Талаптың түрлері. Талапты процессуалдық-құқықтық белгілері бойынша үш түрге бөліп қарастыруға болады.
Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы.
тану туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды.
3) Өзгертуші талаптар - материалдық құқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған.
Талап қою құқығы. Талап қою құқығы- ҚР Кониституциясымен (13-баптың 2-бөлігі,75-б) бекітілген сот арқылы қорғану құқығының бір нысаны.Сот жүгіну арқылы құқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын азаматтарға және ұйымдарға,сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тиесілі. Талап қою құқығы белгілі шарттарымен байланысты.Талап қою құқығының шарттары- нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның талап қою субьективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен байланыстыратын мән жайлар.