Процессуалдық іске ортақ қатысу. Процессуалдық іске ортақ қатысу – бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар жағынан бір – біріне мүдделі қайшы келмейтін бірнеше тұлғалардың қатысуы.
ҚР АІЖК-нің 50 – бабында: « Талапты бірнеше талап қоюшының бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкекердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.» делінген.
Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап қоюшылар деп аталады.
Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер деп аталады.
Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:
1- процессуалдық - құқықтық мағынада;
2- материалдық – құқықтық мағынада.
Іске ортақ қатысуды екі түргебөледі: факультативті, яғни іс жүргізуге іске ортақ қатысушылардың барлығы қатыспай-ақ, біреуінің қатысуымен қарауға болады. Мысалы, жалақы өтеп алу туралы істер бойынша.
Міндетті – іс жүргізуге іске ортақ қатысушылардың барлығы қатысуы міндетті болатын жағдайларда. Мысалы, денсаулыққа келтірілген зиянды, материалдық зиянды өтеу туралы, моральдық зиянды өтеу туралы істер бойынша;