Логика(грек. «сөз», «сөйлеу», «ойлау») – ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым; дұрыс ойлау өнері.
Материализм (лат. material - зат) – идеализмге қарсы шыға отырып, әлемнің жаратылуы мәселесінде материяны бірінші орынға қоятын философиялық бағыт. Материя санадан тәуелсіз өмір сүретін жеке субстанция. өз тіршілігінде ол өзінен басқа ештеңені қажет етпейді. Материя өзінің ішкі заңдылықтары бойынша тіршілік етеді және дамиды.
Монизм (грек. monos – бір, жалғыз) – дуализмге қарсы шыға отырып, әлем жалғыз түпнегізден (не материалдық , не рухани) жаратылған деп тұжырымдайтын философиялық концепция.
Метафизика (грек. тілінен ауд. физикадан кейін, табиғаттан жоғары тұрған) – болмыстың сезімнен жоғары тұрған бастамасы мен принциптері туралы философиялық ілім. «Метафизика» терминін философияға енгізген Аристотель еңбектерін жүйелеген Андроник Родосский (б.з.д.1 ғ.).
Онтология(грек тілінен ауд. «ontos» - болмыс және «logos» - ілім), яғни болмыс туралы ілім.
Плюрализм (лат. Pluralis – көпжақты) – дүниенің бірнеше немесе көптеген түпнегіздері, субстанциялары бар екенін жариялайтын философиялық бағыт.
Праксиология (грек. praxis - әрекет, практика) –адамзаттың тиімді әрекеттері туралы ғылым.
Софистика (грек. Sophisma – жалған ой - қорытындысы, пікірталастарда қулықпен жеңіске жету) – формальды логиканың заңдары мен принциптерін әдейілеп бұзып, жалған пікірлер мен аргументтерді дұрыс деп көрсетуге ұмтылған пікірлер, тұжырымдар немесе дәлелдер.
Синкретизм (грек. «араласқан», «бөлінбеген» деген мағына) – әлемдегі барлық тіршілік бір-бірімен тығыз байланыстылығын, бөлінбейтін бірлігін, теңділігін жариялайтын философиялық бағыт.
Субстанция (лат. Substantia – мән) – бір нәрсенің негізінде жатқан мән, оның ішкі бірлігі тұрғысынан қарастырылатын объективті шындық. Егер денелер пайда болып және жойылып кетіп жатса, ал субстанция жаратылмайды да, жойылмайды да, ол бар болғаны өз болмысының формасын ауыстырады, сол арқылы бір күйден екінші күйге ауысып отырады. Ол өзіне - өзі себеп және барлық өзгерістердің негізінде жатады.
Фанатизм (лат. -буырқанған) — қандай да бір діни немесе саяси пікірлерге құмар болу, байлану, қандай да бір идеяларды, принциптерді, нормаларды ешқандай сынамай өзіне сіңіру.
Этика (лат. Ethica – дәстүр, мінез) – өнегелілік туралы ілім.
Факт (лат. – жасалынып болған, істелінген) —Ойдан шығарылған нәрсеге қарсы қолданатындай қандай да бір шынайылықтың болуы, ғылымдар методологиясында гипотезамен және теориямен сәйкес келетін эмпирикалық білім түрі ретінде түсіндіріледі.