Сот орындаушыларының құқықтық жағдайы. Сот және басқа органдардың актілері сот орындаушыларымен орындалады. Атқарушылық өндіріс туралы заңның 4-бабының 1-пунктіне сәйкес атқару құжаттарын орындау атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдырдың аумақтық органдары мен бөлімдерінің сот орындаушыларына жүктеледі.
Сот орындаушысы – мемлекеттік қызметте тұратын және сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам (81-бап).
Қазіргі кезде сот орындаушысы болып тағайындалу үшін жиырма жасқа толған, сотталмаған, жоғарғы немесе орта заң білімі бар, Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиетімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек (83-баптың 1-бөлімі).
Сот орындаушысы Атқарушылық туралы зањныњ 86-бабына сәйкес құқылы:
орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға,
борышкерлардің банктердегі ақшасы мен бағалы қағаздарына тыйым салуға;
кез-келген меншік нысанындағы ұйымдарда атқару құжаттарының орындалуын тексеруге,
үй-жайлар мен қоймаларға кіруге, борышкерлердің мүлкіне тыйым салуға, алуға және сатуға және атқару құжатын орындаумен байланысты өзге де әрекеттер жасауға құқылы,
қылмыстық қудалау органына сот актілерін орындаудан қасақана бұлтарған адамдарды қылмастық жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізуге,
тиым салынған мүлікті алуға, сақтау үшін беруге жєне сатуға,
егер атқару құжатын орындау барысында осындай қажеттілік туындаса, басқа қаланың немесе ауданның сот орындаушыларына жекелеген атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы,
атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаәан мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз қажетті ақпарат, түсініктемелер мен анықтамалар алуға құқылы. Бұл орайда органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеуді қажет ететін жағдайда үш күннен қалдырмай сот орындаушысына беруге міндетті.
Сот орындаушысы міндетті:
соттыњ талапты қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымын орындауға,
тараптарға немесе олардың өкілдеріне атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер алуға, көшірмелер түсіруге мүмкіндіктер беруге,
атқарушылық іс жүргізу жөніндегі арыздар мен тараптардың өтініштерін қарауға жєне солар бойынша қаулы шығаруға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзімдері мен тәртіптерін түсіндіруге, егер оның өзі атқарушылық іс жүргізудің аяқталуына тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, істі қараудан бас тартуға,