1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Азаматтық сот өндірісінің түсінігі және түрлері



бет4/17
Дата08.11.2022
өлшемі154 Kb.
#156942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Азаматтык проц 1 рубежка
The best place in the world, волонтеры Эконом, Инструкция по модулю ССВ для студентов, ПЕД технологиялардан тапсырма
Азаматтық сот өндірісінің түсінігі және түрлері. Азаматтық сот өндірісі дегеніміз азаматтық істерді қарастыру мен сот актісін орындаумен байланысты соттың, іске қатысушы тұлғалардың, орындау өндірісіне қатысушылардың қызметі. Азаматтық сот өндірісінің пәні – нақты азаматтық іс. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері болып азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің бұзылған және дауланып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау және құқықбұзушылықты ескерту табылады (АІЖК-нің 5-бабы).
Қолданыстағы ҚР АІЖК азаматтық сот өндірісінің үш түрін қарастырады:
1) талап өндірісі;
2) ерекше талап өндірісі;
3) ерекше өндіріс.
Талап өндірісі. Көп таралған түрі. Онда құқық туралы дау қаралады, мысалы, азаматтық, отбасы, еңбек, тұрған үй, әкімшілік, қаржы, жер құқыққатынастары, табиғат ресурстарын пайдалану жәнек қорғау бойынша құқыққатынастарынан туындайтын істер қаралады. Оған екі дауласушы тарап қатысады – талапкер мен жауапкер.
Ерекше талап өндірісі. АІЖК-нің 25-29-тарауларында қарастырылған істер бойынша даулы материалдық құқыққатынастарының субъектілері болып, бір жағынан мемлекеттік билік ету органы немесе лауазымды тұлға, екінші жағынан – азамат немесе заңды тұлға қатысады.
Ерекше өндіріс. Заң бұл жағдайда құқық туралы дау жоқ істерді қарастырады. Мұндай істердің тізімі АІЖК-нің 30-39-тарауларында анықталған.
ҚР АІЖК үшін жаңалық болып бірінші сатыдағы сотпен жеке талаптарды шешу бойынша қарапайымдандырылған тәртіп енгізілген. Ол АІЖК-нің 13-тарауында қарастырылған «Бұйрықтық өндіріс». Судья өндіріп алушы мен борышқорды шақырмай, сот талқысын өткізбестен, сот бұйрығын шығарады.
Азаматтық іс жүргізу сатылары. Сот өндірісі кезеңдерге бөліне отырып жүзеге асырылады. Бұны азаматтық іс жүргізудің сатылары деп атайды. Іс жүргізу сатысы дегеніміз – белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттерді біріктіретін сот өндірісінің бөлігі. Азаматтық іс жүргізу төмендегідей сатыларға бөлінеді:
1) бірінші сатдығы сотта азаматтық істі қозғау;
2) істі сот талқысына әзірлеу;
3) азаматтық істі сот отырысында негізі бойынша қарау;
4) заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау бойынша апелляциялық сот өндірісі;
5) заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау бойынша қадағалау сот өндірісі;
6) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау бойынша сот өндірісі;
7) сот актілерін орындау өндірісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет