Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының мазмұны және объектілері. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды.
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастың мазмұны –азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше( А. А. Мельников) субъектілердің мінез- құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: Жалпы және арнайы.
Жалпы объект- сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық- құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект – нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы)