Шет мемлекеттерге талап қою. Соттық иммунитет. Шет мемлекетке талап қоюға,гны үшінші тұлға ретінде іске қатысуға тартуға,оның мүлкіне тыйым салу мен бұл мүлікті талапты қамтамасыз ету тәртібімен ұстап қалуға және бұл мүлікке өндіріп алуды қолдануға,егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, тиісті мемлекеттің құзыретті органдарының келісімімен ғана жол беріледі.
Халықаралық ұйымдардың соттық имунитеті Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында, сондай-ақ бұл ұйымдардың Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органдарымен келісімдерінде белгіленеді.
Соттық тапсырмалар. Қазақстан Республикасының соттары өздеріне Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен берілген жеке іс жүргізу іс-әрекеттерін жасау туралы шетелдік соттардың тапсырмаларын орындайды,бұған:
тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының егемендігіне қайшы келетін немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін;
тапсырманы орындау сот құзіретіне кірмейтін жағдайлар қосылмайды.(ҚР АІЖК 423 б (1))
Шет мемлекеттердің құжаттарын, сот, арбитраж шешімдерін тану, орындау. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалған, Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарына немесе шетелдік азаматтарға қатысты шет мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары белгіленген нысанмен берген, жасаған немесе куәландырған құжаттарды Қазақстан Республикасының соттары, егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, консулдық жариялау болған жағдайда қабылдайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде бұл көзделген болса, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдері Қазақстан Республикасында танылады және орындалады.