1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары



бет1/17
Дата08.11.2022
өлшемі154 Kb.
#156942
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Азаматтык проц 1 рубежка


1 ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ,ПӘНІ,ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары. Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабына сәйкес, әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең (14-бап). Сондықтан да әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы. Құқықтарды қорғаудың формалары әртүрлі. Құқықты қорғау формасы деп заңмен анықталған құзыретті мемлекеттік органдардың құқықты қорғау бойынша қызметін айтамыз, яғни іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау, құқық нормасын қолдану, құқықты қорғау тәсілін анықтау.
Қолданыстағы заңдар бойынша азаматтық құқықтарды қорғаудың келесі формаларын атап көрсетуге болады:
1) соттық;
2) қоғамдық (аралық соттарда, келісім комиссиясында);
3) нотариаттық;
4) әкімшілік (атқарушы және өкілді органдармен);
5) өзін-өзі қорғау (құқығы бұзылған тұлғаның өз әрекетімен).
Осы аталған формалардың ішінде соттық форма басымдыққа ие. Себебі Конституция әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығына, білікті заң көмегін алу құқығына кепілдік береді (13-баптың 2-бөлімі). Одан әрі қарай бұл ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (одан әрі ҚР АІЖК) 8-бабында нақтыланады.
Азаматтық құқықтарды қорғау бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық аот өндірісінде жүзеге асырылады (Конституцияның 75-бабының 2-бөлімі).
Азаматтық істер жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдістері және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығы дегеніміз сот пен процесске қатысушы тұлғалардың арасында азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында қалыптасатын азаматтық-процессуалдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында қарастырылып отырған ұғымғы қатысты сұрақ даулы болып табылады. Бұған қатысты үш түрлі көзқара бар, азаматтық іс жүргізу құқығы дегеніміз:
1) заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерді қорғауға байланысты сот пен процесске басқа да қатысушылардың қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы (Юдельсон К.С., Викут М.А.);
2) сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот пен өзге процесске қатысушылардың қызметін, сонымен бірге осындай қызметтерден туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі ( Абрамов С.Н.);
3) азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін, сондый-ақ сот қаулыларын мәжбүрлі орындау тәртібін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы (Клейнман А.Ф., Шакарян М.С.).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет