзіндік жұмыстарды дайындау;

  • ғылыми бағыттағы жұмыстарға қатысу, ғылыми зерттеулер жүргізу.

Оқытушы осы аталып өтілген факторлардың барлығын ой елегінен өткізіп, әр қайсысының тиімді пайдалану жолдарын білуі шарт. Осы оқыту формалары мен әдістерін дұрыс таңдау арқылы ғана пәнді жақсы игеруге болады, танымдық іс-әрекет пен қызығушылықты, пәнге деген құштарлықты арттыруға, студенттердің сабақтан тыс уақытта өзіндік жұмыстарын емін-еркін орындауына, әдебиеттерді тиімді пайдалануына септігін тигізеді. Жоғарыда аталған факторлардың ішінде студенттердің танымдықіс-әрекетінің қалыптасуна жазу жаттығуларын орындаудың қалай әсер ететіндігін байқап көрелік.
Жазу үйрету сабағы студенттерге білім берумен қатар, олардың ой-өрісінің, ақыл-парасатының, ес, зейіннің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жазба жұмыстар студенттердің ойлау қабілетін арттырып, ойын сауатты да жүйелі беруге тәрбиелейді. Студенттерді жазба жұмыстарына дағдыландыру ісі бірінші класта әліппеден басталса, кейінгі кластар мен жоғарғы курстарда әдебиеттік оқу мен грамматикамен ұштастырылады. Ойын түрікше дұрыс жеткізе біліп, сауатты жазуға студенттерді үйрету үшін әрбір оқытушы орфография мен грамматиканы тығыз байланыста оқыту қажет. [1]
Студенттердің танымдық белсенділіктерінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда оқытушы танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе студентке шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде студентке белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады. [5]
Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар төмендегіше сипатталады:

  • оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті арқылы (Т.Сабыров, Н.Хмель Е.Галант т.б);

  • танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Б.Есипов, Б.Айтмамбетова, Т.Сабыров, т.б.);

  • танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Н.Меньшинская, П.Пидкасистый, т.б.);

  • оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (М.Құдайқұлов, И.Лернер, Б.Коротяев);

  • іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П.Гальперин, Н.Талызина);

  • оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.Рувинский, А.Қазмағамбетов).

Оқыту үрдісінде студенттің танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың негізгі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, студенттердің өз таңдауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға оқытушы тарапынан қойылатын талап пен қабілеттедрінің сәйкес болуы; оқытушының өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т.б. жатады.
К.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс – оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы» деп есептеді. Ол педагогикалық ғылымда алғаш рет студенттердің өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық талдау жасаған. Өзіндік жұмыстың студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы, дамытудағы орны ерекше. Өзіндік жұмыс арқылы студенттер сыныпта алған білімдерін сынақ-тәжірибеден өткізіп, барлығын жинақтап, қорытындылап, тұжырым жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет