1. Тақырып: Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы



бет2/5
Дата21.07.2017
өлшемі0,64 Mb.
#21465
1   2   3   4   5

Мазмұны: Маркетингтік зерттеулердің мәні, маңызы. Маркетингтік зерттеулердің мақсаты, міндеттері және оъектілері, пәні. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қажеттіліктері. Маркетингтік зерттеудегі тұтынушылар құрлымына анықтау және оларды сипаттау.


Маркетингтік зерттеу дегеніміз. Маркетингтік проблемаларды шешудегі және оның тиімділігін арттыруға бағытталған ақпарттарды жинау, талдау және таратудың жүйелендірілген объективті процессі.

Оның негізгі мақсаты белгісіздік деңгейін төмендету мен маркетингтік шешімдерді қабылдау үшін ақпараттық-аналитикалық база құру болып табылады.

Міндеті-ақпарттық қажеттіліктерді бағалаудағы және оъективті, сенімді, негізгі, жаңа ақпарттарды жинау.

Мұндай зерттеудің құралы болып нарықтағы маркетингтік қызмет, сонымен бірге нарықтық процестер саналады.

Зерттеу объектісі болып, шаруашылық субъектінің өзі, оның әрекет етуші маркетингтік ортасы және тауарлық, бағалық, коммуникациялық пен өткізу қызметіндегі маркетингтік шаралар есептеледі.

Маркетингтік шешімдердің тиімді қабылдау көздері болып келесілер саналады: мақсат пен стратегиядан тұратын маркетинг жоспарын құру. Маркетингтік қызметтің тиімділігін көтеру жолдары мен ревизия, аудит және бақылау.

Маркетингтік зерттеу жүргізудің қажеттіліктері шаруашылық суъектінің келесі жағдайларында пайда болады:


  • қойылған маркетингтік және корпоративтік мақсатына жетпеген жағдайда;

  • бәсекелестік белсенділік пен бәсекелестік стратегияның тиімділігін бағалауда;

  • өсу стратегиясын жүзеге асыруды жоспарлауда;

  • инвестициялық жобалармен байланысты жаңа протфелдік стратегияны жасауда.

  • Сегменттеу мен позициялаумен байланысты функционалды стратегияны таңдауда;

  • Мақсатты нарықта маркетингтік күштің тиімділігн көтеру мақсатында маркетинг кешенін басқарудағы оңтайлы байланысты таңдауға мүмкіндік беретін, инструменталды стратегияны жүзеге асыру аудиті мен ревизиясы, бақылауын жүргізуде

Маркетингтік зерттеудегі тұтынушылар: тұтынушылық нарық,өндірістік сипаттағы тауарлар нарығы, ағымдағы сатушылар нарығы, мемлекеттік мекемелер нарығы, халықаралық нарық.

2.Тақырып: Маркетингтік зерттеудің мәні, мазмұны және ұйымдастыру

Мазмұны:Маркетингтік зерттеулерді зерттеу бағыттары, қолдану аумағы, зерттеушілік дизайні, белгіленген мақсаттардың түрлері мен зерттеулер типтері, қолданылатын ақпарат көздері, алынатын нәтежиелер сипаты, мәселені қамту аумағының дәрежесі, зерттеулер жүргізудің жиелелеге, қызығушылықтар саны, территориялық қамтылуы, зерттеулерді жүргізудің ұйымдық нысаны сияқты көрсеткіштердің жіктелуі. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу қағидалары.


Маркетингтік зерттеулердің міндеті стратегиялық және тактикалық сипатқа ие бола отырып, шаруашылық субъектінің бәсекеқабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының ықпалының дәрежесін анықтауға бағытталады. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:

  • сыртқы, маркетингтік макроортаның, тұтынушылардың, бәсекелестердің, делдалдардың, жеткізушілердің, байланыс аудиториялардың факторларын зерттеуге бағытталған;

  • ішкі, шаруашылық субъектінің ішкі ортасын зерттеуге бағытталады ( өндіріс, қаржы,ҒЗЖКЖ, маркетинг, ұйымдастырушылық құрлым және менеджмент, персонал және корпоративті мәдениет)

Объектілері мен міндеттеріне байлансыты маркетингтік зерттеудегі келесі бағыттарды бөліп көрсетуге болады: нарық, тұтынушылар, бәсекелестер, нарықтың, тауардың, бағаның, тауар қозғалысы жүйесінің, өткізуді ынталандыру мен жарнаманың, шаруашылық субъектінің ішкі ортасының фирмалық құрлымы.

Маркетингтік зерттеулер түрлері көп, және оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Пайдалану саласы бойынша оларды екіге бөлуге болады:



  1. Проблемаларды анықтау үшін маркетингтік зерттеулер, жасарын емес немесе болашақта шығатын проблемаларды анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай проблемаларды анықтау үшін мынадай маркетингтік зерттеулер жүргізіледі: нарықтың сыйымдылығы, үлесі, конъюктурасы және де басқа да көрсеткіштері; шаруашылық субъектінің имиджі мен оның тауарлары мен көрсететін қызметтері; өткізу динамикасы; болжамдық зерттеулер; іскерлік тенденциялар.

  2. маркетингтік проблемаларды анықтаудан кейін немесе оларды шешу әдістерін іздеу мақсатындағы мүмкіндіктері немесе проблеманы анықтаудан кейінгі жүргізілетін проблемаларды шешу үшін маркетингтік зерттеулер.


3.Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары.

Мазмұны:Маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары мен жалпы сипаттамасы. Маркетингтік зерттеулердің сыртық және ішкі бағыттары. Бағыттарына сәйкес маркетингтік зерттеулердің негізгі түрлері. Маркетингтік зерттеулердің міндеттері стратегиялық және тактикалық сипатта болуы мүмкін және шаруашылық субъектінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының әсер ету дәрежесін анықтауға бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:


  • сыртқы – маркетингтік макро ортаның факторларын (демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, әлеуметтік – мәдени), тұтынушыларды, бәсекелестерді, делдалдарды, жабдықтаушыларды, байланыс аудиторияларды зерттеуге бағытталған.

  • ішкі – шаруашылық субъектінің ішкі ортасын зерттейді (өндіріс, қаржы, НИОКР, маркетинг, ұйымдастырушылық құрылым мен менеджмент, персонал мен корпоративтік мәдениет).


4.Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары.

Мазмұны:Маркетингтік зерттеулерде қолданылатын көрсеткіштер жүйесі: нарық жағдайын талдау көрсеткіштері, сұраныс пен ұсынысты, тұтынушылардың тауар, қызметке талабын талдау көрсеткіштері, фирманың шаруашылық қызметін талдау көрсеткіштері және т.б


Маркетингтік зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.

Олардың негізгі мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.

Міндеті – ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету.

Осындай зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер.

Объект ретінде шаруашылық субъектінің өзі, ол қызмет жасайтын маркетингтік орта, ол бәсекелік белсенділігін көрсететін нарық, сонымен бірге тауарлық, бағалық, коммуникациялық және өткізу қызметі саласындағы онымен жүргізілетін маркетингтік тырысулар болуы мүмкін.

Маркетингтік зерттеулер басқарушылық үрдістің барлық кезеңдерінде ақпараттық – біріктіруші рөл атқарады және шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін жоспарлау, мәселелерді шешу және бақылау үшін сенімді ақпараттық база болып табылады.

Маркетингтік зертеулерді жүргізуге қажеттілік мына жағдайларда болады, егер шаруашылық субъектісі:


  • қойылған корпоративтік және маркетингтік мақсаттарға жетпесе;

  • бәсекелік стратегиялар мен бәсекелік белсенділіктің тиімділігін бағаласа;

  • өсу стратегиясын іске асыруды жоспарласа;

  • инвестициялық жобалармен байланысты жаңа портфельді стратегияларды жасаса;

  • сегментеу және позициялаумен байланысты функционалдық стратегияларды таңдаса.


5.Тақырып: Маркетингтік зерттеудегі ақпарат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет