1 тақырып. Азаматтық істер жүргізу қҰҚЫҒының ТҮсінігі,ПӘНІ,Әдістері және жүйесі. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау формалары


Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері



бет109/112
Дата08.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#118407
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
дәріс

Сот актілерін орындаудың жалпы ережелері. Атқарушлық құжаттарды соттармен берудің тәртібі және мазмұны АІЖК 149 жєне 236-баптарымен реттеледі. Соттармен атқару парағы мен сот бұйрығы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін беріледі. Ал апелляциялық және қадағалау сотының қаулысы заңды күшіне қабылданған сәттен бастап күшіне енеді (АІЖК 368, 381, 400 - баптары).
Егер де сот шешімі дереу заңды күшіне енуге жататын болса, онда атқару парағы шешім шығарылған сәттен беріледі.
АІЖК 236-бабының 4-бөліміне сәйкес атқару парағында жєне сот бұйрығында мыналар көрсетіледі:

  1. соттың атауы,

  2. іс нөмірі және шешімді шығару датасы,

  3. шешімнің қарар бөлімі,

  4. шешімнің заңды күшіне ену уақыты,

  5. атқару құжатын беру датасы,

  6. өндіріп алушы мен борышкердің атауы,мекен-жайлары және реквизиттері.

Әрбір сот шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер атқару әртүрлі орында жүзеге асырылатын болса немесе шешім бірнеше талапкердің пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың сұрауы бойынша бірнеше атқару құжатын жазады (АІЖК 236-бабы).
Атқару құжаты заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда сот орындаушысы бір күн ішінде қайтару туралы қаулы шығарып, оны берген органға жібереді, бұл жөнінде өндіріп алушыға хабарлайды.
Атқару құжаттары мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзімдерде:

  1. сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары – 3 жыл ішінде;

  2. әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары – егер заңмен өзге мерзімдер белгіленбесе, 1 жыл ішінде;

  3. әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары – 1 жыл ішінде;

  4. прокурордың қаулылары – 3-ай ішінде берілуі мүмкін.

Аталған мерзімдер:

  1. мүлікті өндіріп алу бөлігінде сот актілері негізінде берілген атқару парақтарын орындау кезінде сот актісі заңды күшіне енген не сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту немесе оған мәулет беру кезінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейінгі күннен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағдайларда – қаулы шығарылған кейінгі күннен бастап;

  2. әкімшілік құқыќ бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезінде – қаулы шығарылған күннен бастап;

  3. әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы қаулыларын орындау кезінде - мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабылдағаннан кейінгі күннен бастап;

  4. қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша – олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі.

Атқару құжаты келіп түскен соң сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 10-бабына сєйкес үш тәуліктен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарады. Сот орындаушысы сонымен бір мезгілде атқару құжаттарын амтамасыз ету жөнінде шараларды қолданады. Бұл орайда сот орындаушысы борышкердің дєлелді жазбаша µөініші бойынша, дереу орындалуға тиіс атқару құжаттарын қоспағанда, атқару құжатын ерікті орындау үшін атқарушылық іс қозғалған күннен бастап бес күн мерзім белгілейді.
Атқарушылық әрекеттер жасалатын уақыт 25-баппен анықталады: атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерінде 6.00 сағаттан 22.00 сағатқа дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттерді осы шекте жасаудың нақты уақытын сот орындаушысы белгілейді. Сондай-ақ тараптар өздеріне қолайлы уақытын ұсынуға құқылы. Демалыс жєне мереке күндерінде, сондай-ақ түнгі уақытта атқарушылық әрекеттерде кейінге қалдыруға болмайтын айрықша жағдайларда: азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтірілгенде, борышкердің кінәсінен орындауға мүмкін болмағанда жол беріледі.
Борышкердің мүлікті жойып жіберуі немесе құртуы мүмкін жағдайлары орын алғанда, сондай-ақ өндіріп алушының өтініші бойынша, сот орындаушысы атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдана алады.
Атқарушылық іс жүргізу туралы заңының 14-бабына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға кедергі келтіретін жағдаяттар болған ретте сот орындаушысы оларды өз бастамасы бойынша немесе тараптардың біреуінің өтініші бойынша он күнге дейінгі мерзімде кейінге қалдыра алады, бұл жөнінде тиісті қаулы шығарады, оны аға сот орындаушысы бекітеді.
Атқару өндірісін тоқтата тұрудың екі түрін ажыратады: міндетті жєне факультативті. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 15-бабы бойынша сот орындаушысы атқару өндірісін тоқтата тұруға міндетті:

  1. борышкер қайтыс болған, қайтыс болды деп немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайда,

  2. егер борышкер болып табылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе таратылуы, банкроттығы туралы іс қозғалғанда,

  3. борышкердің немесе өндіріп алушы әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі деп танылуы,

  4. борышкер атқару құжатын сот тәртібімен даулаған,

  5. әкімшілік жаза қолданған органдардың әрекеттеріне сотқа шағым беру,

  6. сот намасе атқару құжатын бергенде негізге алынған шешімнің орындалуын тоқтата тұру құқығы заңмен берілген лауазымды адам қаулы шығарған,

  7. сотқа атқару құжаты бойынша өндіріп алынатын мүлікті хатталудан шығару туралы талап қойылған,

  8. борышкер немесе µндіріп алушы борышкер мүлкін бағалау нәтижелеріне дау шығарған жағдайда.

Атқарушылық іс жүргізу сол сияқты:

  1. сот орындаушысы, өндіріп алушы немесе борышкер сот актісін орындау мерзімін ұзарту, орындау әдісін өзгерту туралы өтініш жасаған,

  2. борышкер ұзақ уақыт бойы қызмет бабындағы іссапарда болған,

  3. борышкер емдеу мекемесінде болған,

  4. сот орындаушысының іс-ќимылына өндіріп алушы, борышкер сотқа шағым берген,

  5. борышкерге іздеу салынған,

  6. өндіріп алушы өтініш жасаған,

  7. борышкер не өндіріп алушы елді мекен шегінен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тыс жерде жүрген жағдайларда да тоқтатыла тұруы мүмкін.

Атқару өндірісін тоқтату дербес институт ретінде Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 20-бабымен реттеледі. Онда тоқтатудың негіздері мен салдары қарастырылады. Атқарушылық өндіріс мынадай жағдайларда тоқтатылады, егер:

  • өндіріп алушы бас тартса,

  • өндіріп алушы мен борышкер бітім келісімін жасаса және оны сот бекітсе,

  • шешімімен белгіленген талаптар немесе міндеттер өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін өлген адамның құқықтық мұрагеріне көше алмаса,

  • атқару құжатын орындауға беру мерзімі бітсе,

  • тиісті органның атқару құжатын бергенде негізге алынған шешімінің күші жойылса,

  • өндіріп алушы немесе борышкер болып табылған заңды тұлғаны тарату аяқталса,

  • атқару құжатының өндіріп алу немесе өзге де талабы толық көлемінде орындалса,

  • заттарды өндіріп алушыға беру туралы атқару құжатын орындау кезінде өндіріп алушы борышкерден алып алып қойылған заттарды алудан бас тартса.

Атқарушылық өндірісті тоқтатқан жағдайда бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады және атқару құжаты тиісті белгі соғылып, сотқа немесе құжатты берген басқа органға жіберіледі.
Атқару өндірісінің тоқтатылу салдары болып табылады:

    • атқару өндірісінің атқарушылық әрекеттер жасалмай тоқтатылуы,

    • соттың атқарушылық өндірісті тоқтату туралы ұйғарымы заңды күшіне енген соң сот орындаушысымен тағайындалған барлық шараларды доғару,

    • атқару құжатын берген сотқа немесе басқа органға атқарушылық өндірісті тоқтату туралы сот ұйғарымын және тиісті белгі қоя отырып атқару құжатын бірге қайтару.

Атқарушылық өндірісті аяқтау мынадай жағдайларда мүмкін:

    • атқару құжатын өндіріп алушыға қайтарғанда,

    • атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғанда,

    • соттың немесе басқа органның талабы бойынша атқару құжаты орындалмай қайтарылған жағдайларда.

Өндіріп алу жүргізілмеген немесе толық көлемде жүргізілмеген атқару құжаты сот орындаушысының қаулысы бойынша мына жағдайларда:

    • өндіріп алушының арызы бойынша,

    • егер борышкердің өндіріп алынуы мүмкін мүлкі, ақша сомасы, бағалы қағаздары немесе табыстары жоқ болса,

    • егер өндіріп алушы шешімінің орындалуы кезінде борышкердің сатылмаған мүлкін алудан бас тартса,

    • егер борышкер өндіріп алушы көрсеткен мекен-жайда тұрмайтын немесе жұмыс істемейтін болса не сол жерде оның мүлкі жоқ болса,

    • егер сот борышкерге қатысты іздеу жарияласа, өндіріп алушыға қайтарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет