Мәжбүрлі орындауға жататын актілер. Орындау құжаттары. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 5-бабына сәйкес мыналар атқару құжаттары болып табылады:
сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары,
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес берілетін сот бұйрықтары;
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдік соттардың және төрелік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары;
Қазаќстан Республикасыныњ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы соттардың қаулылары;
талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге органдардың қаулылары;